жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Параллель түзулер, олардың белгілері және қасиеттері"
|
Тақырыбы: |
Параллель түзулер, олардың белгілері және қасиеттері |
|||
|
Күні,айы: |
Мұғалімнің аты-жөні: Майлық Мейрлан Қалдыбайұлы |
|||
|
7 - сынып |
Сабаққа қатысқан оқушылар саны: |
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: |
||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
7.1.2.6 параллель түзулердің қасиеттерін дәлелдеу; 7.1.2.7 параллель түзулердің қасиеттерін есептер шығаруда қолдану; |
|||
|
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар: Параллель түзулердің қасиеттері тақырыбында үйренген білімді күнделікті өмірмен байланыстыра алады. |
|||
|
Оқушылардың басым бөлігі: Параллель түзулердің қасиеттерін және оларға сәйкес теоремаларды дәлелдеуді үйренеді |
||||
|
Кейбір оқушылар: Параллель түзулердің қасиеттерін және оларға сәйкес теоремаларды дәлелдеуді және есептер шығару кезінде қолдануды үйренеді |
||||
|
Сабақтың барысы |
||||
|
Сабақтың кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы (2-7 минут) Сабақтың ортасы (8-34 минут) Сабақтың соңы (35-40мин) |
(МК)Оқушылардың сабаққа дайындығы. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру. Оқушыларды «Мозайка» әдісі бойынша 3 топқа бөлу.
Тақтада ілінген ғұлама, қазақ математиктердің фотосуретінің жанына тең бөлікке бөлініп, олардың астындағы сұрақтарға жауап беру арқылы топтарының атын табады. Үй тапсырмасы Үй тапсырмасының дұрыс орындалғанын анықтап, қате орындалған жұмыстарды оқушылармен бірлесе отырып талқылау. 1. Қандай бұрыштар вертикаль бұрыштар деп аталады? 2. Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады? 3. Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады? 4. Берілген түзуде жатпайтын бір нүкте арқылы түзуге параллель неше түзу жүргізуге болады? 5. Қандай бұрыштар сыбайлас бұрыш деп аталады? 6. Қандай бұрыштар айқыш бұрыштар деп аталады? (МК,Ұ) Сәйкестендір және тұжырымын айт Жазыңқы бұрыш қосындысы 1800-қа тең Вертикаль бұрыштар өзара тең болады Сыбайлас бұрыштар өзара тең болады Ішкі тұстас бұрыштар қосындысы 1800-қа тең Сәйкес бұрыштар 1800-қа тең Постермен жұмыс Түзулердің параллельдік белгілері . І-топқа 1.Егер екі түзуді қиюшымен қиғанда ... тең болса , онда бұл түзулер параллель болады. 2.Егер қайсыбір түзу параллель екі түзудің біреуін қиса , онда ол екіншісін қиюы мүмкін бе ? 3.Параллель екі түзу мен қиюшыдан жасалған ішкі тұтас екі бұрыштың айырмасы 300 тең .Осы бұрыштар неге тең? 4.Параллель екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болатын бұрыштардың біреуі 750 –қа тең. Осы бұрыштар неге тең? ІІ-топқа 1.Егер екі түзуді қиюшымен қиғанда ... тең болса, онда бұл түзулер параллель болады. ( Параллельдіктің ІІ белгісі орындалатындай етіп, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар. ) 2.Егер параллель екі түзуге үшінші түзу параллель болса, онда үш түзу өзара параллель болуы мүмкін бе ? 3.Параллель екі түзу мен қиюшыдан жасалған ішкі айқышш екі бұрыштың қосындысы 1500-қа тең. Осы бұрыштар неге тең ? 4. Параллель екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болатын бұрыштардың біреуі 650 –қа тең. Осы бұрыштар неге тең?
III-топ 1.Егер екі түзуді қиюшымен қиғанда ... тең болса, онда бұл түзулер параллель болады. 2. Бір түзуге перпендикуляр екі түзу қиылысама? 3. Параллель екі түзуді қиюшымен қиғанда ішкі тұтас екі бұрыштың айырмасы 600 –қа тең. Осы бұрыштар неге тең? 4. Параллель екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болатын бұрыштардың біреуі 550 –қа тең. Осы бұрыштар неге тең? Топтық жұмыс 1- теорема (§8, 2-теоремаға кері теорема). Егер параллель екі түзуді үшінші түзу қиып өтсе, онда пайда болған айқыш бұрыштар тең болады. 2-теорема (§8, 3-теоремаға кері). Параллель екі түзу үшінші түзумен қиылысқанда а) ішкі тұтас бұрыштардың қосындысы 1800-қа тең; ә) сәйкес бұрыштар тең болады. 3-теорема. Сәйкес қабырғалары параллель екі бұрыш өзара тең немесе олардың қосындысы 1800-қа тең болады. Салдар. Сәйкес қабырғалары бірдей немесе қарама-қарсы бағытталған екі бұрыш тең болады. Жеке жұмыс №108. Екі параллель түзу үшінші түзумен қиылысады. Ішкі бұрыштардың бірі мен оған вертикаль бұрыштың қосындысы 2400-қа тең. Берілген бұрышқа сәйкес бұрышты табыңдар. Жауабы. 1200 №3 а және в параллель түзулері с түзуімен қиылысады. Ішкі тұстас бұрыштарды табыңдар: 2) 1 – 2 = 300; 3) 1 : 2 = 1 : 2 Жауабы: 2) 1050; 750 3) 600; 1200 №4 АВ және СД түзулері КL түзуімен О және Е нүктелерінде қиылысады. Егер КОВ бұрышы КЕС бұрышының төрттен бір бөлігін құраса және КЕС = 1440 болса, онда АВ және СД түзулерінің параллель болатынын дәлелдеңдер. Жауабы: КОВ = АОЕ себебі вертикаль бұрыштар. АОЕ + КЕС = 1800, АОЕ = 1800 – 1440 = 360, сондықтан параллель. №5 а және в параллель түзулері с түзуімен қиылысады. Ішкі тұстас бұрыштарды және ішкі тұстас бұрыштың біреуіне вертикаль бұрышты табыңдар: 1) 2 = 1/2* 1; 2) 3 + 2 = 700; 3) 3 : 1 = 2 : 3 Жауабы: 1) 600; 1200 2) 350; 350 3) 720; 1080
Деңгейлік тапсырмалар: І деңгей тапсырмалары 1. Егер а мен b және b мен с түзулері қиылысса, а мен с түзулері қиылысады деп айтуға бола ма? 2. с түзуін жүргізіп, оған тиісті емес А нүктесі белгілеңдер. Осы нүктелердің әрқайсысы арқылы с түзуіне параллель болатын түзу жүргізіңдер. Ол түзулер қалай орналасады? 3. а,b түзулері берілген. Егер а‖b болса, b‖а бола ма? Жауабын түсіндіріңдер. 4. а мен b түзулері бір нүктеде қиылысады. Олардың әрқайсысына параллель түзулер бола ма? Жауабын түсіндіріңдер. ІІ деңгей тапсырмалары 1. а.b,c түзулері берілген. а‖b, ал b мен с қиылысады. А мен с түзулерінің де қиылысатынын дәлелдеңдер. 2. Сәуле жазыңқы бұрышты 1:4 қатынасқа бөлсе, пайда болған бұрыштардың шамалары қандай? ІІІ деңгей тапсырмалары 1. а түзуі мен осы түзуге тиісті емес а нүктесі берілген. А нүктесі арқылы өтетін үш түзудің ең болмасы екеуі а түзуін қиятынын дәлелдеңдер.
Топтық жұмыс. Парталас сыныптастарыңмен үшінші деңгей есебін шығарыңдар. |
А3 парағы, маркер, арнайы сызғыштар А3 парағы, маркер, арнайы сызғыштар, кеспе қағаздары Оқулық А3 парағы, маркер, арнайы сызғыштар, кеспе қағаздары Оқулық |
||
|
«Сиқырлы ағаш» ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету. Ойынның шарты: Тақтаға ағаштың суреті ілінеді. Жемістердің сыртында бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы бір жемісті алып, ол қандай жеміс екенін, сұраққа жауап береді. Сөйтіп оқушылар ағашты жеміске толтырады. №1.AB∥CD; EF-қиюшы,
(1)
Егер ∠1=110 , ∠2 - ні тауып, себебін түсіндір. Суретте:қабырғаға орналасқан су трубасы көрсетілген. Егер AB IICE, ∠ABC=142o болса, ∠BCE - ны табыңдар? №2. Суретте:қабырғаға орналасқан су трубасы көрсетілген. Егер AB IICE, ∠ABC=142o болса, ∠BCE - ны табыңдар? Сөз жұмбақ 1. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер? 2. 8 қандай сан? 3. Нүктеден, екі сәуледен Фигура ол құрайды. Айтындаршы қанекі Қалай ғана аталады? 4. Қосуға кері амал? 5. Ұзындық өлшем бірлігі? 6. Нәрселерді санау қолданылатын сандар? 7. Геометриялық фигуралардың барлық қабырғалардың барлық қабырғаларының қосындысы не деп аталады? 8. Ортақ нүктесі бар түзулер қалай аталады? 9. Шеңберді сызатын құрал?
(Қ)Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін ,не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады. |
||||
|
|
|
|||
|
|
|
|
||
|
Қосымша ақпарат |
||||
|
Қорытындылау |
Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||
|
1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе? 2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды? |
|
|||
|
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді? 1. 2. |
||||
|
|



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген