400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Параллелограмм және ромб ауданы 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Параллелограмм және ромб ауданы тақырыбына арналған сабақ жоспары 8 сыныпта жаңа тақырыпты меңгеру үшін жазылған. Осы сыныпта беретін мұғалімдерге қажет деп ойлаймын. Жоспарда деңгейлік тапсырмалар, бағалау критерийі, дескрипторлар берілген. Бағалау критерийлердің көмегімен оқушылар сабақтың мақсатына жетеді, білімдерін шыңдайды
Материалдың қысқаша нұсқасы





Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Атаманова Б.Ж.

Сынып: 8В

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы

Параллелограмм және ромбтың ауданы

Оқыту мақсаттары

8.3.3.10 параллелограммның, ромбтың аудандарының формулаларын қорытып шығарады және қолданады;

Сабақтың мақсаттары

Ромбтың және парраллеограммның аудандарын есептер шығаруда қолданады

Бағалау критерийлері:

- Ромбтың және парраллеограммның аудандарының формулаларын біледі;

- Есептер шығаруда осы формулаларды қолданады;

- Параллелограмм мен ромбтың айырмашылығын түсінеді;

- Параллелограмм мен ромбтың ұқсастығын айта алады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Оқушылар қажетті терминдерді қолданып тұжырымдар жасайды, ережелерді қорытады.
Пәнге тән лексика мен терминология:

- шама, өлшем бірлігі;

- ауданы, ұзындығы, ені;

- периметр, жарты периметр;

- жай фигура, жазық фигура;

- тең шамалас, тең құрамдас,тең фигуралар;

- көпбұрыш ауданы;

- үшбұрыш ауданы;

- төртбұрыш ауданы;

- параллелограмм ауданы;

- квадрат ауданы;

- тіктөртбұрыш ауданы;

- ромб ауданы;

- трапеция ауданы;

- Герон формуласы.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-тең құрамды фигуралар деп ...

-тең шамалы фигуралар деп ...

-бірдей бөліктерден құрылған ...

-аудандары тең жазық фигуралар ... -үшбұрыш/квадрат/тіктөртбұрыш/параллелограмм

/ромб/трапецияның ауданын анықтау үшін ... қажет

- үшбұрыш ауданын есептеу үшін ... қажет

- ...формуланы қолдану үшін ..... қажет.

- егер квадраттың қабырғасын k есе қысқартса, онда ауданы … .

Құндылықтарды

дарыту (Жаһандық азаматтықтың негізгі элементтері

Математикалық тілде сөйлеу, топта жұмыс жасау, талдау және салыстыра білу дағдыларын қалыптастыру.

*Ж.А білу және түсіну: тұрақты даму, әлеуметтік әділеттілік және теңдік

*Ж.А құндылықтары: әлемдегі және қоршаған ортадағы жағдайларды жақсартуға белсенді қатысуға шешім қабылдау

*Ж.А.дағдылары: өзінің айналасындағыларға ашық, әділ қарым –қатынас және олардың құқықтарын құрметтеу

Пәнаралық байланыс

  • Информатика, сызу

Негізгі дағдылар

АКТ қолдану дағдылары:

Интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдану, интернет ресурстар  

Ойлау дағдылары:  Практикалық жұмыс орындай отыра ойлау қабілеттерін дамыту.

Алдыңғы білім


Оқушылар келесі ұғымдарды және қасиеттерді біледі:

Төртбұрыш, тіктөртбұрыш, ромб және параллелограмм ұғымы

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-шаралар

Дереккөздер

Басы 10 минут




































Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды Random немесе https://castlots.org/razdelit-na-gruppy/ сайты арқылы 2 топқа бөлу.


Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Топпен жұмыс

Практикалық жұмыс №1 ұсынамын.

Кез кезген параллелограммның картон моделін таратамын. Қиылған фигуралардан тіктөртбұрыш кейін параллелограмм құрастыруын сұраймын.

Сұрақтар қоямын: /Алдыңғы білімдерін қолдану: көпбұрыштың ауданы, тең құрамдас, тең шамалас фигуралар/

1) Параллелограмм мен тіктөртбұрыш тең шамалас бола ма? Неге?

2) Табан ұзындығы өзгерді ме? Оны а деп белгілеңдер.

3) Тіктөртбұрыштың ені параллелограмм үшін не болады (параллелограмм биіктігі)? Оны h деп белгілеңдер.

4) Тіктөртбұрыштың ауданын табыңдар.

5) Параллелограмм ауданы туралы қорытынды жасаңдар. Алынған формуланы жазыңдар. Қандай тұжырым жасауға болады?


Практикалық жұмыс №2 жүргіземін.

Кез кезген ромбтың картон моделін таратамын,

Қиылған фигуралардан тіктөртбұрыш кейін ромб құрастыруын сұраймын.

Ромбтың ауданы туралы қорытынды жасатамын.

Мұғалім әрекеті:

-Сонымен, балалар біз қандай фигураларды қарастырдық?

-Қалай ойлайсыздар сабақтың мақсаты қандай?

-Бағалау критерийлерін қалай құрастырар едіңіздер?

Оқушылар ұсыныс жасайды, қажет жағдайда мұғалім бағыттайды.

Мұғалім күтілетін нәтижені қорытындылайды.


Random немесе https://castlots.org/razdelit-na-gruppy/







Фигуралар, постер




























Сабақ ортасы

20 минут




































































6 минут






































Сабақ соңы

4 минут

Білім бекіту:

Жұппен жұмыс

1. Параллелограммның табаны a=15см, h=12см, S-?

Жеке орындап, жұппен салыстырады, талдайды, кері байланыс береді.


2. Параллеограмм қабырғалары 14см және 10см, ал бір бұрышы 150°-қа тең. Параллелограмның ауданын табыңыз.

Жұппен талқылап шығарады, есепке оқушылар өздігінен дескриптор құрастырады, бағалайды. Есептің деңгейін анықтайды.


Деңгейлік тапсырмалар

А деңгейі


1. Ромбтың диагональдары 3,2см және 14см-ге тең. Ромбтың ауданын табыңыз.

Дескриптор:

- сызбаны салады

- ромб ауданының формуласын қолданады

- дұрыс есептейді


2. Параллелограммның табаны a=12см, биіктігі h=8см, параллелограмм ауданын табыңыз.

Дескриптор:

- сызбаны салады

- параллелограмм ауданының формуласын қолданады

- дұрыс есептейді


В деңгейі

1. Ромбтың ауданы 22 см2, ал биіктігі -  5,5 см болса, қабырғасын табыңыз.

Дескриптор:

- сызбаны салады

- ромб ауданының формуласын қолданады

- қабырғаны табу формуласын қорытып шығарады

- дұрыс есептейді


2. Параллеограмм қабырғалары 12см және 8см, ал бір бұрышы 150°-қа тең. Параллелограмның ауданын табыңыз.

Дескриптор:

- сызбаны салады

- сүйір бұрышын анықтайды

- параллелограмм ауданының формуласын қолданады

- дұрыс есептейді


С деңгейі

1. Ромб диагональдары 2: 3 қатынасындай, ал олардың қосындысы 25 см. ромб ауданын табыңыз.

Дескриптор:

- сызбаны салады

- теңдеу құрастырады

- диагональ ұзындықтарын табады

- ромб ауданының формуласын қолданады

- дұрыс есептейді



Зерек, дарынды оқушылар қажет жағдайда қосымша тапсырмалар орындайды:

Қосымша есеп

1. Ромбтың ауданы 18 см2, ал биіктігі 4,5 см болса, қабырғасын табыңыз.

2. Ромб диагональдарының бірі екіншісінен 1,5 есе үлкен, ал оның ауданы 27см2. Ромбының диагональдарын табыңдар.

3.Параллелограмм бұрыштарының біреуі 30, ал оның қабырғаларының біреуі 10 см, периметрі 56 см-ге тең. Параллелограмм ауданын табыңдар.



Қорытындылау:

Тест

1)      Қарама-қарсы қабырғалары қос-қостан параллель болатын төртбұрыш …………….деп аталады

А) трапеция

В) квадрат

С) параллелограмм

Д) тік төртбұрыш

 2) Егер параллелограмның диагональдары тең болса, онда ол параллелограмм ………….болады

А) тіктөртбұрыш

В) трапеция

С) ромб

3) Ромбтың бір бұрышы 135о. . Іргелес бұрыштың градустық шамасын табыңдар.

А) 135о

В) 45о

С) 55о

4) Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш …………….деп аталады.

А) трапеция

В) ромб

С) квадрат

Д) параллелограмм

5. Егер төртбұрыштың диагональдары қиылысып, қиылысу нүктесінде тең екіге бөлінсе, онда ол төртбұрыш …………..деп аталады.

А) квадрат

В) ромб

С) параллелограмм

6) Ромбтың бір бұрышы 125о.. Іргелес бұрыштың градустық шамасын табыңдар.

А) 135о

В) 45о

С) 55о

Жауабы: 1) С; 2) А; 3)В; 4) С; 5) С; 6)С.

Оқушылар өзін-өзі бағалайды, тақтаға ұпайларын жазады, мұғалім кері байланыс береді. Күтілетін нәтижеге бағалау критерийлері бойынша барлық сынып мақсатқа жету дағдысына тоқталады.



Оқушылар стикерге кері байланыс жазады

2 жұлдыз, 1 тілек


Кеспе


ШыныбековГеометрия 8сынып


Әбілқасымова, Геометрия 8сынып




























































Слайд















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
18 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
4415
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі