Материалдар / Ашық сабақ: "Паравоз" кіші топ

Ашық сабақ: "Паравоз" кіші топ

Материал туралы қысқаша түсінік
"Паравоз" кіші топқа апрналған оқу жоспары, балаларға Қ Мырзалиевтің Паровоз өлеңі үзіндісімен таныстыруда паровоз көлігінің дыбысын айтқызып дыбыстық тіл мəдениетін қалыптастыру шығарма мазмұнын түсініп сұрақтарға қарапайым жауаптар қайтаруға машықтау тілін ой өрісін қабылдау қабілетін есте сақтауын дамыту көркем сөзге деген қызығушылықтарын ояту ізгілік ережелеріне тəрбиелеу.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ұйымдасырылған оқу қызметінің конспектісі

Тәрбиеші: Мерейбек Ақмарал

Күні:08.11.2021

Білім беру саласы:Қатынас

Сөйлеуді дамыту

«Паровоз»

Мақсаты: балаларға Қ Мырзалиевтің Паровоз өлеңі үзіндісімен таныстыруда паровоз көлігінің дыбысын айтқызып дыбыстық тіл мəдениетін қалыптастыру шығарма мазмұнын түсініп сұрақтарға қарапайым жауаптар қайтаруға машықтау тілін ой өрісін қабылдау қабілетін есте сақтауын дамыту көркем сөзге деген қызығушылықтарын ояту ізгілік ережелеріне тəрбиелеу.

Іс – әрекет

Кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті


Мотивациялық-

Қозғаушылық

Сәлемдесу шеңбері. - Біз көңілді баламыз, 1 Саяхатқа шығамыз. Күтіп тұр бізді орман, Шалғай теңіз, көк аспан. Орындарына отырғызу




Ұйымдастыру– іздестіру

Паровоздың табиғат аясында темір жолмен жүруі. - Балалар, бұл паровоз. Паровоз – ол көлік. Паровоз темір жолмен жүреді. Ууу.., ууу.., ууу... Қайталайық. Жарайсыңдар, балалар. - Паровоз неше түрлі дыбыс шығарады екен.Өлеңді мәнерлеп оқу. Қадыр Мырзалиев. "Паровоз".- Балалар бүгін біз Қадыр Мырзалиевтің "Паровоз" тақпағын оқимыз. Мұқият тыңдаңдар. - Пыс-пыс дейді тымау тиіп қалғандай, Май-май киім терден сығып алғайдай. Көктеп өтті Көк тоғайлы даламды, (пауза) (тоғайлы дала суреті, карточкасы) Көктеп өтті Кейде тақыр алаңды. (пауза) (жазық дала суреті, карточкасы) Көктеп өтті Аскар-аскар тауларды. (пауза) (таулы дала суреті, карточкасы) Көктеп өтті Піскен бақша-бауларды. (пауза) (бау-бақшасы бар дала суреті, карточкасы) Пыс-пыс! - деді, Уһ-уһ! - деді Бір кезде. Пыш-пыш! - деді, Уф-уф! - деді Бір кезде. Тақы-түкі, Тақы-түкі, Тез өт! - деп, Тоқтамайды дөңгелектер безектеп. Өлең мазмұны бойынша әңгімелесу - Балалар, мен қандай көлік туралы тақпақ оқып бердім? Иә, паровоз. Қайталайық. Жарайсыңдар. - Паровоз қалай дыбыстайды? - Иә, "пыс-пыс" - дейді. Қайтала. - Иә, "уһ-уһ" - дейді. Қайтала. - Тағы да қалай? Дұрыс. "Пыш-пыш" - дейді. "Уф-уф" - дейді. - "Тақы-түкі, тақы-түкі"... Қайтала.Сергіту сәті. "Паровоз"жаттығуы (Педагог қимылдарды балалармен бірге қайталайды).Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін Бір бағанға тұрып паровоз қимылына еліктеу, ырғақ пен мәтінге сай қозғалу. "Суреттерді вагондарға жинайық" жаттығуы. Педагог балаларға үлестермелі сурет-карточкаларды үлестіреді. Сурет-карточкалар:  доп, пирамида, сәбіз, кубик; алма, паровоз, алмұрт, банан; машина, алма, ұшақ, паровоз. - Балалар, қолдарыңда суреттер бар. Барлығымыз кезекпен айтайықшы. Кімде қандай сурет бар? Балалар: "Менде доп (пирамида, сәбіз, кубик; алма, паровоз, алмұрт, банан; машина, алма, ұшақ, паровоз) бар", - деп, жауаптар қайтарады. - Жарасыңдар, тамаша. - Ал енді мына карточкаларды вагондарға жинайықшы. - Бірақ мұқиятты болыңдар: ойыншықтарды бір вагонға жинаймыз, жемістерді - екінші вагонға, көліктерді тағы бір вагонға. - Қанекей, бастайық! Педагог суреттерді үстел беттеріне, болмаса панноға үш қатарға, болмаса кілем үстіне де жинату мүмкін. "Вагондар" жиналған кезде, педагог балалармен бірге вагондарды атайды: "ойыншықтар", "жемістер", "көліктер". - Міне, қандай вагондарымыз жиналыпты. Жарайсыңдар, балалар!"Торғайлар мен автомобиль" қозғалмалы ойыны. - Балалар, мен машина рөлін ұстап жүремін, себебі мен машинамын. Ал сендер торғайсыңдар (маскалар кигізіледі). Торғайлар қайтіп қимылдайды? Көрсетіңдерші. Дұрыс. Сендер алаңға ұшып келіп, бидай шоқып отырасыңдар. Ал егер "Абайлаңдар! Машина!" деген дауысты естісеңдер, "ұшып" орындарыңа қайтасыңдар. Егер "Торғайлар, ұшыңдар!" десем, алаңға қайта оралып, "ұшыпқонып", "дән шоқып" жүресіңдер (Ойын бір рет өткізіледі). Бір, екі, ойынды бастаймыз! Міне, қалай ойнадық! Біз не істедік? Дұрыс, біз ойнадық



Рефлексивті– түзетушілік

Балалардың белсенді қатысқандары үшін мақтау және оқу қызметін пысықтау. - Балалар, біз бүгін қандай тақпақ оқыдық? Паровоз туралы. - Паровоз қалай дыбыстайды? - Иә, "пыс-пыс" - дейді. Қайтала. - Иә, "уһ-уһ" - дейді. Қайтала. - Тағы да қалай? Дұрыс. "Пыш-пыш" - дейді. "Уф-уф" - дейді. - "Тақы-түкі, тақы-түкі"... Қайтала. - Жарайсыңдар, балалар! Оқу қызметі аяқталды, сау болыңдар!











Жариялаған:
Мерейбек Ақмарал
22 Қараша 2021
574
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі