400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Парсы патшалығы" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға сабақ жоспары топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ежелгі дүние тарихы

6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Парсы патшалығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ежелгі парсы тайпалары және олар құрған патшалық туралы, Кирдің Парсы тайпаларының одағын күшейткенін, оның басқару жүйесін жетілдіргені туралы мағлұмат беру.


Дамытушылық: Дүниежүзі елдері тарихын білуге деген қызығушылығын тудыру, өз бетінше ізденіп оқуға бағыттау, қосымша білімдер беру.


Тәрбиелік: Елін, жерін сүюге, оны қорғауға – патриоттық тәрбие беру.


Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.


Сабақтың әдіс – тәсілдері: Әңгіме, баяндау, сұрақ – жауап, тестілеу.


Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карта.


I. Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, сабаққа назарларын аудару;

б) Үй тапсырмасын сұрау.


§9. Ежелгі Финикия мен Палестина.


Кіріспе сөз.

Сәлеметсіздерме! Құрметті ұстаздар, оқушылар! Біздің бүгінгі ашық сабағымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі ашық сабағымызға арқау болған тақырып – Ежелгі Парсы патшалығы. Балалар жаңа тақырыпқа кіріспей тұрып, үй тапсырмасын қорытындылап жіберейік. Қане кім айтады үйге қандай тапсырма берілді?


II. Үйге берілген тапсырманы тексеру. «Миға шабуыл» әдісі.


1. Финикия мен Палестинаның табиғат жағдайлары қандай?

2. Финикия неге қала – мемлекеттер деп аталады? Олардың даму ерекшеліктері қандай?

3. Израил – иудей мемлекеті туралы не білесіңдер?

4. Сүлеймен патша кезінде қандай өзгерістер жасалды?

5. Финикиялық алфавит қалай пайда болған?

6. Финикиялықтар мен еврейлердің діни көзқарастарының айырмашылығы неде?


Сабаққа жақсы дайындалып келіпсіңдер, рахмет.


III. Жаңа сабаққа түсу.


- Енді, оқулықты жауып, дәптерлеріңді ашып қойыңдар.

- Балалар, бүгінгі сабағымызды Қазақстан тарихымен байланыстыра отырып,

кішкене еске түсірейік.


1. Сақ тайпаларының патшайымы кім еді? Томирис.

Ол нешінші жылдар аралығында өмір сүрген? б.з.б. 570-520 ж.

2. Ол кімдерге қарсы күресіп еді?

Парсыларға қарсы, парсы патшасы Кирге қарсы күресті.

- Дұрыс айтасыңдар.

- Ал бүгінгі сабағымызда осы ежелгі парсы патшалығы туралы, оның билеушісі,

ішкі - сыртқы саясаттары және жауынгерлік жорықтары туралы әңгімелейміз.


IV. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың жоспары:


1. Парсы патшалығының құрылуы.

а) Кир патша;

ә) Камбиз патша.


2. I Дарий, оның ішкі және сыртқы саясаты.

3. Заратуштра ілімі.


Жаңа сабақ бойынша жұмыс.


1. Парсы патшалығының құрылуы баяндалады.

2. Кирдің жаулаушылық саясаты түсіндіріледі.

Оқулықтағы «Ежелгі парсы патшалығы» картасымен жұмыс.

3. Парсы патшасы I Дарий туралы тірек – сызба арқылы баяндалады.

(Өз жерлерін шапқыншылықтан құтқару үшін Шырақтың жасаған ерлігіне тоқталып кету. Ал сендер өз елдерің үшін осындай ерлік жасауға дайынсындар ма? – деп ой тастап кету).

4. Парсылардың ең көрнекті әдеби мұрасы – «Авеста» тірек – сызба арқылы баяндалады.


Иран үстіртінің оңтүстігінде, Вавилонның оңтүстік – шығысында парсы тайпалары өмір сүрген. Олар сыртқы жауларға қарсы күрестің барысында бірігіп, тайпалар одағын құрды. Парсы тайпалары одағын Ахемен деп аталған рудан шыққан көсемдер басқарды. Солардың ішінде Кир есімді қабілетті көсем болды. Кейбір аңыз бойынша, оны кішкентай кезінде бір ерекше аң емізіп асырапты. Одан соң мал бағып жүрген малшы тауып алып, тәрбиелеп өсіріпті. Сөйтіп, құдіретті аң сүтінен нәр алып, өзі де қасиетті болып өсіпті. Кир парсы тайпаларының одағын күшейтті, оның басқару жүйесін жетілдірді. Содан соң өзін парсылардың патшасымын деп жариялады.

Вавилонның солтүстік – шығысында Мидия мемлекеті пайда болған. Ассирия мемлекетінің әлсіреуі мидиялықтардың күшеюіне мүмкіндік берді. Мидиялықтар Вавилонмен одақтаса отырып, әлсіреген Ассирия мемлекетін талқандайды, оңтүстігіндегі парсыларға да өктемдігін жүргізеді. Бірақ Мидияның Вавилонмен достық қатынасы ұзаққа бармады. Екеуінің арасындағы келіспеушілік қанды соғысқа ұласты. Мидияның патшасы Астиаг пен Вавилон билеушісі Набонид соғысып жатқан кезде Кир парсыларды мидиялықтарға қарсы көтерді. Кир Мидия патшасы Астиагты оңай жеңді.

Вавилонның өз ішінде алауыздықтар басталған болатын. Әсіресе, абыздар мен саудагерлер елдегі жиі болып жатқан көтерілістерге, патша билігінің әлсіздігіне наразы болды. Оны білетін Кир өзін Вавилон дінінің, мәдениетінің қамқоршысы боламын, елде тыныштық орнатамын деп айтады. Сондықтан Кирді Вавилондық абыздар мен саудагерлер қолдады. Кир оларға арқа сүйеп, барлық әскерін бастап Вавилонға басып кірді.

Вавилонды парсы патшалығына қосып алды.

Бұдан соң Кир Орта Азиядағы сақ тайпаларының жерін өзіне қаратуға ұмтылды. Бірақ оның сақтарға қарсы жорығы сәтсіздікпен аяқталды. Сақтарға қарсы жорығында парсылар талқандалып, Кирдің өзі де қаза табады.

Кирдің орнына ұлы Камбиз патша болады. Ол Египетке жорық жасап, Египетті бағындырады. Сөйтіп, шығысы Орта Азияға, батысы Жерорта теңізі мен Египетке дейінгі аралықты алып жатқан ірі Парсы патшалығы құрылды. Камбиз Египеттен қайтып келе жатқанда қайтыс болды. Бағындырылған халықтар парсы өктемдігіне қарсы көтеріліске шықты.

Парсы патшасының тағына б.з.б. 522 жылы I Дарий отырды. Оның билігінің алғашқы жылдары көтерілістерді басумен өтті. Көтерілістерді басып, тағына мықтап отырғаннан кейін I Дарий мемлекетті басқару жүйесіне өзгерістер енгізді. Алдымен елді 20 аймаққа бөлді. Әрбір аймақты патша тағайындаған Хакімдер басқарды. Аймақтар белгілі көлемде патша қазынасына салық төлеп отырды. Әрбір аймақта әскери бөлімдер тұрды. Әскери бөлімдерді патша тағайындайтын әскербасылар басқарды. Әскербасылар аймақ хакімдеріне емес, тікелей патшаға бағынды. Сондықтан әскербасылар аймақ хакімдерінің үстінен шағым айта алды. Аймақ хакімдері де әскербасылардың үстінен патшаға шағымдануға қақылы болды. Барлық билік патшаның қолында болды.

I Дарий енгізген үлкен жаңалықтың бірі таза алтын теңге шығартуы болды. Ол дарик деп аталды. Оны парсы мемлекеті ғана емес, көптеген басқа елдерде құнды ақша ретінде пайдаланды.

Елдегі сауданың дамуы, аймақтар арасындағы байланыстың нығаюы үшін үлкен жол салынды. Ол жол Сарды қаласынан басталып, Сузы қалаларына дейін созылды. Жол бойындағы әрбір 20 километр жерге бекеттер мен керуен сарайлар орнатылды. Оларда хат тасушылар аттарымен, хабарды келесі бекеттегілерге жеткізуге дайын тұрды. Осы жол арқылы патша жарлықтары басқа аймақтарға тез жеткізіліп отырды.

Бұл жолды сол себепті патша жолы деп атады.



Б.з.б. 518 жылы I Дарий сақтарға қарсы жорықты өзі бастап шықты.

I Дарийдың сақтарға қарсы жорығы сәтсіздікпен аяқталды, сақтар жеңілмеді.

Соғыс кезінде Шырақ өз елі үшін өшпес ерлік жасаған. Ержүрек, қайсар сақ малшысы Шырақ парсылардың алдынан шығып, өзінің көрген қорлығына шағынады. Енді кек алуды ойлайтынын айтып парсыларды сендіреді. Үсті - басы қан, құлақ – мұрны кесілген жігітке парсылар сеніп қалады. Сақ әскерін тауып беруге уәде берген Шырақ өзінің қулығын асырады. Шөл далада парсы әскерін түгел адастырып, қырғынға ұшыратады. Дарий өзі әзер қашып құтылып шығады.



Заратуштрай ілімі.

Парсы халықтарының ең көрнекті әдеби шығармасы – «Авеста».

Бұл шығармада уағыздалатын діни ілімді Заратуштра ілімі деп атады. Ол ілімнің мәні жақсылық пен қайырымдылық құдайы Ахурамазда мен жамандық пен қатыгездік құдайы Анхра Манью арасындағы күрес.

Басты құдай Ахурамазда жарық пен жақсылық жасаушы. Үй жануарлары мен өсімдіктердің қамқоршысы. Ахурамаздаға сиынатындар мал өсіруге, жер шаруашылығымен айналысуға міндетті. Жыртқыш аңдарды жойып жамандықты болдырмауға тиісті.

Ал Анхра Манью жабайы аңдар мен жыртқыштардың қамқоршысы. Бейбіт өмір сүріп, еркін еңбекпен айналысушы адамдарға жамандық жасап, қиындық тудырып отырады.

Ахурамазда мен Анхра Маньюдің арасындағы күрес мыңдаған жылға созылды. Ақыры қайырымдылық құдайы Ахурамазда жеңіске жетті.

Заратуштра ілімі бойынша өлген адамның денесін жерге көмуге де, отқа жағуға да рұқсат етілмеді. Өлі дене жерді де, отты да ластайды. Өлгендердің денесін жабайы құстарға тастау керек деп есептеді.

I Дарийдың кезінен бастап Ахурамаздаға сиыну кең тарады. I Дарий – оны – жерді, аспанды, адамдарды жаратушы, өзімді патшалардың патшасы жасаушы қасиетті құдай деп жариялады. Сөйтіп, Ахурамазда бас құдай, аспан патшасы, жер патшасы I Дарийдың қамқоршысы деп есептелінді.

- Міне, балалар, бүгінгі Парсы патшалығы туралы әңгімеміз осындай.

- Түсіндіңдер ме? Сұрақ бар ма?


Хронологиялық жұмыс.


- Дәптерлеріңе мына даталарды жазып алыңдар.

1. Б.з.б. 522 жылы – I Дарий парсы патшасы болды.

2. Б.з.б. 518 жылы – I Дарий сақтарға қарсы жорыққа шықты.


Сөздік жұмыс.


1. «Авеста» - парсылардың ең көрнекі әдеби шығармасы.

2. «Дарик» - алтын теңге.

3. Заратуштра – діни ілім.


V. Бекіту сұрақтары:


- Сонымен, балалар, Парсы патшалығы туралы не білдік?

1. Ежелгі парсылар қандай жерлерді мекендеген? (Картадан көрсету).

2. Парсыларды қандай ру көсемдері басқарды? (Ахемен).

3. Парсы патшалығы қалай құрылды?

4. Камбиз патша қай елді бағындырды?

5. I Дарий қай жылы таққа отырды?

6. I Дарий елді басқару жүйесіне қандай өзгерістер енгізді?

(I Дарий елді 20 аймаққа бөлді).

7. «Дарик» деген не?

8. «Патша жолы» деген қандай жол?

9. I Дарийдың Орта Азияға жорығы неге сәтсіз аяқталды?

(Сақтардың қарсылығына тап болды).

10. «Авеста» деген не?

«Авеста» - парсылардың ең көрнекі әдеби шығармасы.

11. «Заратуштра ілімі» деген қандай ілім? (Діни ілім).



Мұғалімнің қорытынды сөзі:


Құрметті оқушылар, еліміздің мәртебесін биікке көтеріп, бойымызды тек білім нәрімен сусындатайық.

Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, Сіздерге көп алғыс айтамын.


Назар қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!


VII. Оқушылардың білімін бағалау.


VIII. Үйге тапсырма: § 10, 68 – 75 бетті оқу, Томирис және Шырақтың ерлігі туралы

қосымша материалдар ізденіп реферат жазу және әңгімеге дайындалу.

5


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
1705
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі