400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Парыз - тәртіптен басталады" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне көмегі тиеді деген ойдамын. Ашық сабақ өз дәрежесінде өтті. Сабақ қатысқан мұғалімдерге де, оқушыларға да жақсы ұнады. Менің сабақта алға қойған міндеттерім: оқушыларға тәртіп пен парыз туралы түсінік беру; өзін тәртіпті ұстауға қызығушылықтарын, сенімділіктерін арттыру; ізгілікке, бірін – бірі сыйлауға тәртіпті жүруге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: № 51 мектеп-гимназия

Сабақтың реті № 14

Тақырып: Парыз- тәртіптен басталады

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Тәртіп, адамгершілік.

Мұғалiм: Жолдыбекова Р.А.

Сынып: 7

Сабақтың мақсаты: «Тәртіп» пен «парыз» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Тәртіпті болу,адамдарға риясыз қызмет ету;
Міндеттері:

- Оқушыларға тәртіп пен парыз туралы түсінік беру;
- Өзін тәртіпті ұстауға қызығушылықтарын, сенімділіктерін арттыру;
- Ізгілікке, бірін – бірі сыйлауға тәртіпті жүруге тәрбиелеу;

Ресурстар:/құрал,

мәліметтер/ Оқулық,дәптер,дәйек-сөз,слайд,А-3 қағазы,маркерлер.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.Сәлемдесу.Түгендеу.

5 «Т» ережесі. Әр түрлі пішіндер арқылы топқа бөлемін.

Жағымды хал-ахуал қалыптастыру.

Әр елдің амандасу салтымен сәлемдесу.

-қазақ

-орыс

-ағылшын

-корей

- ежелгі тибет



2. Үй тапсырмасын тексеру.

53 беттегі Ә.Қайдардың «Ғылымдағы ғұмыр»

әңгімесін оқып келу.

Қызығушылықты ояту.


1.Автор неліктен «өмірдің мәні адамдардың бір-біріне көмегінен,ықылас-ниетінен,істеген жақсылықтарынан құралады» дейді?

2.«Парыз» дегеніміз не? Ол адамға не үшін керек?

3.Парызды өтеудің ерте-кеші барма? Неліктен?




Сабақ барысын талқылау:

Оқушылар сұрақтарға «Серпілген сауал» әдісі арқылы жауап береді.

3.Дәйек сөз. Мағынаны тану.


«Жақсы тәртіп көрсе бала күнінде,үлгісімен қуантады түбінде»

Жүсіп Баласағұни

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?



Оқушылар 2 рет қайталап айтады,мағынасын талдайды.

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.


4. Әңгімелеу (сұхбат).Мұғалім сыйы.

Адамгершілік парыз. Адам баласы алдында талай ұлы парыздар бар. Соның бірі – жақсылық жасауға ұмтылу. Кейде өмірде жасаған жақсылығым кері қайтпады деп налитын жандар да кездеседі. Осы орайда, ой саларлық ескіден келе жатқан екі достың әңгімесіне кезек береміз.


Кезінде талай адамға жақсылық істеп едім. Не керек, соның бірде-бірінен  қайыр-жақсылығымның қарызы қайтпады,- деп налыған бір адамға досы отырып: - Онда  өкінетін ештемең жоқ екен достым. Өйткені, біреуге қылған қайыр-жақсылық әлдебір алаяқ саудагердің несиеге беретін қарызы емес, адамгершіліктің парызы ғой,- депті.

Досының бұл сөзінен ұялған әлгі адам содан былай өзгеге істеген жақсылығы жайында  жұмған аузын ашпайтын болыпты.

Ой қозғау.

-Балалар осы әңгімеден не ой түйдіңдер?

-Адамгершілік парыз дегеніміз не? Қалай түсінесіңдер?

-Осы әңгімедегі қарыз бен парыздың айырмашылығы неде?



Оқушылардың пікірі тыңдалады.

Сергіту сәті.

Әрқашан күн сөнбесін.

Жан досым.

Самая вышка.

Жүрегіңнен бір орын бер.


Әр топтың өзіне бөлінген әндерді бір уақытта орындау арқылы көңіл-күйлерін көтеру.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

4 топқа тапсырмалар беріледі:

1-топ Парыздың түрлерін жазу.Энерджайзер әдісі

2-топ «Ата-ана алдындағы перзенттік парыз» Сахналау.

3-топ « Отан алдындағы азаматтық парызың»

сурет салу.

4-топ «Ұстаз алдындағы шәкірттік парыз » тақырыбына өлең шығару.

Қорытынды.

Парыз- төлемді,өтемді қажет етпейтін,бірақ әркімнің өзі біліп атқаратын қасиетті борышы.

Тәртіп- бір нәрсенің реті, жөн-жобасы, жеке адамның мінез-құлқы.

Оқушылар постер қорғау арқылы парыз бен тәртіптің мәнін түсінеді.

  1. Топпен ән айту.

Ата-ана парызы. Әні:Ә.Темірхановтікі.

Сөзі:С.Исақаевтікі.


Оқушылар үн таспаға қосылып айтады.

7.Соңғы тыныштық сәті.Балалар,бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарың үшін алғысымды айтамын,

Сабақтан үйренген дұрыс-әрекет құндылығын жүрек түкпірінде сақтап,өмірде пайдалана біліңіздер.

Рефлексия.Оқушылар кері байланыс жасау арқылы өтілген сабақ туралы пікірлерін айтады.


8. Үй тапсырмасы.

58 беттегі Ыбырай Жақаевтың

«Кезек сенікі, келер ұрпақ...» мәтінін оқып келуді тапсырамын.


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24.03.2019
1660
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі