400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Ашық сабақ. Паскаль тілінің негізгі элементтері. 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

А сқарова Гүлфайруз Асқарқызы

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Сарысай негізгі орта мектебінің

Физика-информатика пәні мұғалімі

Күні: 11.10.2018

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Паскаль тілінің негізгі элементтері.

Сабақтың мақсаты: Паскаль тілінің негізгі элементтері туралы мағлұмат беру арқылы топпен түсініп оқуға жаттықтығады, байланыстырып , программалар құруға дағдылана отырып үйренеді.

Қолданылатын әдіс-тәсілдері: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту.

Ресурстар: Постер, түсті қағаз, маркерлер, стикерлер, қосымша дерек көздері, суреттер.

Әдіс тәсілдер:

  • Миға шабуыл;

  • баяндау;

  • мәліметті толықтыру;

  • топтық жұмыс;

  • «Сэнквейн» әдісі бес жолды өлең.

Сабақ жоспары:

І.Ұйымдастыру.

Топқа бөлу. Әр топтан спикер(көшбасшы) сайлау.



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақтар интерактивті тақтада бейнеленеді.

Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтары:

Компьютерге арналған есеп шығару алгоритмін жазу үшін пайдаланылатын жасанды тіл: (Программалау тілі)

Программалау тілінде жазылған алгоритм__________(программа), ал алгоритмді жазу процесі_________(программалау) деп

аталады

Паскаль тілін қай жылы ұсынған? (1970)

Паскаль тілін ұсынған профессор ? (Никалаус Вирт)

Паскаль тілі ____ коорпорациясының негізінде пайда болды (Borland)

Паскаль тілінің мүмкіндіктері: (күрделі есептерді шығару, графикалық және дыбыстық мүмкіндіктері бар)


ІІІ.Жаңа тақырып.

Жаңа тақырыпқа байланысты видеоролик көрсетіледі.

Паскаль тілін 1968 — 1971 жылдары Швейцария ғалымы Никлаус Вирт оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған.

Паскаль тілінің:

—          Қарапайым;

—          жұмыс жасауға тиімді;

—          Барлық ДК осы тілде жұмыс істей алады;

—          Компьютерде программаны тексеруге болады;

—          Жіберілген қатені түзету оңай.

Паскаль тіліндегі программа үш бөліктен тұрады:

  • Тақырып

  • Сипаттау бөлімі

  • Операторлар бөлімі

Тіл ерекшеліктеріне  қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:

  • атаулар (идентификатор);

  • цифрлар;

  • айыру белгілері;

  • арнайы символдар.


«Кім жылдам?» (8 балл)

Тапсырмалар тарату арқылы тақырыпты түсінеді топпен жұмыс жасайды.

Дәптермен жұмыс.

«Синквейн» әдісі

« Паскаль тілінің негізгі элементтері» тақырыбына бес жолды өлең құрастырады.

Әр топтан бір оқушы өлеңді оқиды.


Топтық жұмыс: «Паскаль программалау тілінің негізгі элементтері» атты тақырыпта конвертке салынып берілген сұрақтар бойынша посттер құрастырып, қорғау

(10 балл)

Әр топ өзі посттер құрастырып, қорғайды, екінші топқа түсіндіреді.


Математикалық есептерді Паскаль тілінде өрнектеу.

Әр топтан бір-бірден оқушы тақтаға шығып, орындайды.


Ой толғаныс.

Бағалау.

Үйге тапсырма. Паскаль тілінің негізгі элементтері оқу, Паскаль программасымен танысу.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
415
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі