400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ашық сабақ "Пирамида және оның элементтері. Дұрыс пирамида" 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ 11 -сынып оқушыларына "Пирамида және оның элементтері. Дұрыс пирамида" тақырыбында өткізілді. Әртүрлі әдіс-тәсілдер пайдаланылды. PISA тапсырмасы да қамтылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Бекітемін:

Мұғалімнің аты-жөні:

Абдурашидова Малика

Пән/Сынып:

11 сынып, геометрия

Күні:

14.10.2022

Бөлім атауы:

Көпжақтар

Сабақтың тақырыбы:

Пирамида және оның элементтері. Дұрыс пирамида

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

11.1.4- пирамида анықтамасын, оның элементтерін, пирамида түрлерін білу, оларды жазықтықта кескіндей алу;

Сабақтың мақсаты

-пирамиданың анықтамасын, оның элементтерін, пирамида түрлерін білу; оларды жазықтықта кескіндей алу;

-пирамида төбесінің табан жазықтығына проекциясының орналасуын анықтау;

-көпжақтардың элементтерін табуға есептер шығару;

Сабақ барысы

Уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру, өзін-өзі тексеру

5 минут


Амандасу, түгелдеу.

Оқушыларды «Мозайка» әдісі арқылы топқа біріктіремін.

Үй жұмысын тексеру. Тест тапсырмасы

1. Дұрыс төртбұрышты призманың табанының ауданы 144, ал биіктігі 14-ке тең. Осы призманың диагоналін тап.
А) 20 B) 21 C) 22 D) 23 E) 24

2. Дұрыс үшбұрышты призманың табан қабырғасы 12см. Бүйір жағының диагоналі 13см-ге тең болса, призма биіктігін табыңыз?

А) 6см В)12см С)5см D)4см E)8см

3. Көлбеу призманың 30-ға тең қыры табан жазықтығымен 300 бұрыш жасайды. Призманың биіктігін табыңыз.

А) 12 В) 20 С) 30 Д) 18 Е) 15

4. Төртбұрышты призманың табаны-қабырғалары 6см және 8см болатын тіктөртбұрыш, призманың биіктігі 12см. Призманың диагональдық қимасының ауданын табыңыз.

А) 480см2 В)120см2 С)150см2 D)140см2 E)72см2

5. Дұрыс төртбұрышты призманың табанының ауданы 144, ал биіктігі 14-ке тең. Осы призманың диагоналін тап.
А) 20 B) 21 C) 22 D) 23 E) 24

Берілген қима қағаздар арқылы топқа бірікеді және топ атауын табады.

1 Бейбітшілік келісім сарайы-пирамида, оның элементтері

2 Хеопс пирамидасы- дұрыс пирамида, пирамиданың бүйір бетінің ауданы, толық бетінің ауданы



Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды бағалау шкаласы арқылы бағалайды:

әр дұрыс жауап үшін 2 балл.





Интербелсенді тақта ,

Түрлі түсті қима қағаздар



Оқулық,қима қағаз, тақтайшалар

Өткен білімді еске түсіру

5 мин

Білу: «Қайталау білімнің анасы»

2 топ бір –біріне өтілген тақырып бойынша сұрақ қояды.

1. Көпжақ дегеніміз не? Оның түрлерін атаңдар

2.Геометрияның кеңістікті зерттейтін бөлімі

3. Призманың дегеніміз қандай фигура? Оның түрлерін атаңыз

4. Тікбұрышты параллелепипед дегеніміз не? оның неше төбесі, неше қыры бар?

5.Дұрыс көпбұрыштардың анықтамасы

6. Әлемнің жеті кереметін атаңдар. Мысыр пирамидасы қай жерде орналасқан?

Оқушылар берілген сұраққа сәйкестендіру арқылы жауап береді



Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады



Сұраққа дұрыс жауап берген оқушыға 5 балдан беріледі.









Слайд

Жаңа білім

20 мин

Түсіну. Тақырып мазмұны бойынша оқушыларға мәтін беріліп, оқып-түсінуге уақыт беріледі

Пирамида және оның элементтерінің анықтамаларын енгізеді. Пирамиданың түрлерін қарастырады. Дұрыс пирамиданың, апофемының анықтамасын енгізеді.

Мысал ретінде ежелгі египет пирамидаларын және Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайының суреттерін көрсетуге болады.


Дұрыс пирамиданың бүйір беті табанының периметрінің жартысы мен апофемасының көбейтіндісіне тең.

Топтық жұмыс



«Танграм» әдісі арқылы есептер шығару:

Пирамиданың табаны – диагоналы 12 см-ге тең тіктөртбұрыш. Пирамиданың әрбір қыры 10 см-ге тең. Пирамиданың биіктігін табыңдар.

Пирамиданың табаны – тік төртбұрыш, оның қабырғалары 6 см және 8 см. Оның әрбір бүйір қыры 13 см-ге тең. Пирамиданың биіктігін есептеп шығарыңдар.

Дұрыс төртбұрышты пирамиданың табан қабырғасы 2см, ал бүйір жағының биіктігі 6см. Пирамиданың бүйір жағының ауданын тап.

Дұрыс төртбұрышты пирамиданың биіктігі 6,
апофемасы 6,5 . Пирамида табанының периметрін тап.

Дұрыс пирамиданың бүйір бетінің ауданы 24-ке,ал табанының ауданы 12-ге тең. Пирамиданың толық бетінің ауданын тап?



Пирамиданың биіктігі 192,2м, ал табанының периметрі 1000м-ге тең. Пирамиданың бүйір бетінің ауданын тап.

Пирамиданың табаны-қабырғасы 4см-ге тең квадрат, бүйір жақтағы биіктігі 5см болатын теңбүйірлі үшбұрыштар. Пирамиданың толық бетінің ауданын есептеңдер.



Оқулықпен жұмыс. №217, №218



Сергіту сәті. Логикалық сұрақтар

1.Айгерімнің әкесінде 3 қыз бар: Гүлсая, Жансая және …..? 2.Астанадан Қарағандыға жету үшін 2 сағат 30 минут қажет. Ал Қарағандыдан Астанаға қайтуға 150 минут керек. Неге олай?

3. Қай сөз әрдайым дұрыс болып естіледі?

4. Ол сізге тиесілі, бірақ адамдар оны сізден жиі қолданады?

5. Жаңбыр екі күн қатарынан жаууы мүмкін бе?






Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, топтық талдау жасайды. Талқылау нәтижесінде өзара бір келісімге келіп есепті орындайды.






























. Берілген қималардан пирамида құрастырады







  1. Берілген:

SABCD- пирамида

АBCD-тіктөртбұрыш

АС=12см, SA=SB=SC=SD=10см

Табу керек: SO

Шешуі. АО= 12:2 =6

ΔAOS:SO= = = 8

Жауабы: 8 см.

2.Жауабы: 12см2

3.Жауабы: 24см2

4. Жауабы: 20см

5. . Жауабы :36см2

6. Жауабы: 96100м2

7. Жауабы:56см2





















Айгерім

150 минут = 2 сағат 30 мин



Дұрыс

Сіздің есіміңіз


Жоқ, өйткені олардың арасында түн бар


Мұғалім сабаққа қатысып отырған оқушыларға мадақтау сөздері айтады:



Жарайсың!

Керемет!

Талпын!






















































Интернет ресурстары





5 мин






































3 минут


Тұрғын үй шатырын жабу

Әкесі баласына салынып жатқан тұрғын үй шатырын орнату үшін, дайын шатырдың моделін әкелді. Шатырдың етегі – АВСД квадрат болса, шатырға сүйеу болатын тіреуіштер EFGHKLMN тікбұрышты параллелепипед пішіні бар бетон блогының қабырғалары болып табылады. Е – АТ қабырғасының ортасы,F- ВТ қабырғасының ортасы, G –СТ қабырғасының ортасы, H- ДТ қабырғасының ортасы. Пирамида қырлары 12 м тең.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
25 сәуір
943
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі