жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Пиротехникалық заттарды қолдану ережелері. "
Тәрбие сағаты |
Күні: 20.12.2019 ж |
Сынып жетекшісі: Сыздыкова Н. |
|||
Сынып: 3 «Ә» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың тақырыбы: |
Пиротехникалық заттарды қолдану ережелері. |
||||
Сабақтың мақсаттары:
|
Пиротехникалық заттарды қолдану ережелерін анықтайды, оттың адам өміріндегі маңызын,пайдасын, пайда болу жолдарын ұғынады. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екенін түсінеді және оқушыларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т.б. қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу. |
||||
Құндылықтарды дарыту |
Өзін-өзі реттеуге, ұқыпты болуға,өзгенің алдындағы жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Жоспарлан ған кезеңі |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу. Ой қозғау: -Алда қандай мереке келе жатыр? -Қалай атап өтесіңдер? -Қандай дайындық жасайсыңдар?
Жаңа
жыл мейрамдарды жарқыраған бенгал
оттар, күтпеген сыйлық пен шулы
шартылдақтар, аспанға ататын түрлі-түсті
салюттерсіз елестету қиын. Өзімді,
туған-туысқандарымды және достарымды
жарқыраған әсемдікпен қуантқымыз
келеді. Көптеген жалынды әсемдіктердің
қайсысы сіздің мерекеңізге жақсы
келеді? Жарқыраған көріністі қалай
қауіпсіз қылып істеу керек? -Осыған байланысты бүгін сабағымыздың тақырыбы: Пиротехникалық заттарды қолдану ережелрі -Пиротехникалық заттар туралы не білеміз?
|
1 слайд
2 слайд
3 слайд |
|||
|
«Жалған жасауларды анықтаймыз» әдісі арқылы затты қалай таңдау керектігі сұралады және түсіндіріледі.
|
4 слайд |
|||
Сабақтың ортасы
|
Фейерверктердің барлық түрлері сол немесе басқа дәрежеде қауіпті. Өкінішке орай, фейерверкті сатып алған жерде тексеріп алуға болмайды, сондықтан сапасын тексеру үшін орауын жақсылап қарап алу керек. - Ең алдымен, орауы бүтін ашылмаған болу керек. Егер орамасы қағаздан жасалған болса, дымқылданбағандығын тексеріп алыңыз. Су тиген фейерверкті сатып алудың қажеті жоқ, ол жанбай қалуы мүмкін. - Фейерверк тасымалдау барысында зақымдалмағанын тексеріп алыңыз. Қолыңызды созып тұрып, ораманы кішкене сілку қажет: егер оның ішінен оқ-дәрісі шашылып жатса – онда құрал тасымалдау кезінде зақымдалған. Оқ-дәрісінің кішкене шашылуы мүмкін, бірақ шектеулі көлеммен. - Маркаларына назар аударыңыз. Бірақ, фейерверктердің көбісі Қытайда жасалып шығарылған, сапалы тауардың орамасында міндетті түрде ГОСТ нөмірі, сонымен бірге тауардың отандық өндіруші немесе жеткізіп беруші (сатушы) көрсетіледі. Егер осындай мәліметтер көрсетілмесе, онда өнім заңсыз шығарылып сатылады және оны сатып алуға болмайды. - Фейерверктің міндетті түрде қолдану бойынша мемлекеттік тілде жазылған нұсқауы болуы керек. - Маңызды ақпараты – сақталу мерзімі. Сақталу мерзімі көрсетілмеген, өтіп кеткен немесе аяқталып қалған өнімді сатып алмаңыз. - Барлық пиротехникалық өнім сертификатталуы қажет. Сапа сертификаты сатушыда сақталады. - Сапасына және қауіпсіздігіне күдіктенбеу үшін, фейерверкті базардағы күдікті сатушылардан емес, фирмалық дүкендерден сатып алу керек.
«Суреттер сыр шертеді» әдісі арқылы тапсырма беру.Оқушылар сурет бойынша пиротехникалық заттарды қолдану ережелрін айтады және дәлелдеп көрсетіп береді.
Шартылдақтар
– жаңа жыл фейерверктерінің ең көп
тараған түрі. Сонымен бірге, ең қауіпсіз.
Оларды қағаз немесе пластик цилиндрдан
жасайды. Жібінен тартып қалған кезде
ішіндегі үйкелісінен пиротехникалық
құрамы жана бастайды және шартылдақтан
түрлі-түсті конфеттилерді, серпантинді
шашады. Қауіпсіздік ережелері жай фейерверктерге де бар: оны адамның бетіне қаратып емес, жоғарыға қаратып ұстау керек (мұндай әзіл көздің көруіне әсер тигізуі мүмкін); шартылдақты шамның және басқада от көздерінің жанында пайдалануға болмайды – қолайсыздыққа ұшырататын өрт.
Қауіпсіздік ережелері. Түрлі-түсті бенгал оттары жану процесінде зиянды тотықты бөледі, сондықтан оларды ашық ауада тұтатқан дұрыс немесе тез арада орын-жайды желдетіп алу керек. Салют – бұл қағаздан немесе металдан жасалған, 30 метр биіктікке «парашют» немесе «жұлдызшалар» ататын гильза. Салюттер әр түрлі әсерлі бірнеше ондық гильзалармен батареяларға біріктіріледі. Осындай жағдайда балалық шақтағы мерекелік салютке ұқсайды. Қауіпсіздік ережелері. Салютті аударылып қалып, адамаға атып жібермеу үшін жерге орнатып, жақсылап бекіту керек. Мамандар салюттердің батареясының жерге бекітілген жерін топырақпен немесе қармен жауып тастауды ұсынады. Мұздың үстіне орнатуға болмайды. Зымыран – бұл «күшейтілген» фейерверк, 20 метрден 100 м дейін артында із қалдырмай тез ұшады, сол кезде пиротехникалық құрамы тұтанады, содан кейін зымыран түрлі-түсті салют атып, жарық ұшқындарын, парашюттарын, қатты шартылдап шашады. Қауіпсіздік ережелері. Зымыранның күштілігінен онымен ерекше абай болу керек. Зымыранды жерге емес, мойны жіңішке бөтелкеге немесе темір құбырдың кесіндісінің 1/3 бөлігінің ішіне салып орнату керек (ол ұшпай жерде салют атуы мүмкін). |
5 слайд
|
|||
|
Пиротехникалық
өнімдерді пайдаланған кезде: Фительді қол созым жерде жандыру керек. Ол 3-5 секундта жана бастайды. Отшашудан ұшқан ұшқынды сөндіру қиын, ол теріге тисе - күйдіріп жібереді. Ғимараттарда, шырша маңында ашық отты петардаларды, бенгал шамдарын пайдаланбаңыз! Отшашудан қалған ұшқынды немесе от орынын сөндіру үшін әрқашан өрт сөндіргіш құралын немесе суы бар ыдыстың болуы тиіс. |
6 слайд
|
|||
Сабақтың соңы |
Видеоролик көрсету, қорытынды ой түю. |
Видеоролик |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген