жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Пішімді матаға жаймалау
|
Сабақтың тақырыбы:. Пішімді матаға жаймалау |
Мұғалімнің аты- жөні: Кошерова Алмира Күні: 12. 01.17 ж |
|||||||
|
Сынып: 9-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар: |
||||||
|
Сабақ негіз/ген оқу мақсаты: |
Бұйымды әрлеу барысында орындалатын элементтер туралы білім – біліктерін қалыптастыру: өңдегенде бұйымның түрі, пішіні және түсі ескерілуі керек екенін айтып түсіндіру |
|||||||
|
Сабақтың мақсаттары : |
Барлық оқушы орындай алады: Пішімнің схемасын пайдалана алады |
|||||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Пішімді матаға жаймалай алады |
||||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: Тігін машинасында жұмыс істей алады |
||||||||
|
Тілдік мақсат: |
Пішімді матаға жаймалауды талдай алады |
|||||||
|
Ресурстар: |
Үлгілер, ескертпелер, нұсқау карталары, белдемше лекалосы,мата, бор, ине, жіп, қайшы, см таспа |
|||||||
|
Пәнар.байланыс: |
Сызу, бейнелеу өнері, математика. |
|||||||
|
Алдыңғы оқу: |
Пішу, декатирлеу, леколар |
|||||||
|
Сабақтың жоспары |
||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Берілетін тапсырмалар |
Бағалау критерийлері |
||||||
|
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут |
Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау) |
Формативті |
||||||
|
Үй тапсырмасын сұрау 10 минут 1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма ) |
Ой қозғау: Ребусты шеш:
|
|
||||||
|
2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма ) |
Сұрақтарға жауап беріңіз: 1. Белдемше сызбасын түсіру үшін қандай өлшемдер алынады? Жауап: бұйымның ұзындығы, артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы, белдің жарты орамы, жамбастың жарты орамы. 2.Тік белдемшені құрастырғанда қандай орамға қосымшалар беріледі? Жауап: бел және жамбас орамдарына қосымшалар беріледі. 3. Белдемше неше бөліктен тұрады? Жауап: белдемше екі алдыңғы және артқы бөліктен тұрады |
1. Сұрақтарға жауап берді 2. Сыни пікір білдірді 3.Өмірден мысал көрсетті |
||||||
|
3-деңгей (жинақтау, бағалау) |
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз: 1…….(Артқы) бөлігі ……..(алдыңғы) бөлігіне қарағанда,……… (енсіз) болып келеді; 2. ……..(Киімді) тіккен кезде …..(жан) тігісті жақын …….(артқы) бойға …….(орналастырады), ол пішіннің ………(мүсінін) көpбен қарағанда ……..(жинақы) және …….( сымбатты) қылып көрсетеді. 3. …….(Қымтырмаларды) көбіне былай орналастырады: ……..(екеуі алдында), екеуі ………(артында) және бір – бірден …….(бел) сызықтарында орналасады. 4. Әр қымтырмалардың …..(ені) және ………..(ұзындығы) бірдей емес, ол белдемшенің тік ……..(дененің) қай бөлігін …….(қынап) тұр, соған байланысты көбіне ……(жан) қымтырмалары …….(ұзынырақ, ендірек,) алдыңғы қымтырмалары ……(жіңішке) және …..(қысқа) болып келеді. |
|
||||||
|
Жаңа сабақ 12 минут |
Пішудің алдында барлық матаны дерлік декатирлейді. Декатирлеу (тігер алдында мата отырмас үшін) – мақта, мата, зығыр, штапель матаны суға салып сығып (бұрап сықпайды), бойлық жіп бойымен тегістеп жаяды. Содан кейін матаны шала кептіріп, бойлық жіп бойымен терістеме жағынан бастыра үтіктейді. Синтетикалық талшықтармен араластырылған жүн матаны ылғал жаймаға салып, дөңгелектеп орайды, содан кейін 2-3 сағат ауыр затпен бастырып қояды. Жайманы сулау үшін сірке суының ерітіндісін пайдаланады (2 л жылы суға 1 ас қасық сірке суын қосады). Шала кепкен матаның (бойлық жіп бағытымен) терістеме жағынан дәке немесе жұмсақ жұқа мата жайып, үстінен бастыра үтіктейді. Матаның өң жағын, түгінің бағытын, ақауын анықтау. Жүн маталарды орағанда өңін ішке қаратады. Мата жиегіндегі түйрелген іздердің томпиған жағы өң жақа қарайды. Сәтен матаның өң жағы (көлденең жіптің ширатылуына байланысты) жылтыр болады. Егер матаның өң жағы мен терістеме жағы бірдей болса, онда салыстырмалы алғанда сапалы жағы өңі деп есептеледі. Түкті маталарға терістеме жағынан әрбір 50-60 см-ден бағдар сызық қойып, түгінің бағытын көрсетіп отырады. Түкті матадан тігілетін киім бөлшектерін пішкенде, мата түгі бір бағытта жатуы керек: барқыт және ши барқыттан киім тіккенде түгі жоғары қарайды; ұйпалақ матаның түгін төмен қарайтып пішіп қияды. Ірі өсімдік бейнелі орнаменті бар матадан бұйым дайындағанда тамырын төмен қаратып, симметриялы орналастырады. Қолданудың алдында матаның екі жағында мұқият қарап шығады. Ақауы бар жерлерін тігінші борымен немесе инешаншымдармен белгілейді. Пішу кезінде ақаулы жерлерді айналып өтеді немесе онша көрінбейтін бөліктерге жібереді. |
1. Өз ойын ашық жеткізе білді 2. Толық мәлімет берді 3.Өмірден байланыстыра алды |
||||||
|
Сабақты бекіту 15 минут 1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма ) |
Сұрақтарға жауап беріңіз: 1.Әр түрлі киімге жататын бұйымдарды қандай топқа бөлуге болады? Жауап: белдікті және иықты 2.Белдікті топқа қандай киімдерді жатқызамыз? Жауап: белдікті топтағы бұйымдар – шалбар, белдемше, шорты 3.Иықты топқа қандай киімдерді жатқызамыз? Жауап: иықты топтағы бұйымдар - көйлек, блуза, камзол, халат 4.Белдемше ненің бөлігі болуы мүмкін? Жауап: белдемше кастюмнің бөлігі, өзіндік бұйым немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін |
|
||||||
|
2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма ) |
Лекалоларды жайып пішу. Пішу алдында матаның жиектері келтіріп, өң жағын ішке қаратып, арқау жіптің негізгі жіпке көлденең келуін қадағалай отырып, ұзынынан екі бүктейді. Егер мата шеті қиғаштанып тұрса, ондай бөліктері пішімнен түсіп қалады. (Қауіпсіздік ережесі)Құрастыру және үлгілеу алдында жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру қажет. Жұмыс орнынажарық сол жақтан түсу керек, альбоммен жұмыс істеушінің көзінің арақашықтығы 30 см болу қажет. Есте сақтаңыз қарандашты ұштағанда, циркульмен жұмыс істегенде, тесетін жәнеқиатын құралдарын ұқыпты қолдану керек. |
|
||||||
|
3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі бағытталған тапсырма ) |
Сарамандық жұмыс. 1. Техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру. 2. Оқушылардың өз өлшемдерімен жасалған лекалоларын тексеру. 3. Матаны пішуге дайындау. 4. Лекалоларды мата бетіне жаю. |
Өз ойын дәлелдеп берді |
||||||
|
Үйге тапсырма 2 минут |
1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма ) |
|
|
|||||
|
2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма ) |
|
|
||||||
|
3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырма ) |
|
|
||||||
|
Бағалау 2 минут |
Оқушыларды жиынтық бағалау |
Суммативті Формативті |
||||||
|
Кері байланыс 2 минут |
Құрылған жетістік критерийлерге сәйкес смайликтер тарқатылып, кері байланыс беріледі. |
Формативті |
||||||
|
Рефлексия |
||||||||
|
1. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды? 2. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды? 3.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге? |
|
|||||||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген