400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Пішіндер сыр шертеді"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық топ оқушыларына арналған ойын түріндегі сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Пішіндер сыр шертеді»
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту, пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр – түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру. Балалардың ой - өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Аралас сабақ: Айналамен таныстыру, тіл дамыту, құрастыру сабағы.

Сөздік жұмыс: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек,шаршы пішіндер.
Құрал-жабдықтар: Ведиопроектор, үнтаспа.

Сабақ барысы: Балалар жарты шеңбер бойымен тұрады.

Амандасу: Музыка әуенімен әндетіп:

-Үлкенге де сіз,сіз.

Кішіге де сіз,сіз.

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз, біз.

Мұғалім:

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар:

- Сәлеметсіз бе

Мұғалім:

- Бүгінгі сабақта пішіндермен танысамыз. Сабағымызды бастамас бұрын 1-ден 10-ға дейін өсу, кему ретімен санап алайық. (үш тілде)

-Мұғалім:

-Жарайсыңдар! Ендігі кезекте тақтаға назар аударайық. Тақтадан ненің суетін көріп тұрмыз.

-Пішіндер.

-Пішіндерді таныстыру.

Төртбұрышпын, төртбұрышпын.
Төрт қабырғасы бар бұрышпын,
Қай жағынан қарасаңда,
Төрт қабырғам тең бұрышпын.

Мұғалім:

- Неге төртбұрыш дейді екенбіз, қанекей төртбұрыштың қабырғаларын, бұрышын санайық. (санайды) Төртбұрыштың түсі қандай?

Үшбұрыш:
-Үшбұрышпын, үшбұрышпын,
Үш қабырғам бар бұрышпын,
Төртбұрыштан аз болсам да,
Орны бөлек үшбұрышпын.

- Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын санайық. Үшбұрыштың түсі қандай екен?

Дөңгелек:

- Домалақпын, домалақпын,
Дөңгелек боп домаладым.
Ай сияқты, күн сияқты
Шар сияқты домалақпын.

-  Дөңгелектің бұрышы бар ма?

- Пішіннің түсі қандай?
І. Мұғалім:

- Балалар, осы пішіндерді қоршаған ортамен салыстырайық. (ведиопроектордан пішіндерге ұқсайтын заттарды атап, таяқшамен көрсетеді)

Д/о. «Пішіндерді бастырып, үлгісі бойынша боя"

Шарты: суретті қарындашпен бастырып, түрлі-түсті қарындаштармен бояу.

ІІ. Мұғалім:

 Балалар,  «Пішіндер бойынша тап»деген тапсырмасы бар.

Шарты:Тақтадағы суреттердің ішінен ұқсас суретті тауып көрсету.

Тәрбиеші тексереді.


ІІІ. Мұғалім:

Балалар, келесі тапсырма бар, дәптермен жұмыс «Пазл құрастыру».

Шарты: - 1-8 сандар аралығында қағаз қиындыларын құрастырып бейнені жапсыру.


Мұғалім: Сергіту сәті


V. Мұғалім«Фонарикпен ойна»

Шарты: Алдында тұрған қағаздардың ішінен фонариктің көмегімен мұғалім атаған пішіндерді тауып көрсету.


Мұғалім: «Пішіндермен секір»

Шарты: еденде жабысқан пішіндер бойынша секіру.


Мұғалім: «Қыстырғышпен қыстыр»

Шарты: Топтық жұмыс қасыңда отырған досыңмен пішіндерді тауып көрсет.

Мұғалім:

- 4 қызымыздың орындауында «Пішіндер әні»

- Балалар, барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар.Бүгінгі сабақты түсінсеңіздер смайлик бойынша көрсетейік. Рахмет.
Сабақ аяқталды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
21.02.2023
495
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12