400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Піскен алмалар" балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Көкөністер мен жемістерді ажырата білуді,пішінін,түсін атауға үйрету.Есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ЕрТөстік»шағын орталығы ортаңғы топ

Тәрбиеші: Ш.Токтагулова

Білім беру саласы:Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жапсыру.

Тақырыбы: Піскен алма

Мақсаты:Дөңгелек пішін туралы білімдерін бекіту. Қайшымен жұмыс жасау ережелерімен танысу,заттың бейнесін алдымен қағаз бетіне қойып алып,содан соң оларды желімдеу.Шаршыдан дөңгелекті қиып алу әдісін үйрету.

Сөздік жұмыс: Дөңгелек,шаршы,алма.

Дидактикалық құралдар:алмалардың суреттері.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушы


Шаттық шеңбері:

Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық,

Қол жетпесе алмаға

Секіріп қол созайық

Балаларға жұмбақ жасыру:

Әрі қызыл ,әрі тәтті

Татқан жанды таңырқатты.


Кім алма туралы тақпақ біледі?

Апорт деген алма бар,

Жер жаратын атағы.

Ондай алма қайда бар

Алматы оның Отаны.

Балалар шаттық шеңберін жасайды.





Балалар тәрбиешінің жасырған жұмбақтың жауабын шешеді.

(Алма )





Аяулым тақпағын айтады.


Ұйымдастырушылық

ізденушілік

Тәрбиеші :

- Қараңдаршы, балалар, бүгін ауа райы қандай тамаша! 

Қане, бәріміз аспанға қарайықшы, не көріп тұрсыңдар?

Тәрбиеші: -дұрыс айтасыңдар, күнде тағы не болады?

Тәрбиеші: - балалар жыл мезгілдерін еске түсірейікші?

Тәрбиеші: -Қазір жылдың қай мезгілі?

Тәрбиеші : - Күз  айларын атаңдаршы?

Тәрбиші: Күз  мезгілінде қандай жеміс-жидектер піседі?

 

Суретпен жұмыс.

Суретте не бейнеленген?

Балалар сендер қалай ойлайсыңдар алма қайда өседі?

Алма көкөніс пе әлде жеміс пе?

-Балалар алманың түсі қандай болады?

-Пішіні қандай?

-Алма қай мезгілде піседі?

-Қане балалар жемістер туралы тақпақтар айтайықшы..

Амира:

Мен шиемін,шиемін

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

Ақниет:

Өрік,алма,шие,алша,

Жидек,жүзім піседі.

Қауын,қарбыз,қияр,сәбіз,

Дүкендерге түседі.

Тәрбиеші:

Балалар, енді мен сендерге жұмбақ жасырып көрейін, жауабын табасыңдар ма?

     Іші толған шәрбат

    Дәмі қандай әйбат

     Үзесің бірден жүзін

     Оның аты-...(жүзім)

 

Дөп-дөңгелек сары

Ішінде бар дәні

Қызығасың көріп

Оның аты-...(өрік)

 

Жапырақты тасалап

Өсетін жері бақша-бақ

Күрең қызыл шіркін ай

Оның аты-...(құлпынай)

Бір сабақта көп түйме

Жей алмайсың көк күйде

Санап қара қанша

Оның аты-...(шие)

 

 - Балалар сендер көптеген жемістерді біледі екенсің-дер, тамаша!

Тәрбиеші: Бүгін біз сол алманы қиып жапсырамыз.

Тәрбиеші әр баланың алдында шаршы үлестіріп,

Шаршының бұрыштарын қиюды көрсетеді.Шаршыны бұрыштарын қиып, дөңгелек шығаруды үйрету.

Қайшыны дұрыс ұстау жайлы түсінік беру;

Сергіту сәті:

Алма кетті домалап

Көше бойын жағалап

Кім алманы табады

Сол алманы алады.


Д/о: «Көкіністер мен жемістер»

Шарты: Балалар көкіністер мен жемістерді ажыратып екі себетке салады.





- Күн


- Күннің шуағы болады, ол жер бетіне нұрын төгеді.

- Күз, қыс, көктем, жаз


 Күз

қыркүйек, қазан, қараша


Алма, алмұрт, өрік, алша, шие, құлпынай   


Тәрбиешінің мұқият тыңдап сұрақтарға жауап береді.



Балалар суреттерге қызығушылық таныта қарайды.

(Алма, бақта,жеміс.) Қызыл,жасыл,сары.

Пішінін атайды


Кәусәр:

Мен алмамын,алмамын,

Таңдай татар бал дәмім

Мына тәтті бал дәмді

Дастархандарыңа арнадым

Талшын:

Ауладағы бау-бақшада,

Алма ағашын баптадым.

Майдандағы ағама,

Сегіз алма сақтадым.








Жүзім





Өрік





Құлпынай




Шие







Балалар тәрбиешінің қимылдарын қайталап,шаршыдан дөңгелек

шығаруды үйренеді.





Тақпақты тәрбиешінің көмегімен жаттайды.




Балалар ойынға белсенді қатысып , қызығушылықпен ойнайды.

ІІІ кезең

рефлексивті

түзеуші

Бүгін не істедік?

Алманың пішіні қандай?

Дөңгелек пішінді қалай қидық?

Мақтау ,мадақтау.


Сұрақтарға жауап береді

Алманы жапсырдық.

Түрлі-түсті қағаздан.

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: пішіндер туралы

Түсінеді: дөңгелек пішінді заттар туралы түсінік

Қолданады: заттың бейнесін алдымен қағаз бетіне қойып алып,содан соң оларды желімдеу










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 ақпан
555
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі