400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Пияз отырғызу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Пияздың әртүрлі болатындығын, өсуі, тұқымы туралы түсінік беру. Өсімдікті отырғызудың және себудің, күтіп баптаудың жолдарын көрсете отырып, өсімдіктерді өсіруге, оларды күтіп баптауға талпындыру. Зерттеу, тәжірибе жасау қорытындысын шығару. Өзіне, өзінің мүмкіншілігі мен күшіне сезінуіне жағдай жасау, белсенділігін арттыру, өзін және өзінің еңбегін бағалауға дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Тақырыбы: «Пияз отырғызу»

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Экология

Мақсаты: Пияздың әртүрлі болатындығын, өсуі, тұқымы туралы түсінік беру. Өсімдікті отырғызудың және себудің, күтіп баптаудың жолдарын көрсете отырып, өсімдіктерді өсіруге, оларды күтіп баптауға талпындыру. Зерттеу, тәжірибе жасау қорытындысын шығару. Өзіне, өзінің мүмкіншілігі мен күшіне сезінуіне жағдай жасау, белсенділігін арттыру, өзін және өзінің еңбегін бағалауға дағдыландыру.

Қажетті көрнекі құралдар: Пияздың бірнеше түрі бейнеленген слайд, пияздың тұқымы, пияздың көшеті, жәшіктер, барлық бала санына жететіндей пиязды отырғызуға арналған топырақ салынған ыдыстар, топырақ, су, бал, сұйық май,балалардың қолына киетін жұмыс қолғабы, алжыпқыш т.б.

Әдіс–тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.

Қостілдік компонент: пияз-лук-onion, су-вода- water, топырақ-почва-ground.    

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

 Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

  Шаттық шеңбері:

Армысың алтын күн,

Армысың жер-ана.

Армысың балабақша,

Армысың достарым.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Ауа райы қандай?

- Көктемнің қандай ерекшеліктері бар?

Балалар табиғатқа деген ықыластарын білдіреді.

Көктем

Жылы

Күн жылынады, құстар ұшып келеді, жерге шөп шығады т.б.



Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі


Ғажайып сәт:

Балалар бұл қорапшаның ішінде бір зат бар. Сендер осы қорапшаның ішіндегінің атын тапсаңдар, біздің бүгінгі оқу іс–әрекетіміз соған байланысты болады.

Ол не екен, кім таба алады?

Оны адамдар көп пайдаланады.

Ол көкіністер тобына жатады. Оны шикідей де жеуге болады және тамаққа қосады.

Оны тамақтың барлық түріне  пайдаланады.

Ол өзі бірнеше қабат киім киген.





Ол туралы мынандай жұмбақ та бар.

Ұрмай – соқпай жылатады,

Әркім оны ұнатады.

Ол не?



Әрине ол пияз.

Ендеше біз бүгін пияз туралы әңгімелесеміз. Жұмбақта не үшін ұрмай – соқпай жылатады делінген?

Кәне пияз туралы кім айтып береді?

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз бұқпаймын.

Көздің жасын шығарамын,

Тұмаудан бірақ сақтаймын. ( )

Тәрбиеші балалардың жауаптарын пияздың бірнеше түрі бейнеленген слайд көрсетіп теледидардан, қосымша сұрақтар қоя отырып толықтырады.

- Пияздың түсі қандай болады екен? Суретке қараңдаршы.

- Жапырақтары қандай болады?

- Пияздың бірнеше түрі болады екен.

Мысалы, жыл сайын тамырланып өздігінен өсе беретін көпжылдық түрлері бар, олардың жер бетіндегі бөлігі тамаққа пайдаланылады. Бұндай пияздар тұқым арқылы өседі. Сол сияқты көшеті арқылы өсетін пияздар болады, қысқа сабақтан және оған тығыз, бір-біріне қысыла орналасқан етті қабыршақтан тұрады.

- Пияз көкөніске жата ма, әлде жеміске жата ма?

Ол бақшада өсе ме, әлде бақта ма?

- Пияз қалай өсіп-өнетінін көргендерін бар ма? Пияз қалай өседі?

- Пиязды өсіру үшін не керек?

- Дұрыс айтасыңдар кез-келген өсімдіктің өсуіне қажетті топырақ, су, жарық керек екен. Пияздың да басқа өсімдіктердегі сияқты тамыры, жапырағы болады.

-Барлық өсімдіктерге ең алдымен су қажет. Су қандай?



-Кім айтады, пияздың қай жақ бөлігін топыраққа отырғызамыз, тамыры бар жағын ба, әлде жоғары жағын ба?

-Қазір біз пияз отырғызамыз. Сендер бірінші алдыларыңда тұрған пиязды алып, қараңдар, пияздың жоғары жағында кішкентай өскін болады, сол өскінді жоғары қаратамыз. Ал топыраққа отырғызатын жағын қалай білеміз?

Пияздың қалай отырғызу керектігін көрсету.

- Міне, балалар, пиязды отырғыздық, енді пияз өсу үшін не істейміз?

- Жарайсыңдар, балалар, енді бізде тағы бір топырақ салынған жәшік пен пияздың тұқымдары қалды. Мен сендерге тұқымнан өсіп шығатын пияздың түрі бар екендігін айтқан болатынмын. Қазір сол тұқымды топыраққа себеміз.

Қалай ойлайсыңдар, пияз тұқым арқылы тез өсіп шыға ма,әлде отырғызған пияз тез өсе ме?

Балалардың берген жауабына қарай  толықтырулар енгізіп, түсінік береді және екі жәшіктегі пиязды да күтіп-баптап, олардың өсуіне бақылау жасайтындығын айтады.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар,

Таудай болып өседі.



-Барлық өсімдіктерге ең алдымен су қажет. Су қандай?

-Дұрыс ендеше бір тәжірибе жасап қараймыз. Пияздың әр түрін отырғызып, өзіміз өсуін бақылайтын боламыз.






























Пияз







































Өйткені пияздың қабығын аршығанда, турағанда көзіңнен жас шығады.



Түссіз, сұйық





Балалар пияз туралы білгендерін айтады.

Көкініске жатады.

Бақшада өседі.



Өз ойларын ортаға салады

Балалар пияз туралы білетіндерін айтады.

Көкөніске жатады.



Топырақ, су, жарық, жылу керек.



Балалар тәрбиешімен бірге пияз отырғызады.



Балалар сергіту сәтін қимыл қозғалыс арқылы жасайды.

Балалар қызығушылық танытады.













Түссіз, сұйық


Іс-әрекетті бақылау кезеңі

Тәрбиеші балалардан оқу іс–әрекетінен алған әсерлерін, көңіл күйлерін , немен айналысқандарын, не үйренгендерін  сұрайды.

Балалар пікірлерімен бөліседі.

Күтілетін нәтиже

Нені  біледі:пияздың да басқа өсімдіктердегі сияқты тамыры, жапырағы болатындығын, олардың тұқым және көшет арқылы көбейетіндігін, бақшада өсетіндігін, көкөніс тобына жататындығын, өсуі үшін су, топырақ, жарықтық қажеттілігін.

Қандай түсініктерді игерді: пияздың әртүрлі болатынындығын, ащы болатындығын, пияздың тұрмыста қолданылуын, оларды өсіру үшін су, топырақ, жарық және күтім керектігін, бақшада өсетіндігін.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өсімдікті отырғызудың және себудің қарапайым түрін; күтіп-баптауды, пиязды отырғызу барысында құралдарды ұқыпты пайдалануды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.01.2022
916
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі