жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Портрет кескіндемесінің құрылымы
"Бейнеу ауданының әкімдігінің"Құлшар Бақтыбайұлы атындағы Бейнеу өнер мектебі" МКҚК
Мұғалім: Джолдасбаева Асем Танатаровна
Пәні: Кескіндеме
Күні: 28.01.2020 жыл
Уақыты: 15:50 – 17:40
Сағ.саны: 3
Сыныбы: 3
Тобы: II
Оқушы саны: 8
Сабақтың тақырыбы: Гуашьпен портрет кескіндемесі
Құрылым
Машықтық жұмыс: Ұлттық киімде отырған натурашы төс портретінің құрылымы
. Сабақтың мақсаты: Портрет салып уйрету
1.Білімділігі: Портрет жанрымен таныстыру.
Образдық бейнелерді салуға үйрету.
2.Тәрбиелігі: Сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа, нақтылыққа,
іскерлікке тәрбиелеу.
3.Дамытушылығы: Адамның бас сүйегіндегі бет мүшелерінің
пропорцияларын анықтап бет мүшелерін дұрыс
салуға үйрету. Ой қиялдарын, шығармашылық
ізденістерін дамыту.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ ( топтық)
Сабақ әдісі: а) теориялық
б) машықтық
Сабаққа қажетті құралдар
мен көрнекіліктер: ватман, қарандаш,гипс нұсқа, суреттер,интерактивтік
тақта т.б
Сабақтың жоспары: I Ұйымдастыру
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
а) теориялық
б) машықтық
IV Сергіту сәті
V Қорытындылау
VI Үйге тапсырма
VII Бағалау
Сабақтың жүрісі:
I.Ұйымдастыру
Сыныпты жабдықтау, оқушыларды орындарына отырғызу, жоқ оқушыны журналға белгілеу.
II.Ұй тапсырмасын тексеру
«Менің бөлмем» тақырыбына интерьер салып келу
Үйге қандай тапсырма берілді ?
Үй тапсырмасын тақтаға ілдіріп, талдап смайликтермен бағалаймын
Сонымен интерьер дегеніміз не? (ғимараттың ішкі жобасын бейнелеу)
Ол қай елдің сөзінен шыққан? (француздың «ішкі» деген сөзінен шыққан)
III.Жаңа сабақ. Гуашьпен портрет кескіндемесі
Құрылым
а) теориялық
Бейнелеу өнерінің түрлері: Сурет, кескіндеме, мүсін, сәулет өнері, дизайн,сәнді қолданбалы өнер болып бөлінеді.Осының ішіндегі кескіндеменің өзі пейзаж, портрет, натюрморт,тарихи жанр,ботальдық жанр, анималистік жанр, маринистік жанр болып бөлінеді.
Біз соның портрет жанрына тоқталамыз. Портрет жанры дегеніміз - жалпы адам бейнесін салу. Ұлы шеберлер өмір сүрген 17ғ бұл суретшілер салып қалдырған портреттер өткен дәуір адамдарын тірі қалпында көз алдымызға алып келді.
Бұл – бір тұлғалық композициялық құрылымнан тұратын қондырғы портрет, қазақстан бейнелеу өнері қорынан айрықша орын алған көркем туынды.
Портрет жанры орындалу ерекшелігіне, композициялық құрылысна, құрылымына қарай бір тұлғалық және көп тұлғалық болып бөлінеді.
Халық суретшісі Ә.Қастеевтен бастап бүгінгі жас суретшілерге дейінгі Қазақстан қылқалам шеберлері осы жанрда өзіндік қолтаңбасымен көзге түскен.Олар Айша Ғлымбаева,Молдахмет Кенбаев,Гүлфайруз Ысмайлова т.б.
Күрделі нұсқаны суретте толығымен көрсету өте қиын. Сондықтан көрген нәрсені қабылдау сияқты бейнелеудің де оңай жолдарын пайдаланған жөн.
Схемалық әдісте координаттар, кесінделерді. Мысалы: бастың айқас сызықтары адам денесінің «ақ сызықтары» және т.б. сүйеніш нүктелері және орталық нүктені пайдалануды ұсылады.
Бастың айқас сызықтары екі қиылысқан сызыктан тұрады. Біріншісі – беттің орта сызығы ол маңдай мен мұрынды ортасынан екіге бөліп иектің ортасынан өтеді, екіншісі басты айналдыра көздің сызықтары арқылы өтіп, екі сызық бір-бірімен қаңқа құрайды. Егер бас тура қараған түрде болып, аздап артқа қарай шалқайса, орта бет сызық тік қалпында қалып, көлденең сызық жұмыртқа сияқты санақ сызық болып, сызылады.
Дара портретті салу үшін перспективаларды және де ассимитриялық сызықтарды жақсы меңгеру керек.Адамның басы өзінің құрылысы және пропорциялары бойынша әр адамда әр түрлі осы өзіндік жеке-дара ерекшелікті іздеп тауып, баса көрсетугеадам бетінің орташаланған схемасымен жақсы көмектеседі. Егер сызықтар арқылы басты бет әлпетті бөлшектеп көрсек көздің орта сызығы бастың жалпы биіктігінің дәл шартысынан өтеді, яғни көзден жоғары тұрғанның бәрі де одан төмен тұрғандар қанша орын алса, сонша орын алады.
Бір қарағанда мұрын, ауыз, иек орналасқан төменгі бөлік жоғары бөліктен, яғни маңдай мен төбеден әлдеқайда көп орын алатын сияқты болып көрінеді. Көз сызығы беттің дәл ортасы бойынша өтетінін анықтап алған соң, беттің қалған бөліктерін орналастыруға көшеміз. Көздердің арасындағы қашықтық, мұрын қанатының ең шеткі нүктелерінің арасындағы сияқты, көздердің ұзындығы, көздердің ең шеткі нүктелеріне дейінгі қашықтық – бәрі де бір өлшемге тең. Осы деректерді пайдалана отырып, бетің алдынан қарағандағы құрылысының схемасын жасап бастаймыз.Портрет композициялық орналасуына байланысты 3-ке бөлінеді:
1.Иық бөлігіне дейінгі портрет
2.Бел бөлігіне дейінгі портрет
3.Толық фигуралы портрет
Біз бүгін осылардың ішіндегі бел бөлігіне дейінгі портретті бейнелейміз.Яғни құрылым құрамыз.
б) машықтық
Ұлттық киімде отырған натурашы төс портретінің құрылымы
Бастың жалпы формасын қағаз бетіне орналастырамыз. Жұмыртқа тәрізді етіп жалпы формасын кескіндейміз. Тік ортаңғы сызықты сызып, бастың биіктігін, маңдай дөңесін анықтап, бастың кескінін теңдей 3 бөлікке бөлеміз. Ол сызықтар маңдай дөңесінен қасқа шейін, қастан мұрынаң ұшынан иектің астыңғы шеткі нүктесіне шейін бөлінеді.
Көздің ұзындығы бастың енінен бестен біріне және мұрынның еніне тең.
Бет мүшелерінің мүшелерінің өлшемдерін анықтап алғаннан кейін оларды геометриялық денелерге ұқсатып, жалпы формасын сызып аламыз. Көздің пішінін төртбұрыш, мұрынды призма, ауызды параллелепедке, құлақты жарты жұмыртқа немесе төртбұрыш етіп саламыз.
Бет мүшелерінің пішінін, көлемін жарық пен көлеңкені ажырата отырып көрсетеміз. Осы кезеңдер бойынша оқушылар суретті албомға салады. Қағазға дұрыс орналастырып, бет мүшелерінің ара қатынасын сақтап, жақсы салып отырған оқушылардың жұмыстарын мадақтап, басқаларға көрсету.Сәтсіз шығып жатқан оқушылардың жұмыстарын кемшіліктерін айтып, дер кезінде ескертіп отыру..
Портретті қағаз бетіне орналастырып болған соң, заттарға түскен жарық пен көлеңкенің алып жатқан орындарын анықтап, олардың шекараларын белгілейді.
IV. Сергіту сәті
Кім жылдам? Бауларды әдемі әрі тез байлап көрсету.Оқушыларды екі топқа бөлеміз,өз ойларынмен аяқ киімге бау байлап көрсетеді.Оқушыларды шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа, сұлулыққа үйрету.
(қағаздан аяқ киімнің үлгісін дайындап қоямын)
V. Қорытындылау
Оқушылар әртүрлі суретке қажетті оқу құралдарын таңдап,сұрақтарға жауап береді.
1.Бейнелеу өнері нешеге бөлінеді?
2.Кескіндеменің қандай жанрларын білесіңдер?
3.Портрет дегеніміз не?
4.Композициялық орналасуына байланысты портрет нешеге бөлінеді?
5.Басты бейнелегенде нешеге бөлеміз?
6.Бастың негізгі мүшелерін ата?
7.Көзді қалай орналастыру керек?
8.Құлақты қалай орналастырамыз?
9.Автопортрет дегеніміз не?
10.Қазақстан қылқалам суретшілерін ата?
VI.Үйге тапсырма
Автопортрет салып келу
VII.Бағалау
Оқушылардың сынып жұмыстарын талқылап, қызыл(5), көк(4) жұлдызшалармен бағалаймын.Әр оқушының бүгінгі сабақтан алған әсерін анықтаймын.(алма, гүл, жапырақтың суретін дайындап, оқушыларға таңдатамын)
-
көп нәрсе үйрендім
-
маған ұнады
-маған
әлі үйрену керек

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген