Материалдар / Ашық сабақ Power poin Ортаңғы топ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Power poin Ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ұсынылып отырған ашық сабақ балабақша тәрбиеленушілеріне арналған. 5-6 жас аралықтағы бүлдіршіндерге арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
594
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тақырып: Графикалық редактор Paint.

Бөлімі: Вариативтік компонент

Компьютер

Мақсаты: Paint графикалық редакторында жұмыс. Геометриялық пішіндерді, түстерді еске түсіру.

Міндеттері:

1.Paint графикалық редакторымен таныстыру, құралдарды қолданып геометриялық пішіндерді бояуға үйрету;

2.Балалардың ой ұшқырлығын, есте сақтау қабілетін, қол моторикасын дамыту;

3.Ұқыптылыққа, зейінділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Paint, құю құралы

Көрнекіліктер: геометриялық пішіндер, ғарыш суреті, лото тақтасы, бейнетаспа.

Билингвалдық компонент: пішіндер-фигуры- figures

Барысы:


Іс әрекет кезеңі

Педагогтың іс әрекеті

Баланың іс әрекеті

Мотивациялық кезең











Шаттық шеңбер жылы сөздер айту:

Балалар,бізде бүгін ерекше күн! Өйткені, бізге қонақтар келіпті,бүгінгі оқу іс-ірекетіміз де ерекше болмақ.

Сәттілік бүгін тілеймін,

Мен – саған, сен – маған,

Жүрегімнің жылуын

Сыйлаймын саған қабыл ал,

Мен – саған, сен – маған!

Жарайсыңдар балалар! Енді орнымызға жайғасайық.

Шаттық шеңберге тұрып жылы сезімдерін көрсетеді









Ұйымдастыру кезеңі







Балалар, бүгін сендер өте зейінді болсаңдар, сендерді сыйлық күтіп тұр


Суреттке не бейнеленген? (пішіндер)

Видео қосылады.Пішіндер ән салады.


4. «Қызықты лото» ойыны.

Балаларды екі топқа бөлеміз.

Көрсеткен геометриялық фигураны , әр топ түсіне, пішініне сәйкес тауып, атын атайды да, лото тақтасындағы фигураны жабады.






Балалар жауап береді


Балалар барлық пішіндерді дұрыс тауып, лото бетшесін толтырады.



Ғажайып сәт: Ұшақтың макеті қойылады. Балалар қазыр біз осы ұшаққа мініп ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Кәне балалар, көздерімізді жумамыз. (музыка ойнайды, кейіпкер робот кіреді). Балалар біз PAINT әлеміне ұшып келдік.

Кеіпкердін сөзі (Сәлеметсіздер ме балалар!Апайлар!Paint әлеміне қош келдіңіздер! Мен сендерге осы әлемге саяхат жасауға шақырамын. Дайынсындар ма балалар? Сендер бүгін жақсы қатыссандар, мен сендерге сыйлық беремін..)

Бүгін біз сендермен Paint графикалық редакторымен танысамыз. Paint графикалық редакторы сурет салу үшін қолданылатын бағдарлама.

Paint графикалық редакторының терезесі:

Тақырып жолы

Мәзір жолы

Жұмыс алаңы

Құралдар панелі

Түс палитрасы

Қалып-күй жолынан тұрады.

Құралдар сайманы:

Геометриялық пішіндер, құю құралы, қарындаш, қылқалам, өшіргіш, лупа, түстер тақтасы бар (әр құралды қалай пайдалану керектігін көрсетеді).

Геометриялық пішіндерді салу үшін, құралдар тақтасындағы шеңбер, сызықтар, тіктөртбұрыш, көпбұрыш саймандарын, ал бояу үшін құю және бүріккіш сайманадарын қолданамыз.


Сергіту сәті

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір.

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.




Біраз сергіп, күш жинап алдық, енді қазір компьютерге отырып Paint графикалық редакторында пішіндерді бояймыз.

(Балалардың назарын мұғалімге аударып, көзге жаттығу жасау)

Робот қоштасады. (Балалар сендерге менин әлемімде ұнады ма? Тагы да келгилерин келеди ме? Олай болса көрискенше балалар.Мен сыйлықты апайга беремін апайларын сендерге таратып береді.) Балалар қане кемеге отырайық. Баріміз көзімізді жұмамыз. Қайтып ұшып келеміз.

Балалар көздерін жұмады







Балалар жауап береді







Жаңа сөздерді педагогпен бірге жаттап, олардың атқаратын қызметтерін естеріне сақтайды




















Жаттығуды бірге орындайды

Копьютерге отырып Paint графикалық редакторында үлгіде көрсетілген суретті бояйды.



Балалар жауап береді.Роботпен қоштасды.


Рефлексивті коррекция

Балалар біз қандай әлемге барып келдік?


1.Paint графикалық редакторы не үшін қажет?



2.Қандай құралдар бар?





Жарайсындар балалар, сендер бүгін өте жақсы қатыстындар. Робот берген сыйлықты ала қойындар.

Балалар жауап береді.


1.Paint графикалық редакторы сурет салу үшін қолданылатын бағдарлама

2. Геометриялық пішіндер, құю құралы, қарындаш, қылқалам, өшіргіш, лупа, түстер тақтасы бар

Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды: Геометриялық пішіндер мен түстер туралы қарапайым түсінігі бар.

Түсінеді: Paint графикалық редакторы, құралдары туралы мағлұмат алады.

Қолданады: Paint графикалық редакторында геометриялық пішіндерді бояй алады.





























Қызықты лото


Мақсаты: Балалардың логикалық қабілеттерін дамыту. Түстерді ажырату, геометриялық фигуралар туралы түсініктерін кеңейте түсу.


Ойын шарты: Балаларды екі топқа бөлеміз. Мұғалімнің көрсеткен геометриялық фигурасын топ түсіне, пішініне сәйкес тауып, атын атайды да лото тақтасындағы сәйкес фигураны сәйкес түске бояйды.






DrawObject1







DrawObject2

DrawObject3

DrawObject4



DrawObject5





DrawObject6

DrawObject7

DrawObject8


DrawObject9







DrawObject10

DrawObject11

DrawObject12


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!