400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Практикалық жұмыс: Жылу құбылыстары 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жылу алмасу процесін түсінеді, жылу мөлшерін анықтай алады, тәжірибе жасап, есептер шығарып графикті талдай алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі:

Жылу құбылыстары

Педагогтің аты-жөні:

Исембаева Гулнар

Күні:11 .10.21ж.


Сыныбы:8 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Практикалық жұмыс: Жылу құбылыстары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.3.2.5 – жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау;

8.3.2.7 – отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау

8.3.2.11 – заттың балқу және қатаю үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады:жылу алмасу процесін түсінеді;

Көптеген оқушылар істей алады: жылу мөлшерін анықтай алады;

Кейбір оқушылар істей алады: тәжірибе жасап, есептер шығарып графикті талдай алады

Бағалау критерийлері






-жылу алмасу процесін түсінеді;

-жылу мөлшерін түсінеді;

- отынның, судың алған жылуын және мұздың ерігенде алатын жылуын тәжірибеде және есептер шығарғанда қолдана алады;

Құндылықтарға баулу






Берілген есептерді шығаруда қажет формуланы тауып, өлшем бірлігін сауатты жазып, нақты жауабын дұрыс табу арқылы еңбек және шығармашылық құндылығы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин.










«Өткенге қайту»-әдісі

10мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау. Оқушылар мына суретке қарап не түсінуге болады?

Биыл тәуелсіздігімізге 30 жыл екенін білеміз. Осы суретке қарасаңдар шуағынан нұр төгілген күн көзін көреміз, енді біздің суретімізде қарайтын болсақ, не жетіспейді? Күннің нұры, шуағы. Сіздер білесіздер күн көзі арқылы біз жылу аламыз. Күн – жылу берілудің бірден-бір жолы. Күн көзінен берілетін жылу – жылу берілудің түрі сәулелену деп аталады. Енді сіздер жылу құбылыстарының теңдеулерін еске түсіру арқылы күнді шуағымен, нұрымен толтырайық. Барлығымыз бір формуладан жазып жабыстырайық Бүгінгі сабағымыз Жылулық құбылыстар бөліміне практикалық жұмыс және сабақтың мақсатымен таныстырамын

Білім дағдысы: Білу

Оқушылар алдыңғы тақырыпты еске түсіреді Өз ойларын жеткізеді

. Жылу мөлшері Quantity of heat Заттың меншікті жылу сыйымдылығы Specific heat of a matter

Отынның меншікті жану жылуы specific heat of combustion

Балқу Melting

Температура Temperature


Дескриптор:

-жылу процесінің формуласын біледі

- физикалық шаманың белгіленуін біледі

-Өлшем бірліктерін біледі.


Жалпы балл -2


Оқулық 8– сынып








Олқылықты жою 7.2.2.13 – тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру;


ρ = m / V

  m=ρ*V

V=abc

тығыздық  = масса / көлем


Сабақтың ортасы

Практикалық жұмыс

15 мин



І тапсырма

1-топ Суды жылытуға кеткен жылу мөлшерін анықтау (керекті құрал: калориметр, термометр, су, мензурка)

2-топ Отынның жану жылуын есептеу (құрғақ ағаш, көмір, спирт, таразы кесте)

3-топ Мұздың балқуға кеткен жылу мөлшерін есептеу және графигін алу (мұз, таразы, GLX)


Білім дағдысы: Қолдану


Оқушылар видеоны қарайды


Дескриптор:

-жылу мөлшерін есептеуде құралдарды қолдана алады.

-жылу мөлшерінің формулаларын есепке қолдана алады.


Жалпы балл-4



Презентация

Оқулық 8-сынып.

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/molekulalyq-fizika/termodinamika/lesson/zhylusyi-ymdylyq

жұппен жұмыс

«Тиімді уақыт» әдісі

13 мин













Жеке жұмыс

2-тапсырма

Тапсырмалар:

1. Алғашқы температурасы 20°C, 6кг суды қайнату үшін жылудың қандай мөлшері қажет?

2. Массасы 200 г керосин толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?.

3.20С0-тағы 200г нафталинді балқу нүктесіне дейін жеткізіп, оны балқыту үшңн қанша жылу мөлшері жұмсалады?

Ерекше қабілетті оқушыларға берілетін тапсырмалар:

Температурасы 200С болатын 400 кг су температурасы 700С, 100 кг сумен араластырылған. Қоспаның температурасы қандай?

Білім дағдысы: Қолдану (І)

Оқушылар берілген есептерді шығарады

Дескриптор:


-Есептің шартын дұрыс талдайды - Белгісіз шаманың формуласын дұрыс қорытып шығарады

-Берілген шамалардың мәндерін пайдаланып, дұрыс есептеулер жүргізеді.



Жалпы балл- 4


8-сынып оқулық


Сабақтың соңы.



Рефлексия

5 мин

«Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс. Бүгінгі сабақта қандай жаңа, қызықты нәрселер білдіңдер? Сабақ кезіндегі белсенділігіне қарай бағдаршам түстерін таңдаймыз.

Үйге тапсырма:

7-10қайталау

Оқушылар бағдаршам түстерін таңдайды.









Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Оқушылар видеосабақты көру арқылы тақырыпты түсіну мүмкіндігі артады. Оқушылардың деңгейіне байланысты есептер шығарады. Оқушылардың түсінбеген тұстары бойынша көмек беріледі.

- жылу алмасу процесін түсінеді;

-заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсінеді;

-меншікті жылусыйымдылықтың формуласын есептер шығарғанда қолдана алады;

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
650
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі