400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Презентациядағы анимация 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Презентациядағы антмация 4 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің «№277 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бекітемін

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: ______________ Абжалиева Г. Е.

Бөлім:

4 бөлім - Презентациялар (ортақ тақырыбы: "Қоршаған ортаны қорғау")

Педагогтің аты-жөні:

Абдулла Айтолкын Жанибековна.

Күні:

06.03.2026

Сынып: 4 «Б»

Қатысушылар саны: 11

Қатыспағандар саны:1

Сабақтың тақырыбы:

Презентациядағы анимация

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

4.2.3.2 - презентациядағы нысандарға анимация қосу және баптау

Сабақтың мақсаты

-презентациядағы нысандардың анимациясын баптауды қолдана алады;

-презентациядағы ауысуларды орындайды.

Құндылықтарды кіріктіру

Тәуелсіздік пен отаншылдық: отбасының құндылығын түсіну;
қоршаған ортаға қамқорлық жасау.

Дәйек сөздер:

Нағыз патриот – ата-анасын ардақтай білген жан.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Мұғалім оқушылардың жағымды көңіл күйін қалыптастыру мақсатында мотивациялық бейнеролик көрсетеді. Бейнероликте оқушыларға сәттілік тілеп, белсенді болуға және бір-бірін құрметтеуге шақыратын сөздер айтылады.

Біздің апта дәйексөзі:
«Нағыз патриот – ата-анасын ардақтай білген жан.»

Яғни адам алдымен ата-анасын құрметтесе, өз елін де сүйе біледі.


Өткен тақырыпты қайталау.

Мұғалімнің әрекеті

Өткен тақырыпты қайталау мақсатында оқушыларға Educaplay платформасында дайындалған интерактивті тапсырманы ұсынады. Тапсырма барысында презентацияға видео қосу тақырыбы бойынша сұрақтар беріледі.

Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, дұрыс жауаптарды толықтырады және жаңа тақырыппен байланыстырады.

Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі.

- бейнероликті көреді

- айтылған ойды түсінеді

- сабаққа жағымды көңіл күймен қатысады.












- Educaplay платформасындағы интерактивті тапсырманы орындайды;

- берілген сұрақтарға жауап береді;

- өткен сабақтағы білімдерін еске түсіреді.


Мадақтау

Сабақ барысында белсенді болған оқушыға мадақтау сөздерін айтып отыру

Оқулық

Презентация

Интерактивті тақта

https://chatgpt.com/











https://www.educaplay.com/learning-resources/22654402-learning_resource.html


Сабақтың ортасы

10 мин





Жаңа сабақ

Анимация – презентациядағы нысандарға қозғалыс беретін әсер.
PowerPoint бағдарламасында анимация мәтін мен суреттердің пайда болуын, қозғалуын немесе жоғалуын көрсету үшін қолданылады.


Жаңа сабақпен танысады

Мадақтау


Презентация

Интерактивті тақта

Оқулық


5 мин

Топтық тапсырма

Мұғалімнің әрекеті

Оқушыларды 3 топқа бөліп, әр топқа тапсырма береді.
Оқушыларға дайын сөздер мен сөйлем бөліктері таратылады. Оқушылар берілген сөздерді талқылап, дұрыс ретімен орналастырып, А3 парағына желім арқылы жапсырады.

1-топтың тапсырмасы:
«Анимация» ұғымына анықтама құрастыру.
Берілген сөздерді дұрыс ретпен орналастырып, анықтаманы құрастырады.

Мысалы:
Анимация – презентациядағы нысандарға қозғалыс беретін әсер.

2-топтың тапсырмасы:
«Анимация қосудың алгоритмін» құрастыру.
Берілген әрекеттерді дұрыс ретімен орналастырады.

Алгоритм:

  1. Слайдқа нысан енгізу

  2. Нысанды белгілеу

  3. Анимация мәзірін таңдау

  4. Қажетті әсерді таңдау

3-топтың тапсырмасы:
«Анимация түрлерін» анықтау.

Мұғалім анимация түрлері жазылған карточкаларды таратады. Оқушылар берілген атауларды А3 парағына жапсырып, әр анимация түрінің мағынасын айтып түсіндіреді.

Анимация түрлері:
Кіру — сурет экранға пайда болады.
Ерекшелеу — сурет жарқырайды.
Шығу — сурет экраннан жоғалады.
Қозғалыс жолы — сурет қозғалады.

Тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріледі. Топтар өз жұмыстарын қорғайды.

Тапсырманы орындайды



- топ ішінде бірлесе жұмыс жасайды

- берілген сөздерді талқылайды

- дұрыс ретін анықтайды

- А3 парағына жапсырады

- анимация түрлерінің мағынасын айтады

-топ жұмысын таныстырады


Дескриптор:

-анимация ұғымын анықтайды;

-анимация қосудың алгоритмін дұрыс реттейді;

-анимация түрлерін ажыратады.


Жұмыс парағы

Компьютер

Оқулық

Интернет



6 мин

Жұптық жұмыс

Практикалық тапсырма

Мұғалімнің әрекеті

Оқушыларға мақал мен қолданылатын анимация түрлері берілген тапсырма ұсынады. Оқушылар мақалды слайдқа енгізіп, берілген анимация түрлерін қолданады. Әр жұпқа бір анимация түрі беріледі.

Жұптар бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, өзара бағалайды.




Сергіту сәті

Тапсырманы орындайды

- жұппен жұмыс жасайды.

- мақалдарды слайдқа енгізеді

- берілген анимация түрлерін қолданады

- бір-бірінің жұмыстарын тексереді

- өзара бағалайды



Дескриптор:

- мақалды слайдқа енгізеді;

- мәтінге анимация әсерін қолданады;

- анимация түрлерін дұрыс таңдайды.


Жұмыс парағы

Компьютер

Анимациялар

-Вылет (Ұшып шығу)
-Появление (Пайда болу)
- Качание (Тербелу)
- Панорама (Панорама)
- Исчезновение (Жоғалу)
- Линии (Сызық бойымен қозғалу)

10 мин









Жеке жұмыс

Мұғалімнің әрекеті

Оқушыларға дайын презентация файлын ұсынады. Оқушылар берілген слайдпен жеке жұмыс жасайды.

Тапсырма:

  • слайд тақырыбына анимация қосу;

  • әр слайдқа ауысу әсерін (переход) қолдану;

  • құстың ұшып келу қозғалысын көрсету үшін қозғалыс жолын (сызығын) сызу.

Мұғалім тапсырманың орындалу жолын қысқаша түсіндіріп, қажет жағдайда бағыт береді.


Практикалық тапсырманы орындайды

САРАЛАУ: Жеке қолдау

- дайын презентацияны ашады;

- слайд тақырыбына анимация қосады;

- слайдтарға ауысу әсерін қолданады;

- құстың ұшу бағытын көрсету үшін қозғалыс жолын сызады;

- тапсырманы жеке орындайды.


Дескриптор:

- слайд тақырыбына анимация қосады;

- слайдтарға ауысу әсерін қолданады;

- қозғалыс жолын қолдана алады;

- тапсырманы өз бетінше орындайды.


Презентация

7 мин

Сабақты бекіту

Мұғалімнің әрекеті

Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға интерактивті онлайн тапсырма ұсынады. Оқушылар берілген сілтеме арқылы анимация тақырыбы бойынша тапсырманы орындайды.

Интерактивті тапсырма:
https://edata.kz/c359he40mp10h37b


Сұрақтарға жауап береді

- берілген сілтеме бойынша тапсырманы орындайды;

- анимация түрлерін анықтайды;

- дұрыс жауаптарды таңдайды.


Дескриптор:

-дұрыс жауапты таңдайды;

- тапсырманы орындайды.

Интерактивті тақта

Интернет желісі

Онлайн тапсырма https://edata.kz/c359he40mp10h37b


Үйге тапсырма

1 мин

Үй жұмысы:

Оқушыларға презентацияда анимацияны дұрыс пайдалануға көмектесетін 3-5 ереже жаса

Тақырыпты оқиды

Жазып алады

оқулық

Сабақтың соңы

1

минут


Рефлексия

Сабақ қорытындысы.

Мұғалімнің әрекеті

Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алады. «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылар өз түсініктерін білдіреді.

  • ? Жасыл – Мен презентацияға анимация қоса аламын.

  • ? Сары – Мен түсіндім, бірақ өзім жасауға әлі сенімді емеспін.

  • ? Қызыл – Маған көмек керек.

- сабақтағы өз түсінігін бағалайды;

- тиісті түсті таңдайды;

- өз пікірін білдіреді.


Ауызша мадақтау

Интерактивті тақта

Білім бағдаршамы




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10.03.2026
4
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі