1 Желтоқсан – Тұңғыш президент
күні
Мақсаты: Жас
ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға
екенің таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға
тәрбиелеу. Көрнектіліктер: Елбасы суреті, рәміздер,
дидактикалық
ойын.
Тәрбие сағатының
барысы
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы,
біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Кәне балалар, қонақтармен
амандасайық.
Балалар: Саламатсыздар
ма!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,
балалар! Кәне енді бәріміз шеңберге тұрайық. Шаттық шеңбері: Әнұран
орындалады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!
Балалар бүгін біз сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында
айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім
бейнеленген?
Балалар: Нұрсұлтан
Назарбаев!
Тәрбиеші: Дұрыс, Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер
ме?
Балалар: Ол біздің
президентіміз!
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан
Республикасының тұңғыш президенті. Балалар, сендердің мамаларың,
папаларың жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент
болу. Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім
біледі?
Балалар: Астанада!
Тәрбиеші: Дұрыс! Астанада Ақордада. Балалар
Астанада тағыда не бар? Балалар: Астанада Бәйтерек
бар!
Тәрбиеші: Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің
символы. Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер
ме?
Балалар: Иә, білеміз. Олар: ту, әнұран және
елтаңба.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар «Туды
құрастыр» ойынын ойнайық. Мен сендерге геометриялық пішіндерді
беремін, сендер бұл пішіндерден туды құрастыруларың керек. Кім
бірінші болып құрастырады екен? Жарайсыңдар, балалар! Балалар,
біздің туымызға қараңдаршы, не белгіленген?
Балалар: Күн, бүркіт, ою.
Тәрбиеші: Дұрыс! Ал бұл суреттер не білдіреді,
білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың түсі
қандай?
Балалар: Көк!
Тәрбиеші: Дұрыс! Ол аспанымыз ашық болсын дегенді
білдіреді. Күннің бейнесін қараңдаршы – күннің сәулелері біздің
еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы
күн – 100 ді білдіреді, ал сәулелері отыз екен. Қыранның бейнесі –
еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін деген. Және
туымыздың жанында оюлар бар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы
екенін білдіреді. Енді балалар Елтаңбамызға қараңдар. Елтаңбаның
ортасында не тұр?
Балалар: Шаңырақ!
Тәрбиеші: Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің
елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің, отбасының бейнесін білдіреді.
Тағы да не бар?
Балалар: Ат бар!
Тәрбиеші: Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің
ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол
– біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал
астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін
білдіреді. Шаршадыңдар ма балалар? Балалар: Иә,
шаршадық!
Тәрбиеші: Кәне келіңдер сергіту сәтіне. Біз
бақытты баламыз, Шырқап әнге саламыз. Туыспыз біз бәріміз, Бір
Отанды сүйеміз
Қорытынды: Балалар біз бүгін сабақта кім туралы
айттық?
Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев
туралы.
Тәрбиеші: Ол кім?
Балалар: Ол біздің елдің тұңғыш
президенті.
Тәрбиеші: Дұрыс! Біздің еліміз қалай
аталады?
Балалар: Қазақстан!
Тәрбиеші: Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін
атап беріңдерші. Олар нені білдіреді?
Жарайсыңдар, балалар! Осымен сабағымыз аяқталды.
Орнымыздан тұрып, келген қонақтарды шығарып
салайық.
«Павлодар
қаласының № 16 сәбилер бақшасы»
МҚКК
«1 Желтоқсан – Тұңғыш президент
күні»
Тәрбие
сағаты
Ересек В «Ақбұлақ»
тобы
Тәрбиешілері: Дубай
А
Шалабаева
Д
Павлодар
2021 ж.