«Кәусар»
балабақшасы КМҚК
Тақырыбы:
1
Желтоқсан – Тұңғыш президент күні
Дайындаған
: «Балапан» тобының тәрбиешісі Алашбаева
И Д
Далақайнар
ауылы
2019
– 2020 оқу жылы
1
Желтоқсан – Тұңғыш президент күні
Мақсаты:
Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы
талант иесі, құдіретті тұлға екенің
таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан
үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнектіліктер:
Елбасы суреті.
Тәрбиеші:
Балалар, қараңдаршы, біздің сабағымызға
қонақтар келіп отыр. Кәне балалар,
қонақтармен амандасайық.
Балалар:
Саламатсыздар ма!
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді бәріміз
шеңберге тұрайық.
Шаттық
шеңбері:
Әнұран орындалады.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар балалар! Балалар бүгін біз
сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті
жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы,
мына суретте кім бейнеленген? Балалар:
Нұрсұлтан Назарбаев!
Тәрбиеші:
Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал,
балалар ол кім екенін білесіңдер ме?
Балалар:
Ол біздің
тұңғыш
президентіміз!
Тәрбиеші:
Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының
тұңғыш президенті. Біздің президентің
жұмыс орны қайда, кім біледі?
Балалар:
Астанада! Тәрбиеші: Дұрыс! Астанада
Ақордада, кәзір ол бас қала Нұрсұлтан
деп аталады. Балалар Астанада тағыда
не бар?
Балалар:
Астанада Бәйтерек бар! Тәрбиеші: Дұрыс!
Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы.
Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін
білесіңдер ме?
Балалар:
Иә, білеміз. Олар: ту, әнұран және елтаңба.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар! Балалар «Туды
құрастыр» ойынын
ойнайық. Мен сендерге геометриялық
пішіндерді беремін, сендер бұл пішіндерден
туды құрастыруларың керек. Кім
бірінші болып құрастырады екен?
Жарайсыңдар, балалар! Балалар, біздің
туымызға қараңдаршы, не белгіленген?
Балалар:
Күн, бүркіт, ою.
Тәрбиеші:
Дұрыс! Ал бұл суреттер не білдіреді,
білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың
түсі қандай?
Балалар:
Көк! Тәрбиеші: Дұрыс! Ол аспанымыз ашық
болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін
қараңдаршы – күннің сәулелері біздің
еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде
жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 ді
білдіреді, ал сәулелері отыз екен.
Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан
биікте самғасын, биіктен көрінсін
деген. Және туымыздың жанында оюлар
бар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы
екенін білдіреді. Енді балалар Елтаңбамызға
қараңдар. Елтаңбаның ортасында не тұр?
Балалар:
Шаңырақ! Тәрбиеші: Дұрыс! Балалар шаңырақ
біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің,
отбасының бейнесін білдіреді. Тағы
да не бар?
Балалар:
Ат бар! Тәрбиеші: Дұрыс, қанатты ат бар.
Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың
қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол
– біздің еліміз әрқашанда биіктен
көрінсін деген ойды білдіреді. Ал
астындағы «Қазақстан» деген жазу
Елтаңбаның біздің елдікі екенін
білдіреді. Шаршадыңдар ма балалар?
Балалар: Иә, шаршадық!
Тәрбиеші:
Кәне келіңдер сергіту сәтіне.
Біз
бақытты баламыз,
Шырқап
әнге саламыз.
Туыспыз
біз бәріміз,
Бір
Отанды сүйеміз
Қорытынды:
Балалар біз бүгін сабақта кім туралы
айттық?
Балалар:
Нұрсұлтан Назарбаев туралы.
Тәрбиеші:
Ол кім?
Балалар:
Ол біздің елдің тұңғыш президенті.
Тәрбиеші:
Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?
Балалар:
Қазақстан!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін
атап беріңдерші.
Олар
нені білдіреді?
Жарайсыңдар,
балалар! Осымен сабағымыз аяқталды.
Орнымыздан тұрып, келген қонақтарды
шығарып салайық.