400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Президенті елімнің" мектепалды даярлық тобында

Материал туралы қысқаша түсінік
даярлық топта,сыныпта ашық сабаққа.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Президенті елімнің.

Мақсаты: 1.Балаларға Қ.Р.Президенті Н.Ә.Назарбаевтың туып-өскен, . оқып білім алған,еңбек жолының басталуы туралы мағлұмат

беру.

2.Тіл мәдениетін жетілдіру.

3.Елбасының еңбек жолынан үлгі алып,еліне деген патриоттық

сезімдерін ояту,халқын сүюге,білімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қ.Р. рәміздері,картасы,Елбасының суреті,сөзжұмбақ,слайд.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,көрсету.



Сабақтың барысы:

Балалар бәріміз орнымыздан тұрып,сабағымызды мемлекетіміздің Гимнімен бастайық.

Шаттық шеңбері: Балалар,қане бәріміз шаттық шеңберіне тұрып,бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.

Балалар,бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Президенті елімнің».

-Балалар,Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?

-Н.Ә.Назарбаев.

-Өте дұрыс!Олай болса,елбасымыздың өмір жолымен таныс болу үшін мына слайдқа назар аударайық.

-1991 жылы 1-желтоқсанда тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті.Сайлау нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев басым дауыспен (98,7) жеңіске жетті.

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап,мемлекеттік рәміздерін де қабылдады.

-Қ.Р.Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?

-Қ.Р.Мемлекеттік рәміздеріне ту,елтаңба,гимн жатады.

-Өте дұрыс!Тудың түсі қандай?

-Туда не бейнеленген?

-Елтаңбада нелер бейнеленген?

Балалардың жауаптарын толықтыру.

Сергіту жаттығуы.

Тату-тәтті достармыз,

1-2-3

Қол шапалақтап,

Отырмаймыз босқа біз.

1-2-3

Оқу оқып,білім алып,

Би билейміз,ән шырқап.

1-2-3

Оң жақтағы досыңа,сол жақтағы досыңа,

Қолыңды бер тосылма.

Жоғары қарап үн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім,

Оңға,солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

Өте жақсы балалар! Енді Елбасымыз жайлы,Отан жайлы тақпақ кім біледі?

Тұратұғын болашақтың үні кеп, Дархан

Тартылар күй айтылатын жыры көп.

Ерекше бір еркіндік бауырлар,

Басшымыздың бүгін туған күні деп.

Ауыр күнді артымызда тастауы- Самал

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім,дінім,ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, Дарья

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім,елбасы аман болғай,

Мәңгі жаса,жас қазағым,ер халқым!



Туды ұстап тура жолға түсіріп, Санжар

Жас Отанның өмірін де түсініп.

«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

Елбасымыз саған мәңгі разымыз, Сұлтан

Үлкен – кіші ,ағайындар бәріміз.

«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де,әніміз.

Далада думан,қалада думан жыр бүгін, Абдурахман

Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім.

Жасай бер,жаса асқардан аса әрқашан,

Кеудеме әке қалдырған бақыт бұлбұлым.

Болашағы Қазақстанның алдағы, Айым

Орындалсын қазағымның арманы.

Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан,

Халқымыздың таңдап алған таңдауы.

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық, Глеб

Басқалармен терезесі тең болдық.

Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай,

Отан үшін болуға да құрбандық.

Асқақ болып еліміздің жалауы, Ақнұр

Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы.

Еңбек,достық,бейбітшілік береке,

Қазақстан Республикасының қалауы.

-Тамаша!Жарайсыңдар,балалар!

Енді,сөзжұмбақ шешіп көрейік. «Елбасы» сөзжұмбағы.

Жақсы,балалар,бізге ұлттық арнадан тілшілер келіп қалыпты. Олай болса олардың қоятын сұрақтарына жауап беріп көріңдер.

-Балалар,Тұңғыш Президент күні тағы да құтты болсын!Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын! Аспанымыз ашық боп,көк туымыз желбірей берсін! Елімізде бейбітшілік болсын деп,Ақнұр мен Сұлтанның орындауында «Әрқашан күн сөнбесін!»әнін қабыл алыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
436
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі