400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Процентке байланысты мәтін есептерді шығару. 5-сынып. Математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Процентке байланысты мәтін есептерді шығару. 5-сынып. Математика 2-бөлім
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Бөлім: 5.4 А Процент

Педагогтің аты-жөні:

Ахметова Жаңагүл Аралбайқызы

Күні: 6.04.2023 ж


Сыныбы: 5 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мәтінді есептерді шығару

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

5.5.1.6 процентке байланысты мәтінді есептерді шығару.

Сабақтың мақсаты:

Процентке байланысты мәтінді есептерді шығарады


Сабақтың барысы:


Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурс

Сабақтың басы


8мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгелдеп,зейінін сабаққа аудару.


2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


3.Топқа бөлу (оқушыларға жайбөлшекпен және ондық бөлшекпен сандар жазылған түрлі фигуралы қағаз қиындылары таратылады. 1/10; 0,1; 1/4; 0,25; 1/2; 0,5; 3/4; 0,75)

1- топ: 10%

2- топ: 25%

3- топ: 50%

4- топ: 75%

1.Оқушылар мұғаліммен амандасады.

2. Сабаққа дайындалады.



Осы біздер қандаймыз?

Талабы биік таудаймыз.

Ақылдымыз,парасаттымыз,көңілдіміз,

Үлкенге ізеттіміз,

Кішіге құрметтіміз.

Көп оқимыз,білімдіміз!



Оқушылар қағазда жазылған жай бөлшекке және ондық бөлшекке сәйкес процент жазылған топқа орналасады.








Оқушылардың белсенділігі үшін «Жарайсың!», «Керемет!» сөздерімен мадақтау,ынталандыру



Қима қағаздар, слайд

Математика 5 сынып 2-бөлім

«Атамұра»2017

Сабақтың ортасы

32 мин



Ой қозғау «Үш сұрақ» әдісі

1. Не? % -ненің белгісі?

2. Не үшін? Процент ұғымы не үшін қолданылады деп ойлайсыңдар?

3. Қайда? Күнделікті өмірде пайыз ұғымы қай жерде қолданылады?



Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

1. Процент белгісі.

2.Заттың бағасының өсуі мен кемуін, өндірісте межелеген жоспарлардың орындалуын, оқушылардың үлгерімдерін және т.с.с шамаларды өзгеруін салыстыру үшін.

3. Оқушылар өз айналасындағы, күнделікті тұрмыста кездесіп жатқан пайызға байланысты мысалдарды атайды.


Оқушылардың белсенділігі үшін «Жарайсың!», «Керемет!» деген сақтау сөздерімен бағалайды

Слайд

Суреттер

Топтық жұмыс

№1. «ТEXNODOM» сауда орталығында үшінші затқа 50 % жеңілдік жүріп жатыр. Арман 85000 теңге тұратын велосипедті алу үшін міндетті түрде көрсетілген екі затты алуы қажет. Арман егер осы мүмкіндікті пайдалаланса барлығына қанша теңге жұмсар еді?


№2. «Sulpak»сауда орталығының сөресінде бастапқы бағасы 660000 теңге, кейінгі бағасы 528000 теңгеге бағаланған теледидар тұр. Теледидар бағасына қанша пайыз жеңілдік жасалған?


№3. «Alser» сауда орталығында 420000 теңге тұратын ноутбук 20 %-ға қымбаттаған . Ноутбуктың соңғы бағасы қанша теңге және сатып алса қанша теңге артық ақша жұмсалады?


№4. «Mechta» сауда орталығында жылдың басында арнайы күндерде 650000 теңге тұратын Айфон ұялы телефонына 15 % жеңілдік жүрді. Ұялы телефонның соңғы бағасы қанша және неше теңге үнемдеуге болады?



Оқушылар топта бірлесе жұмыс жасайды. Есепті талдайды. Жауабын айтады және дайын жауап арқылы салыстырады.

1-есеп . Шешуі:



2-есеп. Шешуі:

Жауабы: 20%




3-есеп. Шешуі:

Жауабы: 504000 тг; 84000 тг



4-есеп. Шешуі:

Жауабы: 552500 тг; 97500 тг



Дескриптор:

-мәтінді оқиды,талдайды;

-есептеу жүргізеді;

-жауабын жазады.


Топтар, белсенді оқушылар бонус арқылы бағаланады




«Мәтін есептер»

Қосымша оқулық

Оқулықпен жұмыс


№ 1154. (127-бет)

Шофер 5 күндік жоспарын 15%-ке артық орындап, 133,4 т бидай тасыды. Шофер бір күнде жоспардан артық неше тонна бидай тасыды?








Сергіту




Жеке жұмыс

«Кім жылдам?»

№1. Сырымда 400 теңге бар. Ол ақшасының 30 % -ын жұмсады? Сырым қанша теңге ақшасын жұмсады?





№2. Домбыра үйірмесінде 60 оқушы бар.Бұл – өнер мектебіндегі барлық оқушының 25 %-і. Өнер мектебінде барлығы неше оқушы бар?




№3. Сауда орталығында 5000 теңге шалбарға 20 % жеңілдік бар. Дулат дәл сондай екі шалбарға неше теңге жұмсайды?


Оқушы мәтінді оқиды, талдайды, орындайды.

Шарты:

Жоспарлы тасылатын бидай – х

Тасылған бидай -133,4 т

Артық орындалған пайыз -15 %

Бір күнде жоспардан артық неше тонна бидай тасыды-?

Шешуі:

100% +15 % = 115%

Жауабы: 3,48 т



Оқушылар бір мезгілде екі қолмен ақ параққа үшбұрыш және төртбұрыш салады


1-есеп. Шарты:

Барлық ақша – 400 тг

Жұмсалғаны - 30 %

Жұмсалған ақша -?

Шешуі:

Жауабы: 120 тг



2-есеп. Шарты:

Барлық оқушы – ?

Домбыра үйірмесіне - 60

Шешуі:


Жауабы: 240 тг


3-есеп. Шарты:

1 шалбар – 5000 тг

Жеңілдік - 20%

2 шалбар -?

Шешуі:

Жауабы: 8000 тг


Дескриптор:

Пайызды бөлшекпен өрнектейді;

-есептеулер жүргізеді;

-жауабын жазады.

Тапсырманы алғашқы орындаған оқушыларға бонус беріледі









Дескриптор:

-мәтін есептің шартын жазады;

-пайызды бөлшекпен жазады;

- берілген санның пайызын анықтайды;

Жалпы - 3 балл.


Дескриптор:

-мәтін есептің шартын жазады;

-пайызды бөлшекпен жазады;

-пайызы бойынша санды анықтайды;


Жалпы - 3 балл.


Дескриптор:

-мәтін есептің шартын жазады;

-пайызды бөлшекпен жазады;

-пайызы бойынша санды анықтайды;

- жалпы жұмсалған ақшаны есептейді.

- Жалпы - 4 балл


Сабақтың соңы

5 мин

Қорытындылау

Wordwall платформасы арқылы

1. Бір процент деп нені айтамыз?

2. Берілген санның процентін қалай табамыз?

3. Проценті бойынша санды қалай табамыз?

4. 1 килограмның 25

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
328
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі