400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Программалық жабдықтама" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмегі тиеді деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы




Пәні: Информатика Сабақ реті: №11-12


Сыныбы:

5

Күні:

13.12.2018


Тақырыбы:

Программалық жабдықтама

Оқу мақсаттары

Программа туралы түсінік, программалық жабдықтама ұғымын меңгерту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру

Жетістіктер

критерийлері

Барлық оқушылар

  1. Программа, программалық жабдықтама ұғымымен,операциялық жүйе, драйвер ұғымдарымен танысады.

  2. Біліп үйренгендерін қолданып, практикалық және теориялық түрде берілген тапсырмаларды орындайды.

Оқушылардың басым бөлігі

Жүйелік программалық жабдықтама, қолданбалы программалық жабдықтама(қосымшалар), программалыу жүйелері туралы білімдері қалыптасады.

Кейбір оқушылар

Білімін жинақтайды, рефлексия жасайды: программа туралы түсінік, программалық жабдықтама, операциялық жүйе, драйвер туралы ақпараттар алады

Өткен тақырып



Қолданылатын тәсілдер

СТО, «Миға шабуыл», «Бес сұрақ», «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі, «Жариялау әдісі».


Қолданылатын ресурстар

АКТ, флипчарт, слайд, оқулық


Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, әдебиет, математика


Жұмыс түрлері

Тапсырмалар,

қосымшалар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

(нәтижесі)



I кезен



Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңберін құру. «Сәттілік тілеу»


Сынып окушыларынын зейінін сабаққа аудару. Психолоғиялык ахуал қалыптастыру. Топтастыру.

Сурет қиындылары аркылы топтасу.

« Программалық жабдықтама», «Жүйелік программалық жабдықтама»

«Қолданбалы программалық жабдықтама» топтарына бөлінеді.



Үй тапсырмасын тексеру

«Бес сұрақ» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау.

  1. Ақпараттың өлшем бірліктерін атаңдар.

  2. Ақпарат көлемі деген не?

  3. Ақпараттың түрлерін ата?

  4. Ақпаратты сақтайтын құрылғылар?

  5. Аұпаратты қабылдау мүшелері?

  6. Ақпараттың қасеттері?


Әр топқа есептер беру арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді және есептерді шығарады.



Қызығушылығын ояту, мэселе қою

«Миға шабуыл» әдісі арқылы көпір тапсырмасы сұралады.

Компьютер ақпаратты қалай өңдейді?

Операциялық жүйе ұғымын қалай түсінесіңдер?

Мұғалім жауаптарын тыңдайды. Толықтырады.

Көпір тапсырмаларында берілген сұрактарға әр топ сыни тұрғыдан ойлау арқылы жауап береді.



II кезең



Теория бойынша оқулықтағы «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинактау» тапсыр- малары

(топтық жұмыс, презентация корғау, мұғаліммен бірге талдау)

«Ойлан, жұптас,бөліс»Мазмұнды сызбамен жұмыс. Әр топка берілген такырып бойынша: акпарат ұғымы туралы мазмұнды сызба (постер) дайындау және қорғау тапсырмасы беріледі.

  1. топ. Жүйелік программалық жабдықтама

  2. топ. Қолданбалы программалық жабдықтама.

  3. топ. Операциялық жүйе (топтық жұмыс).

«Білу» тапсырмасы бойынша оқушылар сұрақтарға жауап береді.

«Түсіну» тапсырмасында берілген сыни сұрактарға жауап береді.

«Талдау» тапсырмасындағы драйвер мен утилиттерді, алғашқы операциялық жүйе мен қазіргі операциялық жүйелердің мүмкіндіктерін салыстырады.

Жаңа сабакты менгерту мақсатында жана ұғымдармен, материалдармен таныстыру,видео мен слайдтарды көрсету арқылы мәліметтер беру.




Топ бойынша орындалған тапсырмаларды тексеру.




Әр қадам тапсырмалары- на нұскау беру, тексеру.



Оқушылардың мұндағы мақсаты — берілген тапсырмаларды қатесіз, топпен бірлесе отырып орындау.




Оқулықпен жұмыс жасау.







Қадам тапсырмаларын дұрыс орындау.




«Жинақтау» тапсырмасында берілген сөзжұмбақты шешеді.

«Қолдану» тапсырмасы бойынша оқушылар компьютермен практикалық жұмыстар орындайды.

Тапсырмада берілген мәтінді компьютерге теріп, бос орындарға тиісті сөздерді қояды


Сөзжұмбақ «Программа».

Жауаптары:

Ақпарат

Пернетақта

Қолданбалы

Гигабайт

Растрлық

Драйвер

Әмбебап

Модем

Графика

Оқушылар тақтаға шығып сөзжұмбақтың жауаптарын жазады



Сергіту сәті

«Shopping» ойыны

Оқушылармен бірге сергіту жасау.

Суреттердің атын үш тілде айтып шығады.




Ш кезең

«Қолдану» және «Бағалау» тапсырмалары

«Жинақтау» тапсырмасында берілген кестені дәптерлеріне толтырады

«Баға беру» тапсырмасындағы

Жүйелік программалық жабдықтама мен қолданбалы жүйелік программалырдың қолданылатыны туралы айтып ойларымен бөліседі.


Оқушылардың орындаған тапсырмаларын тексеру, білмеген жағдайда бірлесе отырып орындату. Оқушылардың айтқан ойларын тыңдау, ой қосу.

Оқушылар тақырып бойынша берілген тапсырмаларды компьютерде орындайды. Теориялық білімін бекіту арқылы біліктілігі қалыптасады.






Оқушылардың барлығы бірдей тапсырмаларды орындайды

Бағалау, кері байланыс «Ойды аяқта»

«Бес саусақ» әдісі бойынша топ мүшелері бірін-бірі бағалайды.

Стикерге сабақ туралы өз ойларын жазу.

Мұғалім оқушылар жауаптарын тексеріп, бағалау парағына ба- ғалардың қойылғанын қадағалайды.

Оқушылар бірін-бірі бағалайды. Стикердегі кері байланыстарын тақтаға іледі.

Үй тапсырмасы:

§ 11-12-ні оқу, анықтамаларды жаттау.

Окушыларға бағдар беру, түсіндіру, үй тапсырмасының қалай орындалу керектігіне шолу жасау.

Оқушылар үй тапсырмасын орындайды

Қорытынды: Сабақтың соңына дейін әр оқушы 6 қадам тапсырмаларын үлгергенінше орындайды, қалғанын үйге алады. Сабақтың соңғы үш минутында сыныпта жинаған балл санын әр оқушы өздерінін жеке бағалау парағына белгілейді. Оған келесі сабақтың басында үйде жинаған балы қосылып, барлық балл саны мониторингке тіркеледі, сәйкес бағасы сынып журналына қойылады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
761
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі