жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Программалық қамтамасыз етудің жіктелуі" 8 сынып
|
Күні: 11.01-14.01-16.01 Сынып: 8 |
Мектеп: «№3 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сі Мұғалімнің аты-жөні: Нурболатова Г.К. |
|||||||||||||
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.3А бөлім. Программалар жасаудың кіріктірілген орталары |
||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Программалық қамтамасыз етудің жіктелуі |
|||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.1.2.1 - жүйелік, қолданбалы программалық қамтамасыз ету және программалау жүйесін ажырату |
|||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
Білу және түсіну: Жүйелік, қолданбалы жасақтамалары мен программалау жүйелерін ажырата алады; Қолдану: Компьютерде орналасқан программа түрлерін анықтай алады Талдау: Бірдей пакетте орналасқан программаның айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айыра алады. Жинақтау: Программа жасақтамаларының күнделікті пайдаланатын түрлерін анықтап, оларға мысал келтіре алады. Бағалау: Әр мамандық саласында қолданылатын программа түрлерін анықтай алады |
|||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
|
|||||||||||||
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер |
|
|||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; Қарым-қатынас жасау қабілеті. |
|||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Ағылшын тілі |
|||||||||||||
|
Алдыңғы білім
|
Оқушылар әзірленетін жоба интерфейсіне қойылатын талаптарды орындайды. |
|||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||
|
Сабақтың басы Ұйымдастыру |
Сыныппен амандасу,ұйымдастыру, сынып оқушыларын үш топқа бөлу. Оқушылар топқа бөлініп отырады. Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді
«Програмалық қамтамасыз етудің жіктелуі» І. Ақпараттар блогы (8 мин) Жоспар:
Жаңа тақырыпты оқушыларға өз бетімен меңгерту тапсырмалары. 1-слайд.
1. Компьютерге арналған барлық программалардың жиынтығын ________________________ деп атаймыз. 2. ________________________ көмегімен адам және компьютер арасында байланыс орнатылады. 3. ________________________ішіндегі ең маңыздысы қатқыл дискіде сақталатын операциялық жүйе болып табылады. 4. ________________________ - компьютерде процессор, жедел жады, сыртқы жад, файлдар жүйесін басқаратын программалар тобы. 5. Дербес компьютерлерде кең тараған операциялық жүйелер: ________________________________________________________ 6. ________________________ - бұл белгілі бір проблемалық сала шеңберіндегі қандай да мәселенің шешуіне ықпал тигізетін кез келген түрдегі нақты программа. 7. Дербес компьютерлерде кең тараған қолданбалы программалар: __________________________________________ 8. ________________________ - дербес компьютерлерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыруға арналған программалық жасақтама. 9. Дербес компьютерлерде кең тараған программалық жүйелік жасақтама түрлері: ________________________________________
ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы «Сәйкестендіру» программалық жасақтамаға жататын программалармен сәйкестендіру.
|
Оқулық, интербелсенді тақта, топқа бөлу қағазы
Тапсырма қағаздары
Жаңа тақырып жазылған қағаз кесінділері
Слайд
Слайд, тапсырма қағаздары
Слайд, тапсырма қағаздары
|
||||||||||||
|
Сабақтың ортасы
|
ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы А деңгейі. (Білу және Түсіну) «Дұрысын тап». Оқушылар тестілік бағдарламадан жаңа тақырыпқа байланысты тест жұмысын орындайды. 1. Компьютерге арналған барлық программалардың жиынтығын ________________________ деп атаймыз. а) Программалық жүйелік жасақтама ә) Жүйелік программалық жабдықтама б) Қолданбалы программалар в) Программалық жабдық
2. ________________________ көмегімен адам және компьютер арасында байланыс орнатылады. а) Программалық жүйелік жасақтама ә) Жүйелік программалық жабдықтама б) Қолданбалы программалар в) Программалық жабдық
3. ________________________ - бұл белгілі бір проблемалық сала шеңберіндегі қандай да мәселенің шешуіне ықпал тигізетін кез келген түрдегі нақты программа. а) Программалық жүйелік жасақтама ә) Жүйелік программалық жабдықтама б) Қолданбалы программалар в) Программалық жабдық
4. ________________________ - дербес компьютерлерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыруға арналған программалық жасақтама. а) Программалық жүйелік жасақтама ә) Жүйелік программалық жабдықтама б) Қолданбалы программалар в) Программалық жабдық
Дескриптор
В деңгейі Компьютер бөлмесінде орналасқан компьютерлерге орнатылған программалардың ішінен 3 программаны анықтап, оның программалық жабдықтың қайсы түріне жататынын анықтаңдар.
Дескриптор - программа атын анықтаса – 1 ұпай - программа жабдық түрін анықтаса – 1 ұпай
С деңгейі MS Word және MS Excel программасының айырмашылықтары мен ұқсастығын анықта.
Дескриптор
|
Интербелсенді тақта, оқулық, дәптер, тапсырма қағаздары |
||||||||||||
|
Сабақтың соңы |
Интелектуальды трениг блогы Топтық жұмыс. Программалық жабдық түрлерінің компьютердегі маңызын бағала. Себебін дәлелді мысалдармен түсіндіру. 1-топ. Жүйелік программалық жабдықтама 2-топ. Қолданбалы программалар 3-топ. Программалық жүйелік жасақтама Дескриптор
Күтілетін нәтиже Мұғалім қызметінде күнделікті қолданаты қолданбалы программа атауын атап өтіңіздер. Себебін түсіндіріңіздер. |
Интербелсенді тақта слайд |
||||||||||||
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||||||
|
Бұл сабақта оқушыларға жеке, деңгейлік тапсырма беріледі
|
Оқушылар топтық, жұптық, деңгейлік тапсырмаларды орындайды. Әр тапсырманың дұрыс жауабына ұпай беріліп отырылады. Сол жинаған ұпай сандары арқылы оқушыларбағаланады. |
Оқушылар компьютер алдындағы қауіпсіздік ережесін үнемі сақтайды. Сабақта сергіту жаттығулары жасалынады. |
||||||||||||
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
||||||||||||||





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген