400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Ашық сабақ Психология ғылымы туралы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Психология ғылымы туралы түсінік

II Сабақтың мақсаты:

Психология ғылымы ,оның тарихы тақырыбын толық жан-жақты ашып түсіндіре отырып,теориялық жағын практикамен байланыстыра отырып оқушыларға меңгерте білу.

Білімділік: Әрбір оқушыны өздігінен білім алуға үйрету, және оқыту. Білім алудағы негізгі талаптарды іске асыру,білімді терең толық жүйелі саналы түрде игерту.

Дамытушылық: Оқушының сөйлеу қабілетін, сауаттылығын дамыту,сөздік қорын арттыру,ойлау қабілетін арттыру,өз ойын нақты ,дәл жеткізе білуге үйрету.Оқушының дүниетанымын және ғылымға деген қызығушылығын тудырып ,дамыту.

Тәрбиелік: Халықтық салт сана мен халықтық тәлім тәрбие беру.Өз Отанын ,ұлтын, туған жерін сүйе білуге,ерлікке ,адамгершілікке ,тіл өнеріне тәрбиелеу.

III Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

IV Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау,баяндау, әңгіме, түсіндіру,жүйелеу, ауызша және жазбаша шығармашылық жұмыс.

V Пәнаралық байланыс: педагогика,психология

VI Көрнекілік құралдар: интерактивті тақта

Пайдаланылған әдебиеттер: Жарықбаев Қ. Б. Психология негіздері: Оқулық. Алматы: Эверо

VII Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

-Оқушылармен амандасу.

-сабаққа даярлықты тексеру, жоқ оқушыларды белгілеу.

-Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

VIII Жаңа сабақ

Сағат бойынша достар.Оқушыларға тақтада көрсетіліп тұрғандай сағаттың суретін салу тапсырылады. Сағат суретін салғаннан кейін әр сан тұсына сыныптасының есімін жазу тапсырылады. Кейін оқушыларға тақтадан 1-ден 12-ге дейін жазылған тапсырма шығарылады. Сан тұсында жазылып тұрған сыныптасына барып берілген тапсырманы орындайды.

  1. Амандасыңыз;

7. Өткен тақырыптан сұрақ қойыңыз;

  1. Жақсы тілек айтыңыз;

8. Басынан сипаңыз;

  1. Қол бұлғаңыз;

9. Бір мақал айтыңыз;

  1. Көзіңізді қысыңыз;

10. Өзіңізге сұрақ қоюын сұраңыз;

  1. Өлең оқып беріңіз;

11. Ерекшелігін айтыңыз;

  1. Қолын алыңыз;

12. Мақтаңыз



«Атаулар туралы үш сұрақ». Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға қатысты мынадай сұрақтарға жазбаша жауап беруді тапсырады:

1.Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?

2. Қалай? Өз тәжірибеңізден осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласызба?

3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?

Бұл жұмысты оқушылар жеке, жұппен (шағын топ ішінде) ауызша не жазбаша орындауы ықтимал.Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының пікірін тыңдайды.

Мұғалімнің сұрақтарды шығармашылық тұрғысынан әр сабақта тақырыпқа байланысты өзгертіп отыруы тиімді.

Психология - психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.Олар көпшілігімізге өз тәжірбиемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауы, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауы- сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері Греция. “Психология” термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі- “псюхе” (жан), екіншісі- “логос”(сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз “жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді.Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім-нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз “жан” болады, мәңгі-бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдалды. Жан туралы осындай амнистик пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының (Филипины) тұрғындары тагалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені оның ойынша, жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтері “локаль” деген сөз арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің, бейненің ұғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрлысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірінен байланысын дұрыс ажырата алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгі-бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон /б.з.д. 427 – 347/ керісінше “жан мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді.

Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі- шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920ж.ж.) Лейпцигте тұңғыш лаборотория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды. Психология даму тарихы жоғарыда аталған ғұламалармен қатар Герофил, Эразестрат, Гиппократ, Гален , Әбуәлі Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза, Локк, Гартли, Дидро, Вольф, т.б. оқымыстылардың есімімен тығыз байланысты. Психикалық құбылыстың табиғи ғылыми негзін жасауда, оны материалисік тұрғыдан түсіндіруге орыстың ұлы ғалымдары И.М.Сеченовтың (1829-1905ж.ж.) рефлекстер жөніндегі пікірлері мен И.П.Павловтың (1849-1936ж.ж.) жоғарғы жүйке қызметі туралы ілімнің маңызы зор болды.



IX Жаңа сабақты бекіту

«БББ» кестесі


Білемін

Білгім келеді

Білдім


X Қорытынды

1.Психология ғылымының қалыптасу кезеңдері қандай?

2. Р.Декарттың психологияға енгізген жаңалығы және ол сол кездегі ғылымның дамуына қалай әсер етті?

3.Психология салалары қандай?

4.Психология ғылымы дегеніміз не?

5.Психикалық құбылыстарға не жатады?

6.Психология ғылымы қай тілден аударғанда «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді?

7.Психологияның қандай салалары бар?

8.Психологияны білудің қандай маңызы бар?


XI Бағалау

XII Үйге тапсырма





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.03.2019
484
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі