400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Пысықтау" 1 сынып математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Алматы қаласы, «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін - өзі тану» гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жетписбаева Ләззат Жұмашқызының 1 «А» сыныбында өткізген математика мен өзін - өзі тануды ықпалдастыру сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы,

«Бөбек» ҰҒПББСО

«Өзін - өзі тану» гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Жетписбаева Ләззат Жұмашқызының

1 «А» сыныбында өткізген

математика мен өзін - өзі тануды ықпалдастыру сабағы



Мектеп: «Өзін-өзі тану» гимназиясыМерзiмі:19.04.2016ж

Тақырып:Пысықтау

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер:сүйіспеншілік,достық, татулық

Мұғалiм:Жетписбаева Ләззат ЖұмашқызыСынып:1«А»Оқушылар саны:15


Сабақтың мақсаты: оқушылардың ондықтар туралы түсініктерін пысықтай отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Әріптің берілген мәніндегі әріпті өрнектердің мәнін табу, есеп бойынша әріпті өрнектер құрастыруға үйрету, жылдам есептеу қабілеттерін шыңдап пәнге деген қызығушылығын арттыру

Дамытушылық: оқушылардың бойында сүйіспеншілік, достық, татулық қасиеттерін танымдық белсенділік әрекеттері арқылы логикалық ойлауды дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекқорлыққа,достыққа, татулыққа тәрбиелеу

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық,

күнделік,дәптер,

пенал,

бейджик,қалам

Сабақ барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылар орындарынан тұрып , қонақтармен сәлемдеседі.

Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау сәніміз.

Сәлем бердік сіздерге

Басымызды иіп бәріміз

Оқушылардың құрал -жабдықтарын түгендеу

5 «Т» ұстанымын еске түсіру.

    1. Тәртіп

    2. Талап

    3. Тыныштық

    4. Тазалық

    5. Татулық

- Кездейсоқ бөлу арқылы міне біз 3Т-дан тұратын 3 топқа бөліндік.Әр топта 1 топбасшы болады.1-топ басшысы ---

1-топ - «Тәртіптілер».

2-топ - «Талаптылар».

3-топ - «Тапқырлар».

- Енді білімдерімізді ортаға салып көрсетейік.3топқа жауаптары үшін смайликтер беріледі.Ең көп жинаған топ жеңіске жетеді.

Алдымен ойымызды жинақтау үшін,тыныштық сәтіне кезек берейік.


Тыныштық сәтi:

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз...Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!


Ескертулер:

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

-Өтілген тақырыптарды есімізге түсіру үшін тапсырмалар орындайық. Әр топқа 1минут уақыт беріледі.

1-топ - «Тәртіптілер»тобына тапсырма:

Есептемей салыстыр. (<, >, =)

2Shape1 0+а 50+а

аShape2 +40 50+а

7Shape3 0-с 30-с

90-в Shape4 10+в

  • Өмірде бәрі өлшеніп, таразыланады.Мысалға жақсы мен жаман, дұрыс пен бұрыс, ақ пен қара сол сияқты математикада да салыстыру бар.Ендеше әріпті өрнектерді салыстырамыз.Жақсылық көп жасасаң ,өзіңе қайтып оралады.

Әріпті  өрнектердің  мәні  белгісіз  болса  белгілі  қосылғышқа, азайғышқа қарап салыстырамыз

2-топ - «Талаптылар»тобына тапсырма:

  • Санды өрнекті оң жаққа, әріпті өрнекті сол жаққа жаз



а+50 Әріпті өрнек Санды өрнек

60-0

30+а

40+50

90-в

60-20

  • Өмірде де жақсы мен жаманды ажырата білу керек. Жақсылыққа ұмтылып ,жамандықтан бойды аулақ салу қажет



3-топ - «Тапқырлар» тобына тапсырма:

  • Кестені толтыр.


х

10

20

30

40

50

Х+30








  • Өмірде жақсылық жасасаң достарың артады, жаманшылық жасасаң достарың азаяды.


Тапсырма жауабын тақтаға іледі.

-Жарайсыңдар ,балалар.Тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар.

Қорыту: Иә, балалар, өмірде де өз қадамын дұрыс аттап,әр ісін таразыға салып, салмақтап, жақсылық жасасаң достарың көбейеді,бір-біріне қамқор болып, тату-тәтті сүйіспеншілікпен өмір сүру керек екен.

«Адам болам десеңіз» Абай хормен айтқызу

Смайлик тарату



  1. Әңгiмелеу.

Ертеде  әріптер мен  сандар  араз  болыпты. Олар үнемі  айтысып  жүреді екен.Біз  болмасақ  санау,қосу  азайту болмас  еді,- деп  мақтанады  сандар.Ал әріптер  болса: Біз  болмасақ жазу, оқу  болмас  еді  таласады.Бір  күні  3 саны  мен З  әрпі  бәрін  бірі  көріп  таң  қалады.Қалай  ойлайсыңдар? Олар  неге  таң  қалды?( Олар  бір – біріне ұқсас)

Олар  сол күннен  бастап  дос  болып  кетеді.Содан  соң  басқалары  да  достасады.Бәрі  бірігіп « Төрттік  мысал» деген  ойынды  ойлап  тауыпты.Ендеше  біз  де  сол ойынды  ойнайық.( Сағат  сөзінен есептер  құрау)  сағат  2 дауысты  дыбыс, 3 дауыссыз дыбыс ,барлығы 5 дыбыс

2+3=5, 3+2=5,5-3=2,5-2=3.

Қосу комп-і,«Қосылғыштардың орнын  ауыстырғаннан  қосындының  мәні өзгермейді.Қосуды азайтумен  тексереді деген  ережелер  пысықталады.

1-топқа - Күн сөзі

2-топқа –кітап сөзі

3-топқа – тақта сөзі

Сергіту сәті


Жаңа сабақ

-Иә, балалар, ендеше бүгін біз "Пысықтау"деген тақырыппен танысамыз.Ондықтар туралы алған білімдерімізді қайталап, пысықтаймыз.


Дидактикалық материалмен жұмыс

Ондықтар, бірліктер

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10-сандар қатары.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9-бір таңбалы сандар.

10-ең кіші екі таңбалы сан.

100- неше таңбалы сан?

-Сандар қалашығындағы 1 "Бірліктер "үйінде 1-9 дейінгі сандар, яғни 1 таңбалы сандар тұрып жатқан .0 санына бір үй салып,оны

2 үй "Ондықтар"үйі деп атады.Онда 2 таңбалы сандар тұратын болады.Және оның ең бірінші тұрғыны 10 саны.Ол тұрғындар тату-тәтті,ұйымшыл, достар екен.







Смайлик тарату


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.(3 ағаш беру)

  • Енді осы екі үйдің айналасына ағаш отырғызып, көрік берейік.(ағаш артында жазылған тапсырмаларды орындап,тақтаға ілу)

Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді ашамыз,

Қолға қалам аламыз.

Көлбеу қойып дәптерді,

Көркем етіп жазамыз. (10 санын жазу)

-Бұл сан туралы не айта аламыз?

1-тапсырма:

181-беттегі №1 "Жоғалған санды тап" ойыны

1-топ - «Тәртіптілер».1-баған

2-топ - «Талаптылар». 2-баған

3-топ - «Тапқырлар». 3-баған

Ағашты тақтаға ілу

Смайлик тарату

2-тапсырма:

4-ағаш тапсырмасы:(Ағашты тақтаға ілу,сандарды

3-топқа тарату)

Ойын "Нөлмен кім кездеседі"

Ойын шарты: Әр топтан 3 баладан қатыстырылады. Бір бала-Нөл. Басқалары 1-9-ға дейінгі сандар.

Нөл айтады: Нөлмен кім кездессе сол ондыққа айналады.

Зарема мен Саида келіңдер.Атын атаған екі оқушы карточкаларын көтеріп,басқалар жаңа санды атайды.Нөл 2 таңбалы сандарды тез атайды.Сол сан нөлдің жанына тұрады.

Мыс:10= 1онд.0бірл.

Смайлик тарату

3-тапсырма:

5-ағашта :

- "Сандар" қалашығын тұрғызып, сендер де лего, мозайкамен үй құрастырып көмектесесіңдер ме?

-Ендеше әр топ алдарындағы құрастырғыштармен сандарға үй тұрғызып , әңгімелеп берейік.

(Үй құрап 1-2 сөйлем айтады.) Смайлик тарату

-Сендерге риза болып, күн өзінің риясыз сүйіспеншілігін сыйлап тұр.

(Күнді тақтаға ілу)

  1. Дәйексөз.(Ағашты тақтаға ілу)

6-ағашта:мақалды бір бала оқиды.


«Бір тал кессең, он тал ек...».

Мақал

-Иә ,балалар , сандарға арнап үй тұрғыздық айналасына ағаш отырғыздық .Яғни бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі

«Бір тал кессең, он тал ек...».


1.Дәйексөзді мұғалімнің дауыстап оқуы.

2. Дәйексөзді оқушылар дауыстап айтады.

3. Дәйексөзді ұлдар дауыстап айтады

4. Дәйексөзді қыздар дауыстап айтады

5.Мұғалім оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды.

6.Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң мұғалім балалардың жауаптарына сүйене отырып, өзі қорытынды жасайды.

Қорытынды: Иә, әрбір ағаш қандай да бір тіршілік иесінің пайдасына асса, бір құс ұя салып, жемістерін жесе, бір адам көлеңкесін саялап, кәдесіне жаратса, осының өзі үлкен сауапты іс. Ағаштарды кеспей, жұлмай ,табиғатқа қиянат жасамай, сүйіспеншілікпен қарау керек.


  1. Топпен ән айту. 7-ағаш тапсырмасы:

-Біз міне, 1-сыныпты аяқтағалы отырмыз.Ал сабақты қалай оқуымыз керек. Ендеше балалардың орындауындағы

"Оқуда озат боламын"әнін қабыл алыңыздар!

Оқуда озат боламын

Бота Бейсенова

Оқуда озат боламын, Білімім тасып толамын. Мектепке барып күн сайын, Тек қана бестік аламын.

Оқуда озат боламын, Қашанда таудай талабым. Тәртіпті бала атанып,

Бәріне үлгі боламын.

Оқуда озат боламын,

Білімім тасып толамын.

Әр сөзін тыңдап ұстаздың,

Санама құйып аламын.



  1. Үй тапсырмасы.

182-бет №4


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Кері байланыс

- Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық... Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.


Смайлик санату

- Бүгінгі сабақта барлық топ жақсы қатысты .

Бағалау

Рахмет!Сау болыңыздар!



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1239
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі