400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Қ дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлімі

Коммуникация


Сауат ашу негіздері


«Қ дыбысы және әрпі»


«Қ»дыбысымен және әрпімен таныстырып, сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. «Қ»дыбысын қатыстыра отырып сөз, сөйлем құрау, буынға назар аудару Байланыстыра сөйлеуге, ұғымталдыққа баулу.


Доп лақтыру, түсіндіру, сұрақ –жауап, жұмбақтар,


Сюжеттік суреттер, қима әріптер, пазлдар

ҰОҚ


Тақырыбы




ҰОҚ мақсаты


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Ресурстар, дамыту орта

ҰОҚ жоспарлау

ҰОҚ жоспарын жүзеге асыру кезеңдері/уақыт

Педагог әрекеті

Балалардың әрекеті

Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Шаттық шеңбері:

Барлық жанға жолыққан,

Амандасып жүрейік.

Амандықты ту етіп,

Адал өмір сүрейік.

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Негізгі бөлімі

«Доп лақтыру» әдісі






Балалар шаттық шеңберінде «Ойлан тап» ойынын ойнап жіберейік.

Ойын шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады, тәрбиеші қолындағы допты қай балаға лақтырса, сол бала тәрбиешінің қойған сұрағына тез жауап беріп, допты кері лақтыру керек.

- Сауат ашу оқу қызметінде нені үйренеміз?

- Әріп дегеніміз не?

- Дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауыссыз дыбыс қандай текшемен белгіленеді?

- Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді?

- Дауысты дыбыс қалай айтылады?

- Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?

Топқа бөлу







- Балалар, бүгінгі ашық оқу қызметімізді бастамас бұрын, алдымен топқа бөлініп алайық. Ол үшін өздеріңе ұнаған асықтан бір –бірден алыңыздар.

1-топ: Дауыстылар тобы

2 - топ: Дауыссыздар тобы

3 - топ: Әріптер тобы


Ғажайып сәт:




Интерактивті тақтадан ата - ана Дильназдың анасы сөйлейді.
- Сәлеметсізбе апай, Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Дильназдың анасымын. Мен қызымның не үйренгенін білгім келіп, хабарласып отырмын. Сендер қандай әріптерді үйрендіңдер соны білгім келеді.

Тәрбиеші:
- Сәлеметсіз бе, Гүлзира!
- Балалар, біз Дильназдың анасына қандай әріптерді өткенімізді, өзіміздің осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетеміз бе?

Балалар: Ия
Ата -ана:
- Ендеше менімен «Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнағыларың келе ме? Ойында мен бір әріпті көрсетемін сендер сол әріпті атап, сол дыбыстан басталатын сөз ойлайсыңдар, ойлаған сөздеріңнің орысша, ағылшынша аудармасын айтуларың керек.
- Балалар слайдтан көрсеткен әріптерді атап, сол әріптен басталатын сөз ойлайды да, сол сөздің орысша, ағылшынша аудармасын айтады.
- Жарайсыңдар, балалар, әріптерді біледі екенсіңдер, рахмет сіздерге, сау болыңыздар!

Жұмбақ жасыру

1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
2. Көкала костюм киеді,
Бойын жерге жасырған.
Күннің көзін сүйеді,
Бұрымы бар жасылдан.
(Қарбыз)
3. Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады (Қоян)- Иә, жұмбақты дұрыс шештіңдер. Осы қой, қоян, қарбыз сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр.

Балалар: Қ дыбысын
- Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі біздің өтетін ашық оқу қызметіміздің тақырыбы: «Қ»дыбысы және әрпі.

Бейнежазба: 

Сиқырлы әліппе ашылып, «Қ» дыбысынан басталатын сөздер айтылады.

Сұрақ –жауап

Қане, барлығымыз қолымызды иегіміздің астын қойып «Қ»дыбысын айтайықшы.
Барлығы бірге «қ» дыбысын қайталап айтады.
-«Қ»дауыссыз дыбыс (балалар қайталайды).
- Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
- Көк текшемен белгілейміз.
-«Қ»дыбысынан басталатын сөздерді атаңдаршы.

Қасқыр, қоян, қой, қала, қаймақ, қар, қалам, қасық.- Жарайсыңдар, енді қасқыр, қой деген сөздерді буынға бөлейікші. Неше буыннан, неше дауысты дыбыстан тұрады.
- Қас - қыр - екі буынан, екі дауысты дыбыстан тұрады.

- Қой - бір буыннан, бір дауысты дыбыстан тұрады.
- Қой сөзіне дыбыстық талдау жасап жіберейікші.
Балалар қой сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

Тапсырмалар:

Барлығымыз ауада қ – дыбысын жазып көрсетейікші

Енді әр қайсымыздың алдымызда берілген заттардан Қ дыбысын жасаймыз.

Дауыстылар тобы: Ермексаздан Қ – әрпін жасайды

Дауыссыздар тобы: Скрепкадан құрастырады.

Әріптер тобы: Сегень тақтайшасына жасайды

Сергіту жаттығуы


«Дыбысты анықта».
Ойынның шарты: Балалар орындарын тұрып, тәрбиеші «а» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде қолдарын шапалақтайды, ал «қ» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде аяқтарын тарсылдатады.

Жеке жұмыс:

1- тапсырма: Пазл құрау

2 –тапсырма: Шыққан суретке дыбыстық талдау жасау

3-тапсырма: Қ- дыбысын бастырып жазу


Тақтамен жұмыс:

Ойын: «Кім тез ойлайды?».
Ойын шарты: Тақтада жасырынған суретті ашып, шыққан суреттің атын атай отырып, сол сөзге сөйлем құрау. Мысалы: «Мынау қасық, қасық – қ дыбысынан басталады. Біз қасықпен тамақ ішеміз» т.б

Қорытынды.

Топтық жұмыс:

«Ой шақыру» тапсырмасын орындау арқылы бүгінгі ашық оқу қызметімізді қорытындылап жіберейік

Орындау шарты: Бірнеше пішіндердің қасында әріптері берілген. Сол әріптерді тізбектеу әдісі арқылы қима әріптерден сөздерді құрағанда мақал шығады. Сол мақалдың мағынасын ашып түсіндіру керек.

Бағалау:

Жұлдызшалар тарату.

Қызыл жұлдыз- «өте жақсы»

Жасыл жұлдыз- «жақсы»

Сары жұлдыз-«орташа»



Күтілетін нәтиже:
Қ- дыбысы дауыссыз дыбыс және оны көк текшемен белгілейтінін, буынға бөлуді, дыбыстық талдау жасауды, қ -дыбысынан басталатын сөздерге сөйлем құрауды біледі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
2 ақпан
592
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі