400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қай уақытта болады?" 0-"ә сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың бүгін, ертең, бүрсігүні, таңертең сөз тіркестерімен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

№25 ҰОҚ. Тақырыбы: Қай уақытта болады? Бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні; таңертең, кешке, күндіз, түнде.

Математика

Күні: 05.12.2017ж

Педагогтің аты-жөні: Тойчиева Зилола

Сынып/топ: 0 – «ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

0.2.3.1.Түрлі жағдаяттардың/ фигуралардың /уақыттың (күн, апта, ай, жыл) тізбегін орнатып, жалғастыру.

0.2.4.1.Уақыт туралы түсінікті білу: бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні; тəулік бөліктері.

Күтілетін нəтижелер

Барлық тəрбиеленушілер:

-уақыт бөлігіне (күн, апта, ай, жыл) байланысты түрлі оқиғалардың бірізділігін түсіндіреді;

-түрлі фигуралардың бірізділігін жалғастырады.

Көптеген тəрбиеленушілер:

-фигуралардың, заттардың, оқиғалардың бірізділігін құрастырады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-өз бетінше заттардың, фигуралардың, оқиғалардың бірізділігін құрастырады, бірізділіктегі қателерді атайды.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

-уақыт бөлігіне (күн, апта, ай, жыл) байланысты түрлі оқиғалардың бірізділігін түсіндіре алады;

-түрлі фигуралардың бірізділігін жалғастыра алады.

Пəндік лексика жəне терминология:

-жыл мезгілдері, тəулік уақыты, апта күндері, алдымен, содан кейін, дейін, кейін, алдында...

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:

  • Оқиғалардың бірізділігін түсіндіре аласыңдар ма?

  • Алдымен не болды, содан кейін не болды?

  • Өз бірізділіктеріңді құрастыра аласыңдар ма?

Жазу:

-бастырып жазу, бояу.

Алдыңғы білім

Жыл мезгілдері, тəулік уақыты, апта күндері.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Басталуы

0–5 минут

Ынталандыру.

Педагог балалардан сұрайды:

  • Қазір қай жыл мезгілі?

  • Қазір қандай тəулік уақыты? (содан кейін қандай, бұған дейін қандай тəулік уақыты болды жəне т.б.).

Өзектендіру.

(Ұ)Педагог балаларға күн тəртібі туралы айтуды ұсынады.

  • Күн тəртібі деген не?

  • Күн тəртібі не үшін қажет?

Педагог түн, уақыт, апта күндері туралы жұмбақтар жасырады.

«Күн тəртібі» плакат.

Ортасы

6–15

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

(Ұ)

  • Біз бүгін күн тəртібі, тəулік уақыты, жыл мезгілдері туралы білімімізді нақтылаймыз.

(Ұ) Балалар1-тапсырманың суретін – күн тəртібін қарайды.

  • Суретте бейнеленген оқиғалар тəуліктің қай уақытында болып жатыр?

Педагог балалардан «таңертең», «күндіз», «кеш», «түн»,

«алдымен», «содан кейін» деген сөздерді пайдаланып, жауап беруді сұрайды.

Педагог балаларға «Бұл қашан болады?» деген ойын түрінде жұмбақтар шешуді ұсынады. Жиынтық полотномен жұмыс жасайды.

Жаңалық ашу.

(Ұ) Педагог балаларға «Бұл қашан болады?» ойынын ойнауды ұсынады (жыл мезгілдері туралы тақпақтарды, жұмбақтарды оқиды).

Педагог жиынтық полотномен жұмыс істеуді жалғастырады.

  • Суреттерді қарап шығыңдар.

  • Олар өз арасында қалай байланысқан? (Жыл мезгілдері, ауа райы, киім).

  • Карточкаларды қалай біріктіру керек?

Талқылаудан кейін балалар өз бетінше карточкаларды біріктіреді, тексеру кезінде өздерінің жауаптарын дəлелдейді (Қыста ауа райы суық жəне қарлы, адамдар жылы киім киеді.)

Əліппе-дəптер.







Кеспе материал.















Жиынтық полотно,

№11 кесте

16–22

Жаңаны қолдану.

(Ж) Жыл мезгілдерін бекіту үшін балаларға №21-22 кестелердің қималы суреттерін өздігінен жалғауды ұсынады.

Жұптық жұмыс ұсынуға болады. Бір бала жыл мезгілдерін реттілігі бойынша атайды, екінші бала орналастырады, одан кейін балалар рөльдерімен алмасады.

2-тапсырманы орындау ұсынылады.

Электрондық жиынтық полотно.

№21-22

үлестірмелі материалдар.


(Т) 3-тапсырма – «реттілік» ұғымын бекітуге арналған. Педагог алдымен не болатынын, содан кейін не болатынын айтып беруді сұрайды.

Талқылаудан кейін балалар тапсырманы өз бетінше орындайды.


Кеспе материалдар.

Рефлексия

23–25

Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.

Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Əліппе-дəптер.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1800
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі