жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Қайнау" 8 сынып
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Сабақтың тақырыбы: Қайнау. Меншікті булану жылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Буланудың екінші тәсілі қайнау процесімен оқушыларды таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың күнделікті тұрмыста кездесетін физикалық құбылыстарды көре білуге және оны дұрыс түсінуге, экспериментальды іскерлігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды сарамандық жұмыстар жасау барысында қауіпсіздік ережесін естен шығармауға, ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: қатарлар әдісі, есептер шығару, 5 жолды өлең әдісі,топпен жұмыс
Сабақтың құрал-жабдықтары: штатив, спирт шамы, шыны ыдыс, плакат
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: - тілдесер табиғаттың тілі екен ғой
Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой.
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап,
Алдыңнан қалмайды екен тіріде ол.
Аққан су соққан дауыл, айналға жер
Бәрінің бағынары физика ғой.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
І топ «Су» Ауаның ылғалдылығы дегеніміз не?
ІІ-топ «Бу» Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал
\ІІ-топ «Мұз» Мемлекеттік мекемелерде ауаның ылғалдылығы қанша пайыз болу керек?
Тақтада: «Бақылау мен тәжірибе – физикалық білімнің көзі».
Ауаның ылғалдылығы.
Сабаққа эпиграф:
Бу шығармай ұстасаң
Шәйнегің бомба боп атылар!
В. Марков.
Мұғалім: Жақсы шығарылған, ыстық шайдан артық не бар? Бәріміз шәйді қалай шығарылу керектігін білеміз. Шайды шығармас бұрын, суды қайнатып алуымыз керек.
Бүгін біз сабақта «Қайнау. Меншікті булану жылуы» тақырыбымен танысамыз.
ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру.
Қауіпсіздік техникасы
АБАЙ
БОЛЫҢЫЗ! Нағыз бу – көрінбейді жəне өте
ыстық
болады!
Мұғалім: Қазір біз қайнау процесін бақылаймыз.
Қайнау процесін бақылау: көпіршіктер, жоғары көтеріліп жоғалып кетуі, ызыл, көпіршіктердің судың бетіне жетіп жарылуы, судың қайнауы.
Мұғалім: Суды қыздыру. Қыздырған кезде құтының үстінгі жағында пайда болған тұманды байқауға болады. Ол ыдыстағы сұйықтың бетіндегі буланудың күшейгенін көрсетеді. Құты қабырғасының қаттырақ қызған жерлерінде көптеген кішкене көпіршіктер пайда болатынын көреміз. Осы кезде, ызыл естіледі. Белгілі бір температурада көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады. Сұйық қайнайды. Сұйық температурасы өзгермейді. Осы температура сұйықтың қайнау температурасы деп аталады.Мұғалім: Ал енді қайнау процесінің жұмбағын шешейік.
1. Құтының үстіңгі жағынан нені байқадық?
2. Көпіршіктер қайдан пайда болды?
3. Көпіршіктер неге үлкейіп жоғары көтеріле бастады?
4. Ызыл неге естіледі?
5. Неге көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады?
6.Қайнаған судың температурасы өзгереме?
7. Қайнау кезінде сұйық тарапынан қандай күш әсер етеді?
8.Қайнау дегеніміз не?
9. Қайнау процесі жүру үшін не істеу керек?
10. Қайнау процесі қай кезде жүзеге асады?
11.Меншікті булану дегеніміз не?
12. Меншікті буануды қандай әріпен белгілейміз?
13. Меншікті булану өлшем бірлігі?
14. Сұйықты буландыруға қажетті жылу мөлшерінің формуласы?
Жауабы:
1.Құтының үстінгі жағынан тұманды байқауға болады. Ол ыдыстағы сұйықтың бетіндегі буланудың күшейгенін көрсетеді. Сыртқа шыққан су буы салқын ауамен араласады да және ұсақ тамшылар түрінде конденсацияланады.
2.Бұлар — судың ішінде болатын еріген ауа көпіршіктері.
3. Ауа көпіршіктерінің іші су буымен толады да, олардың өлшемдері біртіндеп үлкейе береді.
4.Көпіршіктер ыдыс қабырғасынан ажырайды да, жоғары көтеріледі. Осы кезде, әдетте, су қайнар алдында шығатын ызыл естіледі.
5. Көпіршіктер ішіндегі қаныққан будың қысымы атмосфералық қысымнан жоғары. Сондықтан көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады.
6. 1000с
7. Архимед күші әсер етеді.
8. Қаныққан будың қысымы сыртқы қысымға теңесетін температурада жүзеге асады.
9. Сырттан үнемі энергия қажет.
10.Сұйықтың тек үстінгі бетінен ғана емес, сонымен бірге оның ішінде де бу көпіршіктерінің пайда болуымен жүретін мұндай қарқынды булануды қайнау деп атаймыз.
11.Меншікті булану жылуы дегеніміз сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылуды айтады.
12.Меншікті булану жылуының өлшем бірлігі ретінде бір джоульдің бір килограмға қатынасы алынады. (1Дж/кг)
13. r
14.Массасы m сұйықты буландыруға қажеетті жылу мөлшерін
Q=r*m
формуласымен есептейді.
Сергіту сәті
Бірде Алдар Көсе байдың үйіне қонаққа келеді. Үйде Алдар Көсе баймен сөйлесіп көп отырып алады. Ал байдың бәйбішесі сырттағы самауырндағы шәй қайнайдыда да, отын бәсеңдетіп, шайды үйге алып кірмей отыра береді.Біраз уақыттан кейін Алдар:
-
Бәйбіше сырттағы самауырындағы шәй қайнап жатыр,- деген екен.
Сонда асып- сасқан бәйбіше:
-
Оны қайдан көріп отырсың, қу Алдар- деген екен.
Сұрақ: Алдар, шынында да, шәйдің қайнағанын қайдан білді?
Жауабы: Шәй қайнағанда, судағ ауа көпішіктері су бетіне көтеріледі де, су бетіне жеткенде жоғарыдағы атмосфералық қысымның әсерінен жарылады, өзіне тән дыбыстар шығарады.
Жамбылдың «Егіс жыры»
Аспаннан аппақ қар жауады,
Қар емес, жерге нұр жауады.
Осы қардың егіске
Болашағы болжаулы.
Көктен түскен күміс қар
Жер мейірімін қандрдың
Тазалығы ақ қардың
Сақалындай Жамбылдың.
Аппақ қарды қара жер
Суырып сүттей емеді
Емсе- емсін, сол жерге
Ел егісін егеді.
Көктем келіп, күн жылып
Тоң қақырып, қар еріп
Гүрілеп өзен сарқырап,
Айдын көлдер жарқырап
Қиқулдап ұшып қаңқылдап,
Қараша қаз сымпылдап
Құстар қайтып келеді.
Жауабы: Қар жауаы, күн жылып,қар етіп
|
|
Ж |
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
|
Ы |
|
|
|||||||
|
|
|
Л |
|
|
|
||||||
|
|
|
У |
|
||||||||
|
|
|
Л |
|
|
|
|
|||||
|
|
|
Ы |
|
|
|
|
|||||
|
|
Қ |
Ұ |
Б |
Ы |
Л |
Ы |
С |
Т |
А |
Р |
|
-
Түнеріп келіп
Бұлт егіп кетеді. (Жаңбыр)
-
Таңертең бар, кешке жоқ,
Кеш түгілі, түсте жоқ.
Мен әдемі моншақын,
Ірі емеспін ұсақпын.
Мойнына ешкім таға алмас,
Мндей мөлдір таба амас. (Шық)
-
Заттардың қатты күйден
Сұйық күйге айналуы. (Балқу)
-
Заттардың қатты күйден
Сұйық күйге біртіндеп өтуі. (Еру)
-
Сұйықтың буға айналуы. (Булану)
-
Жазда олмайды,
Қыста болады.
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды. (Қырау)
Жаңа сабақты қорыту:
-
Неге тау басында ет жақсы піспейді?
Жауабы: Тау басында судың қайнау температурасы 100 градустн төмен, сондықтан ет жақсы піспейді.
-
Қазанды тез қайнату үшін оның астына отынды көбірек салып, маздатып жаққан дұрыс па?
Жауабы: Қазандағы су қайнағаннан кейін, енді отынды қанша маздатып жаққанмен, оның температурасы көтерілмейді.
-
Қайнап жатқан суға өсімдік майын құюға болады. Ал қайнап жатқан майға су құйғанда, жан жаққа май тамшылары атқылайды. Неге?
Жауабы: Майдың қайнау температурасы судыкінен жоғары, сондықтан суды қайнаған майға құйсақ, лезде буға айналады да, өзімен бірге май тамшыларын ілестіре жан- жаққа ұшып таратады.
-
Ылғал отын жанғанда сыртылдаған дыбыс шығады. Неге?
Жауабы: Отын арасындағы су тамшылары буланып, ағаш талшықтарын бүлдіреді.
-
Неге отқа қойылған сулы шәйнек қайнар алдында «шулайды»?
Жауабы: Ыдыс түбінде пайда болған бу көпіршіктері жоғары көтеріліп, судың суық қабатына енеді. Мұнда көпіршіктегі бу конденсацияланады да, көпіршікті жарады. Осы кезде «шуыл» шығады.
-
Мына мақалдың тәрбиелік мына физикалық, химиялық мәнін түсіндіріңдер.
«Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады»
« Ыстықтан су қайнайды»
Жауабы: Болат қайнаған сайын мықтылығы артады.Су 100 гадуста қайнайды.
-
Кебу дегеніміз не? Кебу қандай шамаға тәуелді?
Жауабы: Кебу дегеніміз сұйықтың бетінде жүретін булану кебу деп аталады. Кебу мынадай шамаларға тәуелді: температура, аудан, сұйықтың тегіне.
-
Электр қыздырғышын тізбекте өшіріп барып судан шығарад, олай етпесе оның орамдары күйіп кетеді. Неге су ішінде ол күймейді?
Жауабы: Су ішінде тұрғанда қыздырғыштың температурасы 100 градус- тан аспайды, ал мұндай температурада қыздырғыш орамдары күймейді.
-
Мұндайда бөлу кезінде оны қыздырады. Сонда әуелі бензин содан кейін лигроин, керосин соляр т.б бөлінеді. Осы құбылысты түсіндір.
Жауабы: Бұл заттардың қайнау температуралары әр түрлі.
-
Бастапқы температурасы да , мөлшері де бірдей екі судың қайсысы бұрын қайнайды: шикі су ма, әлде бұрын қайнатылған су ма?
Жауаы: Шикі су.
11.
![]()

![]()
-
1000С – тан 00С –қа дейін салқындатылған массасы 5 кг су қанша энергия мөлшерін бөледі?
-
Қайнау температурасындағы аммиакты буландырудағы 364кДЖ энергия жұмсалған. Буланған аммиактың массасын табыңдар?
-
Массасы 0,75кг суды 200С- тан 1000С –қа дейін қыздырып одан кейін 250г бу алу үшін қанша энергия жұмсалады?
Қыс Абай
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті- бсы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы- үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып, ажарланады.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сілкісе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Жауабы: Қырау, үскірі, қар, боран, бұлт, аяз.
У. Сабақты бекіту. Су сөзіне нақыл сөздер
Су- судың да сұрауы бар.
Су- тіршілік көзі
Су- сулы жер , нулы жер
Су- анасы бұлақ
Су- судң тазасы, дерттің қазасы.
УІ. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар бағаланады.
Венн диаграммасы


УІ. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар бағаланады.
УІІ. Үйге тапсырма: Жылу құбылыстарына байланысты жұмбақтар жаттау.
11-жаттығу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген