400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Қайқауыс «Ата-ананы құрметтеу туралы» 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сыныптарда ашық сабақта мұғалімге көмек ретінде немесе сабақты қызықты өткізуге септігін тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:Әдебиеттік оқу.

Күні: .10.18

Сыныбы:2

Сабақтың тақырыбы: Қайқауыс «Ата-ананы құрметтеу туралы»

Сабақтың мақсаты: Мәтіннің негізгі идеясын ашқызу. Қайқауыс туралы мәлімет бере отырып, Кабуснама кітабының кейінгі ұрпаққа айтылып отырған үгіт-насихатқа толы кітап екендігін ұғындыру. Бейнероликті көрсетіп, топтық тапсырмаларды орындату арқылы ата-ананы құрметтей білетін ұл мен қыз болып өсуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: : Мәтіннің негізгі идеясын ашады. Қайқауыс туралы мәлімет алады. Кабуснама –ертеден келе жатқан үгіт-насихатқа толы кітіп екендігін біледі.Ата-ананы құрметтеуге дағдыланады. Екі шығарманың мазмұнын салыстыра біледі. Өз пікірін ашық айтуға қалыптасады.

Қолданылатын әдіс- тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс- тәсілдері: «Ойлан, Жұптас; Талқыла», «Шығармалар кестесі»

Пайдаланған модульдер:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық, таланты және дарынды балаларды оқыту, сыни тұрғыдан ойлануға үйрету, оқу мен оқытудағы ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолдану.

Ресурстар, дерек көздері:Әдебиеттік оқу( 2-сынып ) оқулығы, әдістеме,ғаламтор, электронды оқулық

Көрнекі құралдар: оқулық, маркер, суреттер, плакаттар


Сабақтың кезеңдері

«Блум»

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Топтарға бөлу

1 – ші топ қызыл түс, 2 – ші топ жасыл, 3 – ші топ сары.

Психологиялық ахуал

Саламатсыздар ма?

-Здраствуйте!

-Hello!

Онда бастаймыз ба?

-Бастаймыз.


Сәлемдесу, жағдай сұрасу ишаратын жасайды.

4 топқа бөлінеді.

Бағалаумен танысады.

Білу

5 минут

1.Үй тапсырмасын сұрау, пысықтау.

Он сұрақ

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Елтанудың басы әңгімесінде кім туралы айтылған?

-Авторы кім?

— Бауыржан Момышұлы кім?

-Сонда Бауыржан, бұл әңгімеде өмірінің қай шағы туралы айтқан?

-Әкесі кім еді?

-Ол баласына қандай тәлім-тәрбие берді деп ойлайсыңдар?

Ал енді 3 топқа тапсырма:

1 – ші топ алға қарай жеті атаны топтастыру,

2- ші топ кейінге қарай жеті атаны топтастыру,

3 – ші топ нақыл сөздерді жатқа айтып мағынасын ашу.

Ой қорыту

Жеті атасын білген ұл,

Жеті жұрттың қамын жер.

Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі

-Яғни әрбір адам қайдан тәрбие алады екен?

-Отбасынан тәрбие алса,

елтанудың басы жеті атасын білуден басталатынын ұмытпағайсыңдар.

Әр топ үй тапсырмасы бойынша топқа берілген тапсырмаларға жауап береді.

Сызбалар бойынша жұмыстанады.

Мақал-мәтел арқылы мәтіннің негізгі идеясын қорытындылап айтады.

.

Түсіну

7 минут

Қызығушылықты ояту

Миға шабуыл

Жаңа тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ шешу.

Бүгінгі жаңа сабағымыз не туралы болмақ?

Құт берекең – атаң қымбат

Аймалайтын анаң қымбат

Мейірімді апаң қымбат

Қазыбек би

(мағынасын ашу)

Қабуснаме туралы түсінік беру.


Сұрақтар арқылы сөзжұмбақтың жауабын табу.

Жаңа сабақ тақырыбын сұраққа жауап беру арқылы өздері табады.

Қолдану

15 минут

Мағынаны тану

Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Кабуснама кітабынан келтірілген үзіндіні кітаптан оқу. Оқулықтағы мәтінді мұқият тыңдап қанша бөлімнен тұратынын анықтайықшы.

-Мәтін неше бөліктен тұрады?

1.Ата-ананы құрметтеу

2.Ата-аныңды ешқашан режітуші болма!

3.Сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды

— мәтіндегі теңеу сөздерін тауып оқып, түсіндір.

Сөздік жұмысын жүргізу, дәптермен жұмыс.

Перзент- бала

Парасат- сана, ақыл-ой

Қаяу- реніш


Оқушылар жаңа сабақтан білгісі келетін сұрақтарды қояды.

3 топ 3 бөлімді тізбектей оқиды, әр бөлімнің мағынасын ашады.

Талдау

8 минут

Сергіту сәті:

Шығармашылық тапсырма:

Топқа тапсырма

1-топ: Ата-ана, бала туралы мақал –мәтелдерді мағынасына қарай стрелка арқылы сәйкестендіріп, 1 мақалдың мағынасын түсіндір.

2-топ: Әртүрлі суреттер таратылып «Ата анаңды неге теңер едің?»сұрағына сәйкес келетін суреттердің жанына отбасы мүшелерін жапсырту, себебін анықтату.

3-топ: Олар қандай? сұрағына өлеңнің ұйқасын тауып жазу арқылы өлең құрату.

Бірге айтады.

Әр топ өз жұмыстарын орындап қорғайды.

Жинақтау

3 минут

Бейнеролик «Сен ата – анаңа не істесен, саған перзентін де соны жасайды» көрсету.

Бүгінгі сабағымыздан өзіңе не түйдің?

-Кабуснама деген не?

-Ол кітапты кім және кімге арнап жазған екен?

Сен ешқашанда ата-анаңды режітуші болма!

Бенеролик көріп, ойларын қорытады.

Бағалау


Смайликтер арқылы топтарды бағалау.

Бағалайды

Рефлексия


«Білім ағашы» атты стендке бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазғызып жапсырту.

Өте жақсы- қызыл алмалы стикер

Жақсы- жасыл түсті

Түсініксіз-сары түсті стикер жапсырту.

Үй тапсырмасы:

Әңгімеден үзінді жаттау. «Үлкенге құрмет» тақырыбына сурет салып келу.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
537
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі