|
Себепті
қызығу-
шылығын
ояту
кезеңі
|
Балалар шеңберге
тұрамыз
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын
салайық.
Таза ауадан
салайық,
Достық мейірім
салайық,
Жүрек жылуын
салайық,
Осы жақсы
лебіздерді
Бір-бірімізге сыйлайық.
|
Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасап, өлең
жолдарын бірге қайталайды.
|
|
Ұйымдас-
тырушы-
лық
ізденіс
кезеңі
|
-Ал енді, балалар, бәріміз
орнымызға жайғасып отырайық.
-Балалар,
бүгінгі оқу іс-әрекетінде Д.Данабековтың «Қайырымдылық»әңгімесін
оқып, мазмұнын толық ашып әңгімелейміз.
Әңгімені
оқимын,тыңдаймыз.
Сәулет пен Келбет далада доп
ойнап жүр.Ыстықтан тершігендеріне қарайтын емес.Келбет допты
Сәулетке қарай лақтыра беріп тоқтай қалды.Екі көзі қалықтай ұшып
жүрген қарлығаштарда.
-Ананы қарашы,
әне!
Сәулет жоғары қарап, ұшып
жүрген қарлығаштарды көреді.Екеуі біраз қарап тұрады.Қарлығаштар
шырылдап айнала ұшып жүр.
-Ой, -деді сүрініп кеткен
Сәулет тізесін сипалап.
-Әне! Ана балапанды
қарашы!
-Кәне, қайсы? Қай
жерде?
-Әне!
Байқа, басып кетпе!
Келбет келіп
қарады.Кіп-кішкентай тұмсығын жерге тіреп,қызылшақа балапан
жатыр.Көздерін ашып-жұмып, дір-дір етеді.Сәулет балапанды абайлап
көріп:
-Ұядан құлап түскен ғой,-
деді.
-Тірі ме?
-Ия, тірі сияқты.
-Бізден қорқып тұрған
шығар?
-Онда
ұясына салайық, -деді де сатыны әкеліп, үйдің қабырғасына
сүйеді.Балалар балапанды ұясына салды.Қарлығаштар енді
көңілденді.Олар көкке көтеріліп , балалардың төбесінен екі-үш
айналып өтті.
Сергіту сәті.
Ұзын мұртты
құмырысқа,
Келе жатты
жұмысқа.
Алды допты
қолына,
Қойды допты
жолына.
Оңға қарады, солға
қарады,
Үлкен тау деп
ойлады.
Жақсы орнымызға
отырамыз.
Балалар
мен сендерге оқып берген әңгіме не жайлы?
-Әуеде немесе аспанда не
ұшып жүрді?
-Сәулет жерден нені
көрді?
Балапан – цыпленок, қарлығаш
– ласточка.
Дидактикалық ойын:
«Балапандарды тамақтандыру»
Ойын шарты: «Шөжелерім» әнін тыңдата отырып,
қимылмен балапандарға жем шашуды көрсету.
|
Мұқият,
тәрбиешінің сөзін бөлмей тыңдайды.
Қимылдар жасайды, өлең
сөздерін қайталайды.
Қарлығаш
Қарлығаштың
балапанын
Балапан –
цыпленок, қарлығаш – ласточка.
Әуенге сай қимылдар жасайды.
|
|
Іс-әрекетті
бағалау кезеңі
|
- Балалар, бүгінгі
ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті сендерге ұнады ма?
Қорытындылау мақсатында бекіту сұрақтарын қоямын.
Қиналған сұрақтарды өзім түсіндіремін. Сұрақтарға дұрыс жауап
беріп, белсенділік танытқан балаларды мадақтаймын.
|
Ұнады.
Сұрақтарға өз беттерінше жауап береді.
|