400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қала және ауыл. Ауыл"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше балалардың қала және ауыл жайлы түсініктерін қалыптастыру. Ауыл жайлы жаңа мағұлматтарды үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АҚПАРАТТЫҚ КАРТА

/САБАҚТЫҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЫ/

Пән: Айналадағы әлем

Күні: 03.02.2023

Сынып: 1 «Ғ»

Мұғалім: Е.С.Серікпаева

Ортақ тақырып: Саяхат

Сабақтың тақырыбы

Қала мен ауыл. Ауыл


Осы сабақта қол жеткізіле тін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.1.1 туған ел, қала, ауыл туралы білу

1.4.1.4 сұрақ сөздерін пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беру

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Алған білімді меңгеруге әрекет жасайды.

Көбі:Тақырыпты түсінуге, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы үлгі бойынша ұғуға ұмтылады.

Кейбірі: Өмірде қолдануға талпынады.

Жетістік критерийлері

Сұрақтарға жауап беру арқылы төрт түлікті атап, олар туралы айтады.

Құндылықтарды дарыту

Қала мен ауылдың ерекшеліктерін ұғынады.

Пәнаралық байланыс

Әліппе, математика, қол еңбегі

АКТ қолдану дағдылары

Ауылдың бейнесін интербелсенді тақтадан көрсету

Тілдік құзыреттілік

Ауыл, төрт түлік

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Амансың ба, Алтын күн?

Амансың ба , Көк аспан ?

Амансың ба , Жер ана?

Амансың ба , достарым?

Кеңістік белгілерін қайталау: Жоғары - / қолды көтереміз/

Төмен - /қолымызды түсіреміз/

Ортаға - /құшағымызды ашамыз/


Миға шабуыл:












Сабақтың ортасы













Тыныс алу жаттығуы:


03 ақпан - /қыс мезгілінің үшінші айы, жұма / түсінік беру. Әр тапсырма орындаған сайын жұлдызшалар беремін.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалардың жауабы.

Бізде қазір айналадағы әлем сабағы.

Өтілген сабақты қайталау

  • Оқушылар, сендермен өткен сабақта қала мен ауылды, оның ішінде қала жайлы білдік.

  • Қалада үйлер биік, көлік көп. Зәулім ғимараттар өте көп.

  • Біз қай қалада тұрамыз?

  • Астана


Жаңа сабақ

  • Ал енді балалар бүгін сендермен ауылға бірер сәтке барып, оның тыныс-тіршілігімен таныссақ. Ауылдың ауасы таза, жері кең. Ауыл тұрғындары жер үйлерде тұрады. Қора мен бау-бақша әр үйде бар. Ауылдың қаладан бірден-бір айырмашылығы әр қорасында қой, сиыр, жылқы, ит, мысық, тауықтары бар. Кейбір үйлер түйелерді де асырайды.

  • Сендер төрт түлік малын білесіңдер ме?

  • Қорадағы қой, сиыр, жылқы және түйені ата-бабамыз ертеден бері төрт түлік деп атаған.. Төрт түліктің пайдасы орасан зор. Олар бізге ет, құрт-май, сүт, айран береді.

  • Қазір, қыс мезгілі. Далада қар. Күн аяз.


Ендеше «Қар» тыныс алу жаттығуын жасайық. Ол үшін түтікшені ішке үрлеп қарды аламыз. Қарды стакандарға саламыз.

Дала қар жауғанда, күн суытқанда малдар өз төлдерімен қорада тұрады. Жайылымға бармайды. Ендеше енесі мен төлдерін қораға қамайық.


О л үшін «Төлін тап!» ойынын ойнайық.

Мақсаты сендер әр жануардың төлін дұрыс тауып, өз енесіне апару, қыстырғышпен қыстыру.

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс




АКТ мен жұмыс





« Әдемі жазып, сызайық!»

Берілген тапсырманы сызықтар арқылы қосу.

ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР:

ЖОҒАРЫ: Суреттегі төрт түліктің атауын жазады.

ОРТАША: суреттегі төрт түліктің атауын бастырып жазады.

ТӨМЕН: Оқушылар мұғалімнің көмегімен, сызықтардың үстінен бастырады


Дамытушылық жаттығулар

Қимыл-қозғалыстағы «Төрт түліктің дауысы» дамытушы ойыны.

Шарты:

М ұғалім бірінші көрсетіп, өзі секіріп, суреттегі малдың дауысын салады. /сиырды басып тұрса, мөңірейді, жылқы-кісінейді, қой-маңырайды/

1 сурет болса 1 рет дауыстайды.

2 сурет болса 2 рет дыбыстайды.


Қызықты тапсырма

Тәжірбиелік тапсырма: «Сиқырлы парақ»

Сиқырлы ақ параққа акварельмен су тамызамыз.

  • арнайы май шаммен салынған төрт түліктің үстінен акварельді су құяды.

  • Әр бала өзінің жасаған жұмысындағы шыққан малдың атауын айтады.

Рисунок 1

Қосымша тапсырма

/уақыт қалса/

Бөлінген бөліктерді бір бағанға ретімен жинау. Нәтижесінде бір түліктің суреті шығады, атайды.

Сабақты қорытындылау


  • Ауылдың қаладан қандай ерекшелігі бар?

  • Төрт түлік малды атаңдар

  • Қойдың төлі қалай аталады?

  • Сиырдың мөңірегенін барлығымыз бірге қайталайық.

Сұрақ - жауап

Оқушыларды бағалау

Бүгінгі сабаққа белсенділік танытып, тапсырмаларды тамаша орындағандарың үшін алғыс білдіремін.

Марапат

Сабақтың соңы

Рефлексия:

- Сабақтан алған көңіл – күйімізді жылқыға шөп беру арқылы белгілейміз.

- Сабақ ұнаса, шөпті жасылға, ұнамаса қызылға саламыз.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
30.05.2023
395
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі