Материалдар / Ашық сабақ Қала мен ауыл 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Қала мен ауыл 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
311
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Дүниетану

Мектеп: Жақсыбай негізгі орта мектебі. БҚО, Қараөбе ауданы.

Ұзақ мерзімі жоспар бөлімі:

Ортақ тақырып: Бізді қоршаған орта.

1.Мен және қоғам.

1.3. Менің атамекенім

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Бекқожина Шарбану Аманқосқызы.

Сынып:1


Қатысқандар саны: 12

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:

Қала мен ауыл

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.2. Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимаратарын және көрнекі жерлерін сипаттау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен өзі тұратын Жақсыбай ауылның Мәдениет үйін, қыхметін сипаттайды.

Бейнебаян арқылы қала мен ауылдарда орналасқан ғимараттарды ажыратады.

Көптеген оқушылар: Өзі тұратын Жақсыбай ауылының басты көшесін, ғимараттарын (мектеп, мәдениет үйі, аурухана) және жазық дала туралы әңгімелейді.

Кейбір оқушылар: Қала мен ауылдың айырмашылығын нақты дәлелдермен түсіндіреді

Бағалау критерийлері

Тұрғылықты жерінің көрікті жерлері туралы әңгімелейді

Тілдік мақсаттар

Оқушылардың кеңістіктегі дүниені, қоршаған ортаны және олардың орналасуын сипаттайды.

Оқушылар ауылдың немесе қаланың екі жақсы көретін және бір ұнатпайтын жағын айтады. Бұл жерде «қала», «ауыл», «көрікті жер» сөздерін қолданады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Қала – город - city

Ауыл – село - village

көрікті жер – красивые места - beautiful place

Диалог пен жазу пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Сен қалада тұрасың ба?

  • Қала мен ауылдың айырмашылығын айт.

Құндылықтарды дарыту





«Мәңгілік ел құндылығы»

Қала мен ауыл халықтарының достық пен келісім дәстүрін сақтап, ұлғайтып, ұрпақтан ұрпаққа беру.

«МЖМБС құндылығы»

Құрмет. Өзінің елді мекенің құрметтеу.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылытану: Қалада және ауылда қандай өсімдік түрлері кездесетіні,ауылдық жерлерде қандай мал түрлері өсірілетіні туралы әңгімелесіңіз. Оқушылар өз тәжірибесіне сүйене отырып, әңгімелеп бере алады.

Математика: Оқушылар алдыңғы тапсырмада айтылған ауылдағы үй жануарлары мен дәнді дақыл түрлерін санап шығуын сұраңыз.

АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз)

Интербелсенді тақтада қала мен ауылды венн диаграммасына сәйкестендіру.

Аудио жобаны тыңдау (тыңдалым, айтылым)

Бастапқы білім

- Қала мен ауылдың тұрмыс-тіршілігін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут


Қызығушылықты ояту.

Шаттық шеңбері «Гүл, күн, бұлақ»

Тілек айту.


Топқа бөлу.

Оқушыларға қала мен ауылдың суреті арқылы топқа бөлу.


«Бейнебаян» көрсету

(тыңдалым, айтылым)




Қала мен ауыл суреттері

Сабақтың ортасы







«Менен сұрақ, сенен жауап» әдісі.

(МК,Ұ) Ауыл мен қала көрінісі бейнеленген суретті көрсетіңіз. Суреттерді салыстырыңдар.

Қай суретте ауыл, қайсысында қала берілген?

Оны қайдан білдіңдер?

Қала мен ауылдың ерекшелігі туралы әңгіме жүргізу.

Өз тұратын жерің қалай аталады?

Тұратын жерің несімен ерекшеленеді?

(Ұ) Оқушыларға олардың туған қаласын, оның табиғатын зерттеуге кірісетіндіктерін айтыңыз. Оқушылардың міндеті оларға қонаққа келетін досы үшін қала (немесе оның бір бөлігі) бойынша саяхатты жоспарлау болып табылады. Алдымен олар қала (немесе қаланың бір бөлігі) туралы білуі тиіс.

Олар не туралы білгісі келер еді?

Өзін-өзі бағалау

(ЖЖ) «Саяхат» тапсырмасы

Оқушылар жұпта өздерінің саяхатын дайындау үшін қала туралы сұрағысы келетін кем дегенде үш сұрақ туралы ойланады.

Сұрақтардың тізімі:

Бізге қалалар не үшін керек?

Қаланың әртүрлі бөліктерін не байланыстырады ?

Сіздер қаланың қандай жерлерін ұнатасыздар және неліктен?

Дескриптор

- суреттегі елді мекендердің атауын жазады;

- өз мекенжайын атайды;

- тұрғылықты жерінің географиялық орнын сипаттайды

ҚБ. Мұғалімнің мадақтауы: Жарайсың! Керемет! Өте жақсы!

«Ойлан, топтас, бөліс» әдісі

Т. «Қала мен ауыл» тапсырмасы

Оқушыларға ауыл мен қала фотосуреттері араластырылып беріледі. Оқушылар әр суретте не бейнеленгенің анықтауы тиіс. Әр топ фотосуреттерді ауыл мен қала деп екі топқа бөлуі керек.


Топ бір-бірін «Отшашу» әдісі арқылы бағалайды.

Қала мен ауылды үш тілде айтып көрейік.

Қала – город - city

Ауыл – село - village


ҚБ. Тапсырма

Жұптық жұмыс

Суретте бейнеленген елді мекендердің атауын жаз.

Picture 1

Сұрақтарға жауап бере отырып, досыңа өзің тұратын жер туралы әңгімелеп бер.

Сен қай қалада/ауылда тұрасың?

Мекенжайың қандай?

Сен тұратын қала/ауыл қай облысқа жатады?

Ол Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?

Дескриптор

- суреттегі елді мекендердің атауын жазады;

- өз мекенжайын атайды;

- тұрғылықты жерінің географиялық орнын сипаттайды.


Сергіту сәті.

Видеоролик


(Ө) «Кім жылдам?» ойыны.
Суреттерді  көрсетіп тұрамын.Сол суреттердің атауын тауып,тақтаға шығып жазып, үш тілде айту

Дескриптор:

-Тез ойланады.

-Дұрыс жазады

-Үш тілде айта алады.

Кері байланыс: ( шапалақтау арқылы мадақтау)


МК. Көрікті орындар.

Қалаға және ауылға тән белгілерді тауып, қаланы «Қ» әрпімен, ауылды «А» әрпімен белгіле.

Белгілері

«Қ» - «А»

Көп қабатты үйлер

Университеттер, колледждер.

Қосалқы шаруашылық

Зауыттар мен фабрикалар

Бау-бақша

Омарта

Қ

Дискриптор:

  • Қалаға және ауылға тән белгілерді табады.

  • қаланы «Қ» әрпімен белгілейді.

  • Ауылды «А» әрпімен белгілейді.

Көрікті жерді үш тілде айтып көрейік.

көрікті жер – красивые места - beautiful place

ҚБ. Мұғалімнің мадақтауы

Жарайсың!


Ө. «Қатесін тап» ойыны.

Қалада кездеспейтін заттарды тап, оларды қызыл қарындашпен боя.

Дискриптор.

  • Қалада кездеспейтін заттарды табады.

  • Оларды қызыл қарындашпен бояйды.


«Тездет бірақ қателеспе» ойыны

Оқушылар бірнеше минут ішінде сөздер жазылған үлестірме парақшаларды тиісті фотосуреттерге орналастыруы тиіс. Үлестірме парақшаларды дұрыс орналастырып, тапсырманы тез орындаған топ жеңеді.


Көпір, дәмхана, кинотеатр, фабрика/зауыт, әкімшілік ғимарат, тұрғын үй, ескерткіш, мешіт, шіркеу, мұражай, кеңсе, саяжай, жол, дүкен, көрікті жер, мүсін, театр






















































Кеспе суреттер



















































Үлестірме парақша

Сабақтың соңы







Оқушылар:

  • Қала мен ауыл ерекшеліктері туралы

  • Өз ауылындағы, өз қаласындағы көрікті жерлер

  • Қала мен ауыл арасындағы байланыс туралы білді.


Данышпан үкі

- түсіндім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет











Данышпан үкі суреті

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Дереккөздер

Оқушыларға олардың туған қаласын, оның табиғатын айтамыз.


Пиктограмма

«Көрікті орындар» суреттер арқылы қала мен ауылды ажыратып, құрастырады.


Тапсырма. Жұптық жұмыс.

Оқушылар жұпта өздерінің саяхатын дайындау үшін қала туралы сұрағысы келетін кем дегенде үш сұрақ туралы ойланады. «Ойлан, Жұптас, Пікір» әдісі қолданылады.


Диалог және қолдау көрсету.

Қала мен ауыл тақырыбына оқушыларға диалог құрастыру тапсырылады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдану, көрсету қалыптасады.

Ұжымдық жұмыста оқушылар бір-бірін өздері бағдаршам арқылы бағалайды.


Топтық жұмыста «Қала мен ауыл» тапсырмасы бойынша топ бір-бірін бағалайды.


Көрікті орындар қалаға және ауылға тән белгілерді табады.

Қалыптастырушы бағалаудың 1-ші тапсырмасының дескрипторы:

  • Қалаға тән белгілерді табады.

  • Қаланы «Қ» әрпімен белгілейді.


Қалыптастырушы бағалаудың 2-ші тапсырмасының дескрипторы:

  • Ауылға тән белгілерді табады.

  • Ауылды «А» әрпімен белгілейді.


Қалыптастырушы бағалауда мұғалімнің мадақтауы: Жарайсың! Керемет! Өте жақсы!


Топтар бір-бірін «Отшашу» әдісі арқылы бағалайды.


Сергіту сәті (қимыл көрсету)

Сергіту сәтін дұрыс орындау.

АКТ-ны уақытымен пайдалану.

Топта дұрыс отыру ережесі.


Орындықта дұрыс отыру ережесі:

1.Орындықта отырған кезде арқаны тік ұстау.

2.Орындықтың шетіне немесе бұрышына емес толық отыру қажет.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.






Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!