Ашық сабақ «Қалай дұрыс тамақтану керек» 1-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ «Қалай дұрыс тамақтану керек» 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып яғни 1-сынып мұғалімдеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Сабақ: 12

Мектеп: Т. Рысқұлов атындағы №48 орта мектебі

Күні: 1.10.2018 ж

Мұғалімнің аты: Туребекова Меруерт Жумабековна

Сынып: 1

Пәні: жаратылыстану


Ортақ тақырып:

Мен және менің отбасым



Бөлім: 3

Адам

Сабақтың тақырыбы:

Қалай дұрыс тамақтану керек?

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау

1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру


Сабақ мақсаты

Барлық оқушы: Дұрыс тамақтану ережесін айту


Көптеген оқушы: Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау

Кейбір оқушы: Қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру


Бағалау критерийлері

Адамның өсіп-дамуына қажетті жағдайларды атайды

Қоршаған ортаны зерттеудің маңыздылығын түсіндіреді

Қалай дұрыс тамақтану керектігін біледі;


Тілдік мақсат

-адамның өмірінің кезеңдерін сипаттайды

-адамның тіршілігі үшін қажет жағдайларды атай алады


Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: саумал, гамбургер, фри, пайдалы тағам, тамақтану пирамидасы, таңғы ас, түскі ас, кешкі ас

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: ауызша, жазбаша

Талқылауға арналған сұрақтар:

Балалар сендер қандай тағам түрлерін сүйіп жейсіңдер? Кім аналарына тағам дайындауда көмектеседі? Не үшін тамақтанамыз? Ал балалар қандай тағам түрлерін көріп тұрсыңдар? Қазақтың ұлттық тағамдары туралы не білесіңдер?Балалардың дені сау болып өсуі үшін қандай тағамдар қажет? Балалардың дені сау болып үшін қандай тағамдар қажет?

Не себепті......деп ойлайсыз?

Не себепті дұрыс тамақтан у керек?

Дұрыс тамақтану қаншалықты біздің ағзамызға пайдалы?

Ишара: қызыл түс – түсінбедім, сары түс – көмек керек, жасыл түс – тамаша


Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, зерттеу, шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлау, жауапкершілік.


Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек (тамақ түрлерінің суретін салу)

Математика (есеп және сан) анықтайды



АКТ


I.mektep.kz Тамақтану ережесін көрсету, слайд, бейнежазба

Бастапқы оқу:

Оқушылар тамақ түрлерін атай біледі

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)

ресурстар


Басы



Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал

Шаттық шеңбері

«Ыстық жүрек» әдісі

Оқушылар бір-біріне жүрекшені ұсына отырып жылы лебіздерін айтады.

«Сиқырлы сандық» ішінен гүл күлтешелерін алуды ұсынамын. Гүл күлтешелерінде жазылған сөздер бойынша топқа бөлінеді

1 топ- «Таңғы ас»

2 топ – «Түскі ас»

3 топ – «Кешкі ас»


«Миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу

Суретпен жұмыс

Құпия зат

Суреттерді конвертке салып алдыларына тастаймын.Олардан оның не екенін сұрап,топтарға біріктірулерін сұраймын..

Алма, алмұрт, газдалған сусын, сәбіз, жұмыртқа, кәмпит,картоп, балық, йогурт пен балмұздақ, шоколад батончигі,сағыз .


Біріктіру арқылы қандай топтар шыққанын сұраймын.

Пайдалы және зиянды деген топ шықты.

-Ендеше,бүгін сабағымызда осы тағам түрлерінің зиянды және пайдасы туралы танып білеміз.










Ортасы










«Кластер» әдісі Тұжырымды ойларымен бөлісіп, топтық жұмыс қорғайды (постер)

1-тапсырма

Пайдалы тағамдардың тұсына « таңбасын, зиянды тағамдардың тұсына «-» таңбасын қой.


Кейбір оқушы: Адамның өсуі үшін тамақтанудың пайдасы туралы әңгімеле.

Дескриптор

Білім алушы

- адам ағзасына пайдалы тағамдарды белгілейді;

- адам ағзасына зиянды тағамдарды анықтайды;

- адам үшін тамақтанудың пайдасын түсіндіреді.

Кері байланыс

Бағалау: «Бағдаршам» әдісі


2-тапсырма «Дастарқан» Ұ.ж

-Балалар сендер қандай тағам түрлерін сүйіп жейсіңдер? --Кім аналарына тағам дайындауда көмектеседі?

- Не үшін тамақтанамыз?

Әрдайым уақытында дұрыс тамақтану керек. Артық тамақ жеу – денсаулыққа зиян. Адамдар күніне үш рет тамақтанады. Олар «таңғы ас», «түскі ас», «кешкі ас» деп аталады.

-Қане, балалар суреттегі тағам түрлеріне назар аударып қарайықшы.

-Ал балалар қандай тағам түрлерін көріп тұрсыңдар? «Тамақтану ережесі»

- Қазақтың ұлттық тағамдары туралы не білесіңдер?

-Негізгі тағам түрлерін атату.

Дескриптор:

-Тағам түрлерін ажыратады;

-Қалай дұрыс тамақтану керектігін біледі;

-Пайдалы тағамдарды бояйды;

Кері байланыс

Бағалау «От шашу» әдісі


Ширату жаттығулары «Бұзық телефон» ойыны

Оқушыларды дұрыс тыңдауға ынталандыру. Сергиді

3-тапсырма «Аспазшы» ойыны Т.ж

Қалай дұрыс тамақтану қажет?

І топ«Таңғы ас»

«Күніне неше рет тамақтану керек?» Тамақтың мөлшерін жаз

ІІ топ «Түскі ас»

Қай кезде тамақтанған дұрыс? Өз ойларыңды жаз

ІІІ топ «Кешкі ас»

Қай тағамды таңертең, ал қайсысын кешке жеген дұрыс?

Дескриптор:

-Күніне неше рет тамақтану керегін түсінеді;

-Тамақтану уақытын біледі;

-Тамақтану тәртібін біледі;

Кері байланыс

Бағалау «Күлегештер» әдісі


4- тапсырма Шеңбердегі азық – түлік Т.ж

Шеңбер ішіндегі азық – түліктерді ата. Оларды неге көп мөлшерде жеуге болмайды? Неліктен?

І топ «Таңғы ас» - газдалған тәтті сусын

ІІ топ «Түскі ас» - фри

ІІІ топ «Кешкі ас» - жылдам әзірленетін тағамдар

Дескриптор:

-Шеңбердегі тағам түрлерін ажыратады;

-Олардың зиян екенін түсінеді;

-Жылдам әзірленетін тағам түрлерін біледі;

Кері байланыс

Бағалау «Бағдаршам» әдісі


Аңдатпа «Сен білесің бе?» қосымша мәлімет Ұ.ж

Кейбір оқушылар

Саумал дегеніміз не?

Саумал – биенің жаңа сауылған сүті. Оның көптеген пайдалы қасиеттері бар.

Қымыздың пайдалы қасиеттерін ата

Асқазан, ішек жолдарына пайдасы өте зор.

Дескриптор:

-Саумал туралы біледі;

-Қымыздың пайдалы қасиеттері туралы айтады

Ым ишара арқылы бағалау

























i.mektep.kz сайтынан «Тамақтану ережесін» көрсету






































Соңы




5– тапсырма «Зерттейік» (Ж. ж)

Толтырылмаған тамақтану пирамидасы бар парақшалар таратылады. Өздерінің тамақтану пирамидасын жасайды.

Таратпалы суреттер арқылы


Дескриптор:

-Жиі тұтынатын тағам түрлеріндегі суреттерді жапсырады;

-Пирамида арқылы дұрыс тамақтану ережесін түсінеді;

Кері байланыс

Бағалау «Қошемет көрсету» әдісі

«Аспан әлемі»


Қосымша мәліметтер



Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?


Қолдауды үнемі қажет ететін оқушыларға саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі бойынша сұрақтар қойылады.

Қабілеті жоғары оқушыға «Дерккөздер»әдісі арқылы әр оқушының оқу үдерісіне қатысуына жағдай жасалады.


Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?





Бағалау критерийлары негізінде оқушылар өзін-өзі,бірін-бірі,топта бағалау дағдылары қалыптасады.Оқуға деген ынтасы артады.

Әдістер: «Қошемет көрсету», «Бас бармақ», «Күлегештер»,

«Бағдаршам», «От шашу»

Денсаулық және қауіпсіздік







Партада дұрыс отыру ережесін сақтаймын.

Көз бен кітаптың арақашықтығын сақтау

Дәптерді дұрыс қолдану ережесін сақтаймын, ширату жаттығуы кезіндегі арақашықты дұрыс сақтау ережелерін қадағалаймын




Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.


2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.


2.

Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?

1.


2.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2019
1353
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі