400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Қ.Аманжолов "Ақын өлімі туралы аңыз" поэмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының қазақ тілі және әдебиет пәні оқытушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы ( үзінді)

Сабақтың мақсаты: Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасының тақырыбы мен идеясын ашу, басты кейіпкер Абдолла Жұмағалиевке мінездеме беріп, шығарманың көркемдік мәнін аша түсу. Қ.Аманжолов шығармалары арқылы студенттерді Отан қорғауға, ерлік, табандылыққа, адамгершілік қасиеттерге, елге деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге, адалдыққа тәрбиелеу.

Білімдік: Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы кейіпкерлер жүйесін талдай отырып, оларға мінездеме беріп, шығарманың идеялық-көркемдік мәнін түсіну

Дамытушылық:  Поэманың кейіпкерлер жүйесін талдай отырып, көркем мәтінмен жұмыс істей білуге дағдыландыру, сөздік қорын байыту, әдеби шығармаларды сүйіп оқуға қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік:  Қ.Аманжолов шығармасындағы Отан қорғау, ерлікке, табандылыққа, адамгершілік қасиеттеріне, елге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімге, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі : дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: оза отырып оқыту, баяндау, топтық, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, скт, тест, АКТ

Оқытудың көрнекі құралдары:

а) оқу-көрнекілік құралдары: жазушының портреті, кестелер, слайд, белсенді үлестірмелі құралдар, аудио, бейне жазба

б) техникалық оқыту құралдары: интерактивті тақта, ноутбук, дыбыс күшейткіш құралы (колонка)

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, музыка

Қолданатын әдебиет:

Негізгі: Қазақ әдебиеті. З.Қабдолов., С.Қирабаев., Х.Әдібаев т.б 11 – сынып, Алматы- «Мектеп» баспасы, 2015 ж.

Қосымша: Қ.Аманжолов. «Дауыл», «Нұрлы дүние» 1948 ж, «Таңдамалы шығармалары» жинақтары 1952 ж

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа қатысуларын, сабаққа даярлықтарын тексеру.

Өткен тақырыпты пысықтау – 10 мин.

Қызығушылықты ояту. 

  1. Ғ.Мүсірепов тың ұлттық әдебиетімізге қосқан шығармаларын атап өтсек?

  2. Жазушының ана тақырыбына арналған қандай шығармалары бар?

  3. Ғ.Мүсірепов 1930 жылдары драматургия саласына әкелген пьесалары?

  4. Жазушының ұлттық әдебиет тарихында айтарлықтай орын алған романы?

  5. «Қазақ солдаты» романы қандай шығарма, негізгі кейіпкері кім?

  6. Қасым Аманжолов қашан, қай жерде туды?

  7. Осыған дейін ақынның қай өлеңімен таныс болдыңыздар?

  8. «Өзі туралы» өлеңіндегі басты тұлға кім?

  9. Қасым тек ақын болып қалды ма?


Қасым Аманжолов туралы бейне жазба. Топтастыру


Shape1 ақын Shape2

Shape3

Shape4 Shape5 Қасым Аманжолов

Shape7 Shape8 Shape6




Кестені толтыру.

 

Негізгі мәселелер

 

Шумақтар

 

Тармақтар

 

Өзі жайлы

 

 

 

Өмірі мен өлім туралы

 

 

 

Болашаққа өсиет

 

 

Туған ел, туған жер туралы

 

 


ІІ. Жаңа сабақ: «Ақын өлімі туралы аңыз» 10 мин.

Кіріспе сөз /презентация/



Ей, тәкәппар дүние,

Маған да бір қарашы.

Танисың ба сен мені,


Қ.Аманжолов.



БББ кестесін толтыру (сабақ барысында толтырып отыру)

Білемін

Білдім

Білгім келеді





Мен қазақтың баласы,- деп, кезінде ағынан жарыла толғаған ақиық ақын Қасым Аманжолов... Тірісінде-ақ аңызға айналған Қасым-ешкімге ұқсамайтын дара тұлға, ақындық шабыты жүрдек тұлпардай шапқан сайын өрлей береді. Оның  жалынды да дауылды, нәзік те сыршыл поэзиясы жаныңа жайлы тиіп, баурап алады.

Дейсіңдер-ау Қасымның несі басым?     

Қасым солай  болмаса, несі Қасым?—деп ақындықтың асқар тауындай  ағасына Мұқағали Мақатаев жыр арнаса, Бауыржан Момышұлы «Қасым Аманжолов жаратылысы бөлек ақын» деп баға берген екен.

Қасымның ордабұзар шағы соғыспен  тұспа-тұс келді де, майданға аттанды. Шығысты да,  батысты да шарлады. Ауыр қиыншылықтарға кездесті. Ол қатардағы солдат бола жүріп, сұрапыл соғыста да өлең жазды. Ол  жан серігі  қаламын қолынан тастамай,  жауынгерлердің ерлігін, ұлан-байтақ жеріміздің тамаша, сұлу көріністерін, адам өмірінің үлгілі, өнегелі кезеңдерін қалам ұшына тізе берді. Қасымды  халқымыздың сүйікті ақыны дәрежесіне көтерген де сол кездегі жырлары. «Ақын өлімі туралы аңызды» ақын ауырып емханады жатқанда жазған.


Мағынаны тану. «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмадан үзінді. Тыңдалым

Асқан шеберлікті дәлелдейтін осыншама тығыз сыйымдылықты, шиыршықталған шымырлық, жұдырықтай жас  түйін шығарма бұрын қазақ поэзиясында болған емес. Шығарма  Ұлы Отан соғысының майданында  жаудың қоршауында, қалып  қойып, ерлікпен қаза  тапқан Қасымның жақын досы, жас ақын Абдолла Жұмағалиев туралы. (Бейне жазбадан Абдолла Жұмағалиев туралы мәлімет көрсету)

Абдолла Жұмағалиев 1915 жылы Жымпиты ауданындағы Жосалы қонысында дүниеге келген. Алғыр да от шашқан талантымен ерте танылған ақын. Оралдың педагогикалық институтында оқып жүргенде Қасыммен танысып, өте достасып кетеді. Қасым әрдайым оны «Біздің Байрон» деп еркелетеді екен. Айнымас досы, әрі туған інісіндей болып кеткен Абдолланың қайсарлықпен  қаза тапқанын  Қиыр шығыста  сырқаттанып, әскери емханада жатқанда  естиді. Кейін ақын: «Ол сұмдық  хабардың бүкіл болмысымды аударып төңкеріп кеткені сонша  бірнеші түнді жан есірік күйде дөңбекшіп өткіздім. Көзімнен  жасым тиылмады. Мен сол жасты көздің арасынан қиялымда оның  жаумен жалғыз өзі өрт құшағында тұрып айқасқанын көрдім, қайта-қайта көрдім. Содан соң барып қалам алдым. Менің ол күйімді  ұқпаған  дәрігерлер дәптерімді  екі-үш рет алып қойды. Соңғы рет аяқтауға жақындағанымда да алмақшы болды. Мен айбат шегіп алдыртпадым. Түрімнен шошыған болар, қайтіп тимеді,»--деп жазыпты естелігінде.

Шығарма жанр бойынша  поэма болып саналады. Поэма деп белгілі бір оқиғаны өлеңмен  баяндап айтатын, жыр-толғау түрінде келетін көлемді шығарманы айтамыз. Бұл поэма небәрі 220 жол. Олай болса, кітаптарымызды ашып, поэманы оқып, талдауға кірісейік.

Оқылым. Оқулықпен жұмыс. Поэмадан үзінді 15 мин (төрт топқа поэманы бөліп, аялдап оқу әдісімен поэманы талдап, композициялық жоспарын құру.)

Шығарманың басталуы: сұрапыл соғыстың суреттелуі.

Шығармашың дамуы: қаһарманның ішкі толғанысы, қаһарлы кекке, жан ашуына айналуы.

Шығарманың шарықтау шегі: жау әскерлерінің өрт қоюы.

Шығарма шешімі: Абдолла өлімі.

Дәптермен жұмыс.

Прототипі: өмірде, тарихта болған тұлға.

Жылдар

Негізгі оқиғалар

1936

Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

1938

Қаз ПИ-ды бітірді

1938-1939

Қызылорда сауда техникумында оқытушы

1939-1941

Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор болған.

1942

2-дүниежүзілік соғыста қаза тапты.

 

 

 

 

 

 



 Бекіту.

ІІІ. Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру.

1. «Ой қозғау». Сөйлесім. 15 мин.

Поэма тақырыбы-ерлік, батырлық туралы.


Жанры: поэма – жыр жанры (қара сөзбен жазылған көркем шығарма)


Идеясы-азаматтың елге деген борышын өтеу, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі.

Үлгі:



СShape18 Shape10 Shape11 Shape12 Shape13 Shape15 Shape14 Shape16 Shape9 Shape17 Shape22 Shape21 Shape19 ырдария

1. Авторы.

2. Тақырыбы.

3. Идеясы.

4. Жанр түрі.

5. Шумақ.

6. Тармақ.

7. Бунақ.

8. Буын.

9. Ұйқас түрі.

10. Әдеби теориялық ұғымдар.

11. Түсіндірме сөздік

12. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.




Сырдария

1.Авторы – Ә.Тәжібаев

2.Тақырыбы туған өлкесін, өзенін сүйіспеншілікпен жырлау. Тақырып дегеніміз – өнер туындысының іргетасы. Бұл - әдеби шығарма. Әдеби шығарма дегеніміз – белгілі бір дәуірдегі қағамдық шындықтың сәулесі.

3. Идеясы – туған жердің қадір-қасиетін білу және оны бағалау, автор тақырып арқылы өмір шындығын суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өзінің арманын, қиялын, мақсатын, мүлдесін

білдіреді.

4. Жанр түрі – лирика, өлең. Өлең дегеніміз–қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

5. Шумақ саны алтау. Шумақ дегеніміз аяқталған біртұтас ойды білдіреді.

6. Тармақ саны. Тармақ дегеніміз-өлеңнің әр жолы.

7. Бунақ саны екеу. Бунақ дауыс ырғағына қарай бөлінеді.

8. Буын саны 7-8. Буын сөздің құрамындағы дауысты дыбыстың санына қарай анықталады.

9. Ұйқас түрі кезекті ұйқас. (АБВБ) Ұйқас дегеніміз - өлең тармақтарының соңғы сөздері үндес, дыбыстары да бірегей жақын, ол өлеңнің бүкіл бітімімен, мазмұнымен тамырлас.

10. Әдеби теориялық ұғымдар. Эпитеттер –сұлу өзен, қарт ана. Эпитет дегенміз – заттың не құбылыстың сапасын айқындайтын суретті сөз. Аллитерация – 2-3 шумақтар. Аллитерация дегеніміз – бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталануы

10.2. а) Жарлай арнау – ақын жеке адамға емес, жалпы жұртқа қайтара сөйлеп, жеке адаммен ғана емес, жалпы жұртпен жария кеңескен. ә) Егіздеу – көркем әдебиетте автор өзінің көңіл күйіне ұқсас жайларды сол сияқты табиғат құбылыстарын қатар алып қолдану.

11. Түсіндірме сөздік а) Сыр, Рейне, Еділ, Днепр - өзен аттары.

ә) Гейне, Пушкин, Тарас – ақын аттары.

12. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні - өз туған жерін сүю, қадірлеу.

2.Синквейн  ұйқассыз бес жолды өлең ( 5 мин.)

Үлгі: Қайрош

Әдепті, батыл

Қашады, қорқады, талпынады     

Қалаға оқу іздеп келеді                                                                 

Айдынғалидың інісі


А)

1.Бір зат есім

2. Екі сын есім

3. Үш етістік

4. Төрт сөзден тұратын ойды білдіретін сөйлем

5. Зат есімнен тұратын сөз тіркесі


Б)

1. Бір зат есім

2. Екі сын есім

3. Үш етістік

4. Төрт сөзден тұратын ойды білдіретін сөйлем

5. Бірінші зат есімге синоним


В)

1. Бір зат есім

2. Екі сын есім

3. Үш етістік

4. Төрт сөзден тұратын ойды білдіретін сөйлем

5. Тақырып бойынша мақал

Г)

1. Бір зат есім

2. Екі сын есім

3. Үш етістік

4. Төрт сөзден тұратын ойды білдіретін сөйлем

5. Бір сын есімді сөз тіркесі

3. Шығармашылық жұмыс: (қалаған тақырып бойынша шағын  эссе жазу) 10 мин. Жазылым.

«Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген!»

«Ешкім де ұмытылмайды – ешнәрсе де ұмытылмайды»

«Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ!»

4.Венн диаграмасы: Қ.Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз», Ғ.Мүсірепов. Қазақ солдаты романы. – 5 мин.

Shape25 Shape24 Shape26













IV. Қорытындылау. 5 мин. Интернет желісі арқылы Bilimland сайтына кіріп, тест сұрағын оқып, берілген жауаптардың дұрыс нұсқасын белгілеңіз. Тестілеудің нәтижесін «Қорытынды беттен» көре аласыз. 
 

«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасының кейіпкері – Абдолланың прототипін көрсетіңіз.

Shape27

A) Қасым Қайсенов

Shape28

B) Абдолла Қарсақбаев

Shape29

C) Жұмағали Саин

Shape30

D) Абдолла Жұмағалиев

«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы оқиға қай кезеңді қамтитынын белгілеңіз.

Shape31

A) Азамат соғысы

Shape32

B) Ұлы Отан соғысы

Shape33

C) Қазан төңкерісі

Shape34

D) 1916 жылғы Ұлт азаттық қозғалысы

«Ұлы Отан соғысы туралы жыр» поэмасының идеясын табыңыз.

Shape35

A) Отанды сүю, атамекенді қорғау

Shape36

B) елді бірлікке шақыру

Shape37

C) соғысқа үгіттеу

Shape38

D) бейбіт елдерді басып алуға шақыру

«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасының кейіпкері Абдолланың образына тән қатарды белгілеңіз.

Shape39

A) батыр, күйгелек

Shape40

B) ұшқалақ, өр мінезді

Shape41

C) қайсар, отаншыл

Shape42

D) намысшыл, аңғал

Поэмада Абдолла ақының қалай қаза болатынын көрсетіңіз.

Shape43

A) жау танкісінің астына түсіп жарып, ерлікпен қаза табады

Shape44

B) ақын бекініс қылған үй өртеніп, соның ішінде қалып кетеді

Shape45

C) өртенген орманда қалып кетеді

Shape46

D) жау мергенінің жүрекке тиген оғынан қаза болады

Поэмада суреттелетін бас кейіпкер Абдолланың кім екенін көрсетіңіз.

Shape47

A) майданда қаһармандықпен қаза тапқан қазақ ақыны

Shape48

B) Қ.Аманжоловтың сыныптас досы

Shape49

C) ақын қиялынан туған романтикалық кейіпкер

Shape50

D) полк командирі

«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасының идеясын табыңыз.

Shape51

A) өлімнен тайсалмау

Shape52

B) азаматтарды Отан алдындағы борышын өтеуге шақыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру

Shape53

C) сұрапыл соғыс зардабын көрсету

Shape54

D) Отанға деген махаббат

Поэманың тақырыбын көрсетіңіз.

Shape55

A) махаббат

Shape56

B) бірлік жайында

Shape57

C) ерлік туралы

Shape58

D) достық жайлы

Ғ.Мүсіреповтің «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы жайлы пікірін белгілеңіз.

Shape59

A) «Қазақтың Қасымы – ғаламның жасыны»

Shape60

B) «Қасым – қазақ жырының алдаспаны»

Shape61

C) «Қазақ поэзиясының асқар шыңы»

Shape62

D) «Майданнан соққан жаңа леп»

Поэма қай жылы жазылғанын белгілеңіз.

Shape63

A) 1938

Shape64

B) 1943

Shape65

C) 1941

Shape66

D) 1942



Кері байланыс:  БББ кестесі бойынша 5 мин.

Оқытушы сөзі -3 мин

Қорытынды: Бүгінгі сабағымызды Тахауи Ахтановтың мына бір сөзімен  қорытындылап өтсек «Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр» деп айтқандай, Қасым өлеңдерімен бірге біздің арамызда. Міне, осынау қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан жауынгерлердің рухына бас ие отырып,  сол ерлердің бүгінгі ұрпақтарына қалдырған кең байтақ, азат елін, жерін қорғау, күту-болашақ мына сіздердің қолдарыңызда. Ерлік көрсету-тек қанды  майдан даласында емес, бейбіт елде де ерлік көрсетуге болады.(өмірмен байланыстыру)

Психологиялық тренинг. «Ақ тілек -3 мин.

V. Үйге тапсырма: Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» оқу талдау, үзінді жаттау – 2 мин.

VII. Білімді бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау – 2 мин.
























міз - өлең тармақтарының соңғы сөздері үндес, ды-

999 9.Ұйқас түрі кезекті ұйқас. (АБВБ) Ұйқас дегені-

міз - өлең тармақтарының соңғы сөздері үндес, ды-

быстары да бірегей жақын, ол өлеңнің бүкіл біті-

мімен, мазмұнымен тамырлас.

быстары да бірегей жақын, ол өлеңнің бүкіл біті-

мімен, мазмұнымен тамырлас.

с түрі кезекті ұйқас. (АБВБ) Ұйқас дегені-

9.Ұйқас түрі кезекті ұйқас. (АБВБ) Ұйқас дегені-

міз - өлең тармақтарының соңғы сөздері үндес, ды-

быстары да бірегей жақын, ол өлеңнің бүкіл біті-

мімен, мазмұнымен тамырлас.

міз - өлең тармақтарының соңғы сөздері үндес, ды-

быстары да бірегей жақын, ол өлеңнің бүкіл біті-

мімен, мазмұнымен тамырлас.













1. Авторы - Ә 2. Тақырыбы–туған өлкесін, өзенін

































Шығармашылығы (хронологиялық кестеге салу)

Әңгімелері

Повесть, романдары

Пьесалары, драмалық шығармалары

Аудармалары, әдеби - сын мақалалары

Фильмдері

Ғ.Мүсірепов  әңгіме жанрының өркендеуіне үлкен үлес қосты.

“Қос шалқар” (1928), “Көк үйдегі көршілер” (1929), “Өмір ертегісі” (1930), “Алғашқы адымдар” (1932), “Шұғыла” (1934), “Үздіксіз өсу” (1934), “Жайлау жолында” (1936), “Тұтқын қыз” (1938), “Жеңілген Есрафил” (1939).

 Ол “Ананың анасы” (1933), “Өлімді жеңген ана” (1933), “Ашынған ана”, “Ананың арашасы” (1934), “Ер ана” (1942), “Ақлима” (1944), “Әмина”, “Ана жыры”, “Ана” шығармалары арқылы сөз өнеріне жаңа көркемдік өрнек әкелді.

 “Автобиография-лық әңгіме” (1956), “Этнографиялық әңгіме” (1956), “Сөз жоқ, соның іздері” (1962), “Өмір жорығы” (1963), “Айгүл қойшының бір күні” (1964), “Айжан қойшының түндері”, “Бірінші фонтан”, “Қыран жыры” (1967), “Жапон балладасы” (1967), “Кездеспей кеткен бір бейне” повесі (1966, ҚР Мемл. сыйл., 1970)

Жазушының тұңғыш повестерінің қатарына 1928 жылы Қызылорда қаласында жарық көрген “Тулаған толқында” мен “Американ бидайығы” атты шығармалары жатады.

Ғ.Мүсірепов сондай-ақ “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” сияқты опера либретто-ларының да авторы. Ол тарихи тұлғалар өмірінен “Амангелді” (1939), “Ақан сері – Ақтоқты” (1942), “Болашаққа аманат”, “Қыпшақ қызы Аппақ”, “Қайран Майра” атты драмалық шығармалар жазды. 

Көркем аудармада  О.Генри,  С.Тагарао,  М.Горький,  М.Шолохов,  В.Василевская,  И.Эренбург,  У.Шекспир,  К.Симонов, Я.Галан, 

А.Островский, Ж.Мольер, 

А.Леонов, А.Сафронов, А.Штейн тағы басқа қаламгерлер пьесаларын қазақ тіліне аударды.

Фильмдері: “Амангелді” фильмі (1938) қазақ кино өнерінің алғашқы баспалдағы саналса, “Махаббат туралы дастан”, “Қыз Жібек” (1970) фильмдері қазақ кино өнерінің алтын қорынан орын алған туындылар












Әдеби сын - мақалалары “Суреткер парызы” (1970), “Заман және әдебиет” (1982), “Дәуір дидары” (1986), “Әдебиет – кәсіп емес, өнер” (1987) атты кітаптарында жарық көрді.

Романдары: Алғашқы романы – “Қазақ солдаты” 1945 ж. “Қазақ батыры” деген атпен жарық көрген повесін жазушы өңдеп, толықтырып, 1950 ж. қайта жариялады. 

“Оянған өлке” (1953) тарихи романында қазақ халқының 19 ғасырдағы өмірі үлкен суреткерлік-пен өрнектелген. “Оянған өлкенің” заңды жалғасы болып табылатын “Жат қолында” (1984) романы 30 жылдан соң жарық көрді.

“Ұлпан” романы 1974)


№

Әдебиетте қалам тартқан жанрлар

жылы

шығармалардың атауы

1

Ғ.Мүсірепов  әңгіме жанрының өркендеуіне үлкен үлес қосты.

 


1928 ж

“Қос шалқар”

1929

“Көк үйдегі көршілер”

1930

“Өмір ертегісі”

1932

“Алғашқы адымдар”

1933

“Ананың анасы”, “Өлімді жеңген ана”

1934

“Шұғыла”; “Үздіксіз өсу”, “Ашынған ана”, “Ананың арашасы”

1936

“Жайлау жолында“

1938

“Тұтқын қыз”

1939

“Жеңілген Есрафил”

1942

“Ер ана”

1944

Ақлима”

1956

“Әмина”, “Ана жыры”, “Ана” шығармалары арқылы сөз өнеріне жаңа көркемдік өрнек әкелді.

1962

 “Автобиографиялық әңгіме”

1963

“Сөз жоқ, соның іздері”

1964

“Өмір жорығы”

1967

“Айгүл қойшының бір күні”

1966

“Айжан қойшының түндері”, “Бірінші фонтан”, “Қыран жыры” “Жапон балладасы” “Кездеспей кеткен бір бейне» ҚР Мемл. сыйл., 1970)

2

Повесть

1928 жылы

Жазушының тұңғыш повестерінің қатарына Қызылорда қаласында жарық көрген “Тулаған толқында” мен “Американ бидайығы” атты шығармалары жатады.

3

Романдары

1945 ж.

“Қазақ батыры” деген атпен жарық көрген повесін жазушы өңдеп, толықтырып, алғашқы романы – “Қазақ солдаты” 1950 ж. деп қайта жариялады. 

1953 ж

“Оянған өлке” тарихи романында қазақ халқының 19 ғасырдағы өмірі үлкен суреткерлік-пен өрнектелген.

1984 ж

“Оянған өлкенің” заңды жалғасы болып табылатын “Жат қолында” романы 30 жылдан соң жарық көрді.

1974 ж

“Ұлпан” романы

4

Пьесалары, драмалық шығармалары

1939

Ғ.Мүсірепов сондай-ақ “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” сияқты опера либретто-ларының да авторы.



1939- 1942

Ол тарихи тұлғалар өмірінен “Амангелді” “Ақан сері – Ақтоқты” “Болашаққа аманат”, “Қыпшақ қызы Аппақ”, “Қайран Майра” атты драмалық шығармалар жазды. 

5

Аудармалары, әдеби - сын мақалалары


Көркем аудармада  О.Генри,  С.Тагарао,  М.Горький,  М.Шолохов,  В.Василевская,  И.Эренбург,  У.Шекспир,  К.Симонов, Я.Галан, 

А.Островский, Ж.Мольер, 

А.Леонов, А.Сафронов, А.Штейн тағы басқа қаламгерлер пьесаларын қазақ тіліне аударды.

6

Әдеби сын - мақалалары

1970

“Суреткер парызы”



1982

“Заман және әдебиет”



1986

“Дәуір дидары”



1987

“Әдебиет – кәсіп емес, өнер” атты кітаптарында жарық көрді.

7

Фильмдері

1938

Амангелді” фильмі қазақ кино өнерінің алғашқы баспалдағы саналды.



1970

“ “Махаббат туралы дастан”, “Қыз Жібек” фильмдері қазақ кино өнерінің алтын қорының туындылары


















































1.С. Мұқанов кім, Сабит деген есім нені білдіреді ?









2. Сәбиттің ақындығын айқындайтын шығармалары, шығармашылық жолы ?











3. Сұлушаш поэмасына ұқсас поэмаларды атаңыз











4.«Аққан жұлдыз» - эпикалық шығармасы кім туралы?

















5. «Аққан жұлдыз» романының басты кейіпкері Шоқан Уәлиханов туралы қандай мәлімет білесіңдер?





1

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
917
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі