400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Қанайналым жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қызықты ақпаратты танып білу үшін, практикада қолдануға оқушыларға көмегі болар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: жаратылыстану

Мектеп: Үш тілде оқытатын № 21орта мектеп-гимназиясы

Ұзақ мерзімді жоспары бөлімі: Адам

Сынып:3

Мұғалімнің аты жөні: Кенжеғұлова А.М

Сабақ тақырыбы:

Қанайналым жүйесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2.3.4 қанайналым жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: қанайналым жүйесі түрлерін біледі, атап айта алады

Көптеген оқушылар: адам ағзасындағы маңызды рөл атқаратынын біледі, сипаттап маңызын айтады.

Кейбір оқушылар: қанайналым жүйесінің адам ағзасындағы рөлін,қызметтерін түсіндіріп әңгімелейді.

Бағалау критерийлері:

  1. Қанайналым жүйесі жүректен және қан тамырларынан тұратынын біледі.

  2. Қанайналым жүйесінің адам өміріндегі қызметін түсінеді, рөлін сипаттайды

Тілдік мақсаттар:

Пәнге тән лексика мен терминология жүрек, күретамыр, көктамыр, қылтамыр

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

Қанайналым жүйесі дегеніміз не?

Жүрек қандай қызмет атқарады?

Құндылықтарды дарыту:

Жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет, сыйластыққа;

Топтық жұмыс орындау барысында ынтымақтастыққа;

Өзіндік жұмыста пікірін ашық білдіруге

Пәнаралық байланыстар:

«Модельдеу» әдісінде көркем еңбек, сергіту сәтінде музыкамен

АКТ қолдану дағдылары:

«Сұрақтар шеңбері» әдісінде микрофон, «Ойлан, жұптас,бөліс» әдісінде планшет,

Бастапқы білім:

Жүрек – адам өмірінде маңызды рөл атқаратынын біледі. «Қар үйіндісі» әдісімен білімдерін кеңейте түседі.

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы















Сабақтың ортасы

Психологиялық дайындық

«Комплименттер бұрқасыны»

Топқа бөлу

1 –топ: Жүрек

2-топ: Тамыр

3-топ: Өкпе

Ширату тапсырмасы

ҰЖ. «Сұрақтар шеңбері» әдісі (пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап беру мақсатында)

Дескрипторы:

  • Шеңбер құрады, сұрақтарды таңдап алады;

  • Микрофон берілген оқушы сұрақ бойынша пікірін, жауабын білдіреді

№1.БК Қанайналым жүйесі жүректен және қан тамырларынан тұратынын біледі.

ТЖ. «Ойлан, жұптас,бөліс» әдісі (Қанайналым жүйесін анықтау мақсатында)

МТ: (қанайналым жүйесі туралы)

(Партада дұрыс отыру ережесін еске түсіру)

Саралау: Дереккөздер бойынша саралау

1-топқа планшеттен «Қанайналым жүйесі» бейнекөрсетілімін қарайды

Дескрипторы:

- қанайналым жүйесін атайды, талдайды

2-топқа .Оқулықтағы сызба

Дескрипторы:

- жүректі, қантамырларды көрсетеді,атайды

-талдайды

3-топқа Суреттер

Дескрипторы:

  • сурет арқылы қан айналым жүйесімен танысады;

  • сұлба бойынша қанайналым жүйесінің атауларын атайды, талдайды

ҰЖ «Сұрақты ұстап ал» әдісі (қан айналым жүйесіндегі мүшелерді атату мақсатында)

  • Қанайналым жүйесі қандай мүшелерден тұрады?

  • Жүрек қандай қызмет атқарады?

  • Күретамыр қандай қызмет атқарады?

  • Көктамыр қандай қызмет атқарады?

  • Қылтамыр қандай қызмет атқарады?

  • Қан тамырлары қайда орналасады?

Дескрипторы:

-фасоль қапшығын ұстап алған оқушы сұраққа жауап береді

-келесі оқушыға бағыттайды;

-қан айналым жүйесіндегі мүшелерді атайды.

ТЖ ҚБ тапсырмасы: «Модельдеу» әдісі (Қанайналым жүйесінің жүректен және қан тамырларынан тұратынын көрсету үшін)

МТ

Саралау: тапсырма бойынша саралау Қауіпсіздік ережесі

1-тапсырма дескрипторы:

- А4 қағазда берілген адам сұлбасына жүректі жапсырады;

- қантамырларды орналастырады

- қантамырларын көк, қызыл қағаздан қиып, желімдейді.

2-тапсырма дескрипторы:

- А4 қағазға адам сұлбасын бейнелейді;

- жүректі орналастырады

- түрлі түсті қарындашпен қан тамырларын сызады.

3-тапсырма дескрипторы:

- А4 қағазға адам сұлбасын бейнелейді;

-жүректі орналастырады

- түрлі түсті жіптер арқылы қантамырларын желімдейді

Бағалау: Жалауша арқылы бағалаймын

Shape1

- Қанайналым жүйесі жүректен және қан тамырларынан тұратынын біледі

Shape2

-Қанайналым жүйесі жүректен және қан тамырларынан тұратыны біледі, қызметін анықтай алмайды

Shape3

-Қанайналым жүйесі жүректен және қан тамырларынан тұратынын, қызметін білмейді.

Сергіту сәті

№2.БК Қанайналым жүйесінің адам өміріндегі қызметін түсінеді, рөлін сипаттайды

ТЖ «Детальдарды қос» әдісі (жүректің адам өміріндегі маңызын түсіндіру мақсатында)

Дескрипторы

- Машинаның мотор арқылы жүретінін әңгімелейді

- Жүректі адамның моторына теңеу арқылы түсіндіреді;

- Жүректің адам жұдырығымен сәйкес болатындығын түсіндіреді.

- Салыстырып айтады

ӨЖ «Атаулар (терминдер) кестесі» әдісі (қантамырлардың қызметін анықтату үшін)

Shape5 Shape4

күретамыр

Қанды организмнен жүрекке алып келетін ірі қан тамыр




Shape6 Shape7

ең жіңішке қан тамыр тамырлар


көктамыр





Shape8 Shape9

Қанды жүректен алып шығып, дене мүшелеріне тарататын тасымалдаушы ірі қан тамыр

қылтамыр






Дескрипторы:

1.Көктамырдың қызметін анықтайды, атауымен сәйкестендіреді;
2. Күретамырдың қызметін анықтайды, атауымен сәйкестендіреді
3. Қылтамырдың қызметін анықтайды, атауымен сәйкестендіреді

Саралау: Қарқын бойынша саралау.

(Қарқыны тез, шапшаң оқушыларға тапсырма )




иә

жоқ

Қанайналым жүйесіне жүрек пен қан тамырлары жатады



Жүрек қанды тамырларға айдайтын бұлшық ет



Тамырдың 3 түрі бар



Ең ұсақ қан тамыр қылтамыр



Көктамыр-қанды жүректен алып шығып, дене мүшелеріне тарататын тасымалдаушы ірі қан тамыр



Жүрек адам ағзасында маңызды қызмет атқарады



Дескрипторы:

Тиісті орынға «+», «-» таңбасын қояды

ҚБ ҰЖ «Ойлан тап» әдісі (рөлін сипаттату мақсатында)

Суреттен қанайналым мүшелерін белгілеп, қандай қызмет атқаратынын сипатта

Дескрипторы:
-қанайналым мүшелерін белгілейді, айтады;
-қызметтерін анықтайды, сипаттайды

Бағалау

- қанайналым жүйесінің адам өміріндегі рөлін сипаттай алады

- қанаайналым жүйесі туралы біледі, адам өміріндегі рөлін түсіндіре алмайды

- қанайналым жүйесі туралы білмейді, адам өміріндегі рөлін сипаттай алмайды





микрофон









планшет

(https://www.youtube.com/watch?v=2y73K5jIi-Y)






















Фасоль қапшығы





А4 қағаз, түрлі түсті қағаз, түрлі түсті қарындаш, түрлі түсті жіп, желім, жүрек, адам сұлбасы




























http://www.youtube.com/watch?v=TL8kcRRalcM



микрофон

































кеспе қағаздар


















Сабақтың соңы

Рефлексия «Браундық» әдісі

Дескрипторы

- сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.



Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Ойлан, жұптас,бөліс» әдісі топтық жұмыста «Дереккөздер бойынша саралау» тәсілін қолданамын. Оқушылардың деңгейіне, ойлау қабілетіне, қабылдауына қарай планшеттен, оқулықтағы суреттер бойынша тапсырмалар беремін. Қанайналым жүйесі жүректен және қантамырларынан тұратынын біледі.

«Модельдеу» әдісі жұптық жұмыста «Тапсырма бойынша саралау » әдісін қолданамын.

Оқушылардың шапшаңдығына, мүмкіндігіне қарай тапсырмалар беремін. Қанайналым жүйесінің жүректен және қан тамырларынан тұратынын біледі.

«Атаулар (терминдер) кестесі» әдісі өзіндік жұмыста қан тамырлардың қызметін анықтату үшін «Қарқын бойынша саралау» тәсілін қолданамын. Қарқыны жай, қолдауды көп қажет ететін оқушыларға қантамырлардың қызметін анықтату үшін сұлба арқылы түсіндіремін. Қарқыны тез, қолдауды аз қажет ететін оқушыларға кеспе қағаздарға жазылған сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» белгілерін қою мақсатында тапсырма беремін.


1-бағалау критерийі бойынша оқушыларды жалауша арқылы бағаладым.

Shape10

- Қанайналым жүйесі жүректен және қан тамырларынан тұратынын біледі

Shape11

  • - Қанайналым жүйесі жүректен және қан тамырларынан тұратыны біледі, қызметін анықтай алмайды

Shape12

  • - Қанайналым жүйесі жүректен және қан тамырларынан тұратынын, қызметін білмейді.


2-бағалау критерийі бойынша смайликтер арқылы бағаладым.

- қанайналым жүйесінің адам өміріндегі рөлін сипаттай алса

- қанаайналым жүйесі туралы біледі, адам өміріндегі рөлін түсіндіре алмаса

- қанайналым жүйесі туралы білмейді, адам өміріндегі рөлін сипаттай алмайды

1 – бағалау критерийі бойынша топтық жұмыста «Модельдеу» әдісі барысында қауіпсіздік ережесін айтып өттім.

Партада дұрыс отыру ережесін еске түсіремін.



Сабақ бойынша рефлексия




Ықшамсабақ барысында Психологиялық дайындық кезеңінде «Комплименттер бұрқасыны» әдісі арқылы тиімді жүргіздім.Тақырыпқа сәйкес ішкі мүшелері арқылы топқа бөлдім. Топтық жұмыста «Ойлан, жұптас,бөліс» әдісі дереккөздер бойынша саралау барысында қанайналым жүйесін анықтау мақсатында 3 топқа 3 түрлі тапсырма бердім. Модель жасау тиімді әрі қызықты болды. Топтық жұмыста «Модельдеу» әдісі бойынша түрлі түсті жіппен сұлбаға желімдеу күрделірек болды, келесі сабақта жүргізетін болсам, жіпті желімдеу тапсырмасын жеңіл түрде беремін. Қауіпсіздік ережесінде қайшымен жұмыс жасау ережесін айтып өттім. Қарқын бойынша саралау тапсырмасы барысында оқушылардың жылдамдығына, қабілетіне, қабылдауына, зейініне қарай саралауды тиімді жүргіздім. Алдағы уақытта сабақ барысында жазумен жұмысқа арналған тапсырмалар берер едім. Болашақта осындай сабақты өткізетін болсам, «Модельдеу» әдістің орнына «А,В,С» әдісті қолданар едім.

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Топтық жұмыс кезінде планшетпен бейнекөрсетілім көрген тиімді болды.

2: «Модельдеу» әдісі қызықты болды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Әдіс-тәсілдер сабақты жақсартуға ықпал жасады.

2: Уақытты тиімді пайдалану

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Деңгейлік тапсырмаларды жиі қолдану



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
784
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі