15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Қандай денелер жарық өткізеді?
Мектеп: А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы |
|||
Пәні: Жаратылыстану |
Мұғалімнің аты-жөні: Кабирова М.Ж |
||
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: |
Табиғат физикасы 5.2 Жарық |
||
Күні: |
11.03.19 |
||
Сынып: |
2 д |
||
Сабақтың тақырыбы |
Қандай денелер жарық өткізеді? |
||
Оқу мақсаттары |
2.5.2.1- кейбір денелердің жарық өткізгіштік қасиетін зерттеу; 2.1.2.5 - құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау; |
||
Сабақтың мақсаты |
1) Жарық не екенін біледі. Тақырыпты меңгереді. 2) Табиғи және жасанды жарық көздерін ажыратады 3) Қандай денелер жарық өткізетіне болжам жасай алады. |
||
Тілдік мақсаттар |
Лексика терминологиясы: жарық,жарықты өткізу қасиеті,мөлдір. Диалог: - Барлық денелер жарықты өткізе ме? Дененің жарықты өткізетінін қалай анықтауға болады? Жарықты өткізетін денелерді қалай атауға болады?
|
||
Құндылықтарды қалыптастыру |
Ынтымақтастық (дәптермен жұмыс барысында ) Еңбек пен шығармашылық (топтастыру,) |
||
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану ,математика,физика |
||
Бастапқы білім |
Жарықтың не екенін біледі |
||
Сабақ барысы: |
|||
Жоспарланған Уақыт |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 5 минут |
Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру
1.Ширату. психологиялық дайындық. Шеңбер болып тұрайық, Құшағымызды ашайық. Жарық берген шамдардай, Қолды ашып-жұмайық.
-Балалар біз бұл өлеңде неге ұқсадық? -Жарық туралы не білесіңдер? -Жарық көздері туралы не білеміз? -Сіздер «пайыздық өлшем» бойынша жарық туралы бұрыннан қанша пайыз білесіңдер? «Сурет қиындыларын жинақтау» Топтарға бөлу. Таразы,машина,ғаламшар,шыны ыдыстар. 2.Сабақтың мақсатымен таныстыру -Біз бүгінгі сабағымызда қандай денелер жарық өткізетіне тоқталып, білімдерімізді жетілдіреміз. Найзағай туралы бейнеролик көрсету |
Шеңберде тұрып іс-қимылмен жарық шамдарын бейнелейді.
-Шамға -Жарық –қуаттың бір түрі.Жарықтың арқасында адам баласы айналадағы әлемді көре алады. Табиғи жарық көзі,жасанды жарық көзі.
50% 80% 100% Фишка арқылы түстерді таңдау,топта сурет қиындыларын құру.
|
|
Сабақтың ортасы
3 минут
|
3.Ой қозғау. Ұжымдық жұмыс Судың қандай қасиеттерін білеміз.
Қорытынды: -Оқушылар қалай ойлайсыңдар, екі стакандағы сұйықтықтарға қарап не айтуға болады. Бірінші стакан арқылы басқа заттарды көруге бола ма?Екінші стакан арқылы ше?Неліктен? Мадақтама сөздер |
Дәмі,иісі,түсі жоқ.ол аққыш,пішіні жоқ,мөлдір Мөлдірлік –судың жарық өткізу және белгілі бір тереңдіктегі заттарды көрсететін қасиет. Себебі: су- мөлдір,сүт- мөлдір емес. |
|
|
|
||
10 минут
2минут
|
Жаңа сабақ. Топтық жұмыс Оқулықпен жұмыс 74бет "Сұрақ-жауап" әдісі. (қорытынды бойынша) Мына ыдыстардың қайсысы мөлдір деп атауға болады?Неліктен?Қай ыдыстар мөлдір емес? -Бұл сыйымдылықтардың қайсысы арқылы қоршаған заттарды көруге болады? -Егер осы сыйымдылықтарға қарай жарақты бағыттаса , не болады деп ойлайсыңдар? -Қалай ойлайсыңдар жарық мөлдір заттар арқылы өтеді,ал мөлдір емес заттар арқылы өтпейді деп айтуға болама? Жарық түзу сызық бойымен қозғалады.Жолында мөлдір емес зат кездессе сол заттың көлеңкесі пайда болады.Мөлдір денелер жарықты өткізеді.Ондай заттарға шыны,су, слюда,ауа жатады.Мөлдір емес дене жарықты жұтады.Оның артында көлеңке пайда болады.Мұндай денелерге ағаш,металдар,қағаз т.б жатады.Жартылай мөлдір заттар жарықты шашыратады.Ондай денелердің қатарына полиэтиленді атауға болады. «Бармақ » арқылы өз-өздерін бағалау Ұжымдық. СЕРГІТУ СӘТІ:
|
-Шыны және мөлдір стакан
-Мөлдір заттың ар жағынан жарық көрініп тұрады,мөлдір еместің артынан көрінбейді.
-Иә.
Сергіту сәті
|
|
5 минут |
Тәжірибе. Топтық жұмыс.(Дереккөз арқылы саралау) 1 топ: Таразы арқылы заттардың массасын өлшеу 2 топ: Құм салынған табақша арқылы машинаның қозғалыс траекториясын анықта 3топ: Шарлар арқылы ғаламшарларды бейнеле 4 топ: Су құйылған ыдысқа қарындаш салыңдар.Не байқадыңдар? «От шашу» әдісімен бағалау |
Заттарды өлшейді.
Қозғалыс траекториясын біледі
8 ғаламшарды бейнелейді
Қарындаш суға кірген жерінде сынған сияқты болып көрінеді. Қарындаштан көзге келетін жарық судан шағылып сынады.
|
|
8 минут |
Топтық жұмыс. Саралау әдісі нәтижеге жету.
Бағалау критерийі: Жарық көздерін және жарық өткізгіш денелерді ажыратады. «Қабырға сөйлейді» 1 топ: Мөлдір Мөлдір емес 2 топ: Жарықты өткізеді Жарықты өткізбейді 3топ: Түрлі түсті сусындар 4 топ: Фонарь мен картон қағазды алыңдар.Фонарьді іске қосып қабырғаға бағыттаңдар.Фонарьдің алдына картон қағазды көлбейле.Не байқадың? Енді мөлдір түсті затты қойыңдар.Не байқадыңдар? Қол шапалақ арқылы бағалау |
Топтық жұмыс жүргізіледі
|
|
|
|
|
|
6 минут |
Дәптермен жұмыс. 52 бет (жеке жұмыстанып, берілген нұсқау бойынша тапсырманы орындау)
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма
Бағалау критерийі Білім алушы • Жарық өткізетін және жарық өткізбейтін денелерді анықтайды Суреттегі заттардың қайсысы жарықты өткізеді? Ол үшін қолшамның жарығын заттарға қарай бағыттап тексер. Жарық өткізетін заттарды белгіле (). • Жарық өткізетін және жарық өткізбейтін заттарға мысал келтір. Жарық өткізетін заттар ______________________________________ Жарық өткізбейтін заттар ______________________________________ Дескриптор Білім алушы - тәжірибе жасай отырып, жарық өткізетін заттарды анықтайды; - жарық өткізетін заттарға мысал келтіреді; - жарық өткізбейтін заттарға мысал келтіреді.
Өзара бағалау |
Белсенді әдіс, оқушылар толықтай қамтылып, өз білімдерін қорытындылайды
|
|
Сабақтың соңы 1 минут |
Қорытынды. «Ақиқат, жалған» әдісі арқылы қарқынды үдету 1)Күн сәулесі үшін ақша төлейміз. 2)Бағдаршам жасанды жарық көзі 3) Мөлдір денелер жарықты өткізеді. 4) Түнгі қаланың көрінісіне табиғи жарық себеп болады 5) Адам жарықты тек түнде пайдаланады. |
-жалған
|
|
Рефлексия. "Пайыздық өлшем" -Бүгінгі сабақ бойынша білімдеріңіз қанша пайызға өсті.Сабақ басындағы пайызбен салыстыра айтады |
50% 80% 100% |
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген