Пошта индексі:
020000
Көкшетау
гуманитарлы-техникалық лицей-мектебің
жоғары санатты қазақ тілі және
әдебиеті пәнінің мұғалімі
Боранбаев Жомарт
Ақайұлы
Сабақтың тақырыбы: Қаныш
Сәтбаев атындағы ғаламшар (10
сынып)
Сабақтың мақсаты: 1.
Білімділік. Оқушылардың лексикалық
білімдерін шыңдай отырып, олардың ғалым туралы білімдерін
жетілдіру. Грамматикалық білімдерін ұштау.
2.
Дамытушылық. Оқушылардың сөздік қорларын
байыту. Ауызекі сөйлеу мүмкіндіктерін дамыту. Сөйлем құрау
қабілеттерін арттыру. Өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын
шыңдау
3.
Тәрбиелік. Оқушыларды туған еліміздің
ғалымдарын білуге, оларды мақтан етуге үйрету. Ғылым мен білімге
деген құштарлықтарын арттыру
Күтілетін
нәтиже: Оқушылар өз ойларын қазақ
тілінде еркін айтуға үйренеді.
Қаныш Сәтбаев туралы қосымша
мағлұматтар үйреніп, есте сақтайды.
Сабақтың
түрі: білімді тиянақтау
сабағы
Сабақта қолданылатын
әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап,
диалог, көрнекілік;
Сабақта қолданылатын
көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:
ребус, сөзжұмбақ, нақыл
сөздер, тақта, оқулық, ноутбук;
Пәнаралық
байланыс: орыс тілі, әдебиет, тарих,
физика;
Сабақтың
эпиграфы: Ғылым –теңіз, білім -
қайық
Сабақтың өткізілу барысы:
І-кезең: Ұйымдастыру Амандасу. Психологиялық ахуал
туғызу
а) Кезекшілер
мәліметі: Бүгін сыныпта кім
кезекші?
Бүгін сыныпта кім
жоқ?
Бүгін нешесі? Қай
күн?
Үйге қандай тапсырма
берілді?
ә) Психологиялық ахуал
туғызу: ( Сабақтың
ұраны)
Қазақ тілі мәртебем, әрқашан
мақтан етем.
Қазынасын халқымның, әрдайым
құрмет етем.
Қазақ тілдің қыр-сырын,
өздеріңе үйретем,
Қуантарлық жауапты өздеріңнен
мен күтем.
Сабақты оқимыз, көңілге
тоқимыз.
Қазақ тілін үйреніп, қазақша
сөйлейміз.
Сөздер үйренеміз, мәнін
түсінеміз,
Келешекте әлі біз биікке
жетеміз.
Мұғалім: Оқулықты ашайық, тақтаға
назар салайық.
Үй жұмысын тексеріп,
сабағымызды бастайық
б) Үй жұмысын
тексеру: 1. Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
туралы не білеміз?
2. Презентация арқылы Қаныш
Сәтбаев туралы
білімдерін
көрсету
3. «Өз орныңды тап» ойынын
өткізу. (Қима сөздерден сөйлемдер құрау. Осылайша оқушылар екі
топқа бөлінеді. )
Жаңа тақырыпқа
көшу: «Ғаламшар» деген ребус
шешу.
(немесе адасқан әріптер арқылы
сабақтың тақырыбын ашу) Жаңа сабаққа
көшу. Ғ
,(қалам суреті) (шар
суреті)
ІІ-кезең: Жаңа
сабақ: Қаныш Сәтбаев атындағы
ғаламшар.
Грамматикалық тақырып:
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Мұғалім: Оқушылар, сабағымыздың мақсаты
қандай деп ойлайсыңдар?
-
Мәтінді мәнерлеп оқу.(аудио
жазбаны тыңдату және оқушыларға бейтаныс сөздерді жазып отыруы
керек.)
-
Мәтіндегі жаңа сөздермен
сөздік жұмысын жүргізу
Меңгерілетін
сөздер:
-
-
ғаламшар
|
планета
|
ұсыныс
|
предложение
|
есімін
беру
|
дать имя
(назвать)
|
қолдап
бекітті
|
поддержали,
утвердили
|
қарайтын
|
при
(относится)
|
ашқан
еді
|
открыл
|
күнді
айнала
|
вокруг
солнца
|
қозғалады
|
двигается
|
көлемі
|
обьем
|
шағын
|
не
большой
|
3. Оқушылар мәтінді мәнерлеп
оқиды.
ІІІ кезең: Ауызша және
жазбаша жаттығулар орындау.
Ауызша: «Таза
тақта»
-
Қаныш Сәтбаев
кім?
-
Жаңа ғаламшарды кім
ашты?
-
Ғаламшар қалай
қозғалады?
-
Ғаламшардың түсі
қандай?
-
Аспан денесінің көлемі
қандай?
-
Жаңа ғаламшар Күнді қанша
уақытта айналып шығады?
-
Жаңа ғаламшарға кімнің аты
берілді?
Жазбаша: 1) Топтық
жұмыс. Оқушыларға мәтіндегі сөйлемдер
таратылады. Оқушылар топта отырып берілген сөйлемдерге синтаксистік
талдау жасайды.
Жаңа сөздермен қосымша
жұмыс (билеттік жүйе
бойынша)
(Оқушылардың жаңа
сөздерді қолдана білу қабілеттерін байқау. Ашық сабаққа қатысушы
қонақтар мәтіннен кез келген бір зат есім сөзді дайындап отырады.
Тақтаға бір оқушыны шығарып, оған қонақтар айтқан
бірнеше сөзді кезекпен айтып отырамын. Оқушы сол бойынша тез
сөйлемдер айту қажет. )
ІV кезең: Сабақты бекіту –
Закрепление урока
1)
«Ғаламшар» деген сөзжұмбақ
шешу.
-
Қаныш Сәтбаев кім?
(ғалым)
-
Ол қай ауданда
туған?
-
«Великий» сөзінің қазақша
баламасын ата. (ұлы)
-
Ұлы Отан соғысы жылдарында не
тапшы болды? (марганец)
-
Бұл ғаламшарды АҚШ-тың қай
қаласындағы ғаламшар орталығы бекітті?
(Кембридж)
-
«Не большой» сөзінің қазақ
тіліндегі баламасын ата. (шағын)
-
«Ұсынысты» деген сөз қай
септікте тұр? (табыс)
-
Ғаламшардың түсі қандай?
(қара)
2) «Дұрыс па, бұрыс
па?»
1
|
Ғаламшар Марс пен Юпитер
аралығындағы «астероид белдеуінде» Күнді айнала
қозғалады.
|
дұрыс
|
2
|
Қаныш Сәтбаев Ақмола облысы,
Зеренді ауданында туған.
|
қате
|
3
|
«Біздің халқымыз – Арқаның
айдынында асқар Алатауға қарап еркін өскен ерлер» -деді Уинстон
Черчилль.
|
қате
|
4
|
Бұл ұсынысты АҚШ-тың Кембридж
қаласындағы Халықаралық ғаламшар орталығы қолдап,
бекітті.
|
дұрыс
|
5
|
Бастауыш - сөйлемнің тұрлаусыз
мүшесі.
|
қате
|
6
|
«Вокруг солнца» қазақ тілінде
«шағын»
|
қате
|
7
|
Жаңа ғаламшардың түсі қара сұр
немесе қара қоңырлау.
|
дұрыс
|
V кезең: Сабақты
қорыту:
1.
Рефлексия:
-Мен бүгін
............................ үйрендім.
-Мен бүгін
........................... түсіндім.
-Маған бүгін
...................................... қиын
болды.
Үйге тапсырма
беру.
-
Жаңа сөздерді жаттап алу және
5 сөйлем құрап келу.
-
58 бет, 6 тапсырма. (сөздерді
мағынасы бойынша сәйкестендіру)
-
1
|
Антипина
Дарья
|
|
2
|
Атыгаева
Әдемі
|
|
3
|
Бойко
Владислав
|
|
4
|
Дастан
Динар
|
|
5
|
Джаниева
Анель
|
|
6
|
Колько
Юрий
|
|
7
|
Мартысеевич
Анастасия
|
|
8
|
Моисеева
Виктория
|
|
9
|
Назаренко
Екатерина
|
|
10
|
Стогниева
Анастасия
|
|
Оқушыларды бағалау.
Сабақтың еліміздің 25 жылдық
мереке қарсаңында өтіп жатқаны туралы айтып, сабақты келесі өлең
жолдарымен аяқтау.
Бейбітшілік, ынтымақтың жиырма
бес жылы.
Біліміміз осы тойға
арналады.
Еліміздің мәртебесі арта
берсін!
Деп халқым, бар әлемге жар
салады.
Игілікті істер елімізде болып
жатыр,
Ат салысқан бұндай іске нағыз
батыр.
Көрсеткен білімдерің бұл
сабақта,
Үлес қосқан әрекетің іске
татыр.