Ашық сабақ. Қаптама айналымын ұйымдастыру, 1 курс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Қаптама айналымын ұйымдастыру, 1 курс

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттердің қаптама айналымы –қаптаманы қабылдау, қаптаманы сақтау, қаптаманы ашу, қаптаманы ашуға арналған құрал-саймандар және қаптаманы қайтару туралы түсінігін кеңейту, білімін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, «Орал «Сервис» технологиялық колледжі»МКҚК, "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы

Китарова Жанипа Канатовна

Модуль /пән атауы:

КМ04. Дайын өнімді безендіру және өткізу/Тамақтандыру кәсіпорындарындағы өндірісті ұйымдастыру

Сабақтың тақырыбы:

Қаптама айналымын ұйымдастыру

Дайындаған педагог:

Китарова Жанипа Канатовна

Курс, оқу жылы, топ:

1 курс,

Сабақтың өткізілетін күні:


Сабақ типі

Теориялық

Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі:


Білімділік:

Студенттердің қаптама айналымы –қаптаманы қабылдау, қаптаманы сақтау, қаптаманы ашу, қаптаманы ашуға арналған құрал-саймандар және қаптаманы қайтару туралы

түсінігін кеңейту, білімін арттыру.

Тәрбиелік:

Студенттерді өз бетінше ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу

Дамытушылық:

Студенттердің сабаққа белсенділігін арттыру, ойлау, саралау, жүйелеуге бейімділіктерін дағдыландыру

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

1. Қ.Күзембаев, Г.Күзембаева. Қоғамдық тамақтандыру өндірісін ұйымдастыру. Астана-2019;

2. В.В.Усов. Организация производства и обслуживания на предприятиях общественного питания. Москва-2018.


Техникалық құралдар, материалдар

Интерактивті тақта, карточкалар, ұялы телефондар

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)

1. Сәлемдесу

2. Топты түгендеу

3. Оқу құралдарын түгендеу

2. Үй тапсырмасын тексеру

(20 минут)

1. Қаптама деген не?

2. Қаптама айналым деген не?

3. Қаптама жабдықтары деген не?

4. Қаптамалардың жіктелу?

5. Қаптамаға қойылатын талаптар?

3. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық (жаңа тақырыпты болжау) (5 минут)

Қаптама түрлері:

  • Материал түрі бойынша қаптама қаптама ағаш, шыны, металл, мата, картон-қағаз, пластмасса әртүрлі;

  • Қаттылық дәрежесі, яғни механикалық әсерге қарсылық қабілеті бойынша - қатты, жартылай қатты, жұмсақ;

  • Мамандану дәрежесі бойынша – әмбебап және арнайы; әмбебап қаптама тауарлардың бірнеше түріне қолданады;

  • Қолдану реттілігі бойынша бір реттік және көп реттілік болады.

  • Сонда қаптама айналым дегенді қалай түсінуге болады?

4. Жаңа материалды түсіндіру

(30 минут)

Қаптама айналымы қабылдау, ашу, сақтау және қайтарудан тұрады.

Қаптаманы қабылдау. Тауармен бірге түскен қаптама тауар сияқты нормативті құжаттармен жабдықтау келісімі шарттарына сәйкес материалды жауапты тұлғамен қабылдану керек. Саны бойынша қабылдау қаптаманың нақты болуын текскруден және оны ілестірмелі құжат мәліметтерімен салыстырудан тұрады. Қаптаманың қабылдау кезінде сертификаттың болуына, сонымен қатар қаптама маркіленуіне, МЕСТ талаптарына сәйкестігіне көңіл бөлу керек. Қаптаманың сапа бойынша қабылдау кезінде оның бүтіндігін, сыртқы түрін тексеруді, ақауларға; зақымдану, ластану және т.б. көңіл бөледі. Келіп түскен қаптама сапасының МЕСТ талаптарына ілестірмелі құжаттарға сәйкестігін айқындайды.

Қаптаманы ашу сапасын сақтау үшін арнайы құрал саймандарымен жүргізіледі. Жәшік және бөшкелерді дұрыс ашу төмендегі суретте көрсетілген.



Қаптаманы ашуға арналған құрал-саймандар: 1-балта-балға; 2-түтікті шеге суырғыш; 3,5-балға-шеге суырғыш; 4-қысқыштар; 6-бөшкелерден құрсауларын алғыш; 7- ағаш балға; 8-ағаш набойка; 9-томоганк; 10-шеге суырғыш-қайшы; 11-ыдысты ашуға арналған темір шыбық; 12-фигуралы рычаг; 13- металл набойка; 14- қап ашуға арналған пышақ.

Қаптама арнайы бөлінген қоймада немесе жеке тұрғын бөлмелерде штабельді немесе стеллажды әдіспен сақталады. Өзінік иісі бар қаптаманы жеке сақтайды. Қаптарды мұқият шаңынан тазалап, кептіреді де, құрғақ бөлмеде стеллажда сақтайды.

Қаптаманы қайтару реті жабдықтау келісім шартында қарастырылу керек. Белгілі бір жабдықтаушының, инвентарлы көп реттік қаптамасы оған келісімде қарастырылған кепіл бағасы бойынша қайтарылады. Тауар құнына қосылған қаптама құны қаптама материалы ретінде қаптама қабылдау орындарына қайтарылады. Тауар құнына қосылмаған қаптама жабдықтаушыға қайтару керек, бірақ оның реті келісімде қарастырылу керек.

5. Жаңа материалды бекіту (20 минут)

  1. Қаптама айналымы неден тұрады?

  2. Каптаманы қабылдау кезінде қандай талаптарға көңіл бөлу керек?

  3. Қаптаманы ашу үшін қажетті құрал-жабдықтар?

  4. Қаптаманы қайтару реті?

  5. Қайтарылатын қаптаманың сапасы төмен болса қандай шара қолданылады?

Сабақ бойынша рефлексия (8 минут)

Түйін сөз:

  • Қаптаманы қабылдау –

  • Қаптаманы ашу –

  • Қаптаманы сақтау -

  • Қаптаманы қайтару реті –

Қаптаманы ашуға арналған құрал-саймандар:

6. Үй тапсырмасы

(2 минут)

Қаптама айналымын ұйымдастыру
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2021
976
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі