400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ ""Қар жауып тұр"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне керек. Өз ара білім алмасу мақсатында.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: "Шығармашылық"

Ұйымдастырылған оқу қызметі: "Құрастыру"

Тақырыбы: "Қар жауып тұр"

Мақсаты: Балалардың саусақ бұлшық еттерін жетілдіру. Қағазды умаждау арқылы қар кесектерін жасауға болатынын түсіндіру. Табиғат құбылыстары жайында қарапайым түсініктер беру. Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.

Көрнекілігі: үлгі суреттер, үлкен және кіші сулық қағаздар, желім, қол сүртуге сулық, ұлпа қарлар.

Сөзік жұмыс: жапалақтап қар жауды, қар аппақ, мамық.

Билингвальді компонент: қар - снег, қыс - зима.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық -қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенмен,

Тәрбиенің басы ғой.
Ал қанекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.


Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды.


Балалар келген қонақтармен амандасады.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер жауабын тауып көріңдер.

Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық.

- Бұл не екен балалар?

- Дұрыс айтасыңдар, қар қай мезгілде жауады екен?

- Балалар, мына алдымызда тұрған суреттермен әңгіме құрастырып көрейік.

- Балалар, қараңдаршы кім не айтады?

- Балалар, қар қандай болады?

- Олай болса бүгінгі, шығармашылық саласы бойынша, ұйымдастырылған оқу қызметі құрастыру, тақырыбы: "Қар жауып тұр", - деп аталады.

Есік қағылып топқа аю келеді. Балалармен амандасады.

- Балалар мен жылда ұйықтап қаламын да жауған қарды көре алмай қаламын. Міне тағы да ұйқым келіп тұр (есінейді).

Тәрбиеші:

- Балалар, аюға көмектесеміз бе?

- Қардың қалай жауатынын көрсетейік.

- Аю, сен балалармен бірге отыр, ұйықтап

қалма.


Жарайды.



Қар.


Қыс.




Аппақ, жұмсақ, мамық. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.



Балалар аюмен амандасады.

Балалар аюға таңдана қарайды.

Иә.



Ұйымдастырушылық-ізденістік

- Балалар, жұмысымызды бастамас бұрын, бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт-сарт-сарт,

Шапалақ соғамыз.

Тоңса біздің аяғымыз,

Етік киіп аламыз.

Топ-топ-топ,

Топылдатып билейміз.

Тоңса біздің денеміз,

Тонды киіп аламыз.

Зу-зу-зу,

Зуылдайды шанамыз.

Сөзік жұмыс: жапалақтап қар жауды, қар аппақ, мамық.


Билингвальді компонент: қар - снег, қыс - зима.

Тәрбиеші үлгіні көрсетіп балаларға бүгін жауған қарды қағаздан қалай құрастыруға болатынын көрсетіп түсіндіреді. Үлкен сулық қағазды бірнеше кішкене бөлшектерге бөліп қойғанын айтады. Алдын ала бөлшектеп кесілген сулықты саусақпен умаждап, оны домалақтайды, домаланған бейнеге желім жағып, қағаз бетіне әр жерге жапсырып шығады. Жеке жұмысты қажет ететін балаларға көмек беріледі.






Балалар қимылдарды жасайды.










Қайталайды: жапалақтап қар жауды, қар аппақ, мамық.

Қайталайды: қар - снег, қыс - зима.








Рефлексиялық- түзетушілік

- Балалар, бүгінгі оқу қызметімізде не құрастырдық?

- Сосын оны не істедік?

Балалардың еңбектері бағаланып, марапатталады.

- Балалар, қыста қандай ойындар ойнаймыз?

Ендеше аюмен қар атысып ойын ойнайық.

Қимыл қозғалыс ойыны: "Қар атыспақ"

Аю балаларға ризашылығын білдіріп, қоштасады.

Балалар жауабы.


Балалар өздерінің жасаған жұмыстарын тамашалайды.



Аюмен ойын ойнайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: жапалақтап жауған қар туралы .

Игереді: қағаздың көлемі "үлкен", "кіші" және оны умаждау әдістерін.

Меңгереді: қағаздан умаждап белгілі бір пішінге келтіріп, оны кеңістікке дұрыс орналастыра білуді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
3031
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі