Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қара шаңырақ" 5сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жас ұстаздарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.3.1.Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер

Мектеп: №275 орта мектебі

Күні: 17.10.2018ж

Мұғалімнің есімі: Сулейменова Айнаш Аруановна

Сынып: 5 "Ә".

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қара шаңырақ. Үндестік заңы

Оқу мақсаты

5. Т/А1. Берілген сұрақтар арқылы тыңдалым мәтінінен қажетті ақпаратты таба білу, тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.

5.ӘТН1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: 1.Тірек сөздер мен суреттер арқылы тақырыпты болжай отырып, ұсынылған жанрдағы мәтінді түсіндіреді.

2. Мәтін бойынша үндестік заңын түсінеді, буын үндестігін тауып, ажыратады.


Оқушылардың басым бөлігі: 1. Берілген мәтінді пайдалана отырып, ұсынылған сөздерді буын үндестігіне жіктейді.

2. Мағынасын айқындай отырып дәлелдейді .

Кейбір оқушылар: Мәтіндегі ақпараттар арқылы өз пікірлерін дәлелдейді, түсініктеме береді және қара шаңырақ туралы өз ойларын тұжырымдайды.

Бағалау критерийлері

  1. Тыңдалым арқылы қажетті ақпаратты анықтай алады. Көтерілген мәселе бойынша өз көзқарасын білдіреді. Тірек сөздер мен суреттер арқылы негізгі ойды болжайды.

2. Үндестік заңы мен буын үндестігін біледі, буын үндестігін

ажырата алады.

Ойлау деңгейі


Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтай алады. Қара шаңырақ ұғымы, оның маңызымен танысады, үндестік заңы мен буын үндестігі туралы білімді меңгереді.

Негізгі сөздер мен тіркестер: қара шаңырақ, үндестік заңы, буын үндестігі, сақ, ғұн, үйсін. Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: халқына беделді, киелі, ас беру, соғым басына шақыру, тірек, медет тұту т.б.

  • Талқылауға арналған сұрақтар: Отбасылық ғұрыптар дегеніміз не?

  • Неге «Отан отбасынан басталады» деп ойлайсыздар?

  • Не үшін «Отбасы – шағын мемлекет» деп айтылған?

  • «Үндестік» сөзіне мағыналас тағы қандай сөздер бар?

Құндылыққа баулу

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау. Топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, ынтымақтастық, жауапкершілікті сезіну.

Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына, отбасы құндылықтарына құрметпен қарау. Ата-ана алдындағы азаматтық парызды түсіну, қамқорлық көрсету. Өз елінің өткен тарихын, ата-бабаларының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, мәдениетін білу, сақтау.

Пәндік байланыс

Тарих, Өзін-өзі тану

Алдыңғы оқу

Қазақ тілі, 5-сынып , «Асыл тастар»

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар



АКТ











Қима қағаздар






Picture 2


Суреттер

Сабақ-тың

басы


6 мин


2 мин







1 мин






1 мин






2 мин



Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыра отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру, ынтымақтастыққа негізделген жағымды психологиялық орта қалыптастыру.

Психологиялық дайындық.

«Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық

Уықтар боп иіліп

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық».

Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты отбасымыздың қабырғалары мықты, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

ҚБ. Ауызша мадақтау.

Топқа бөлу:

Оқушылар сурет салынған парақша арқылы (шаңырақ, уық, кереге, босаға) 4 топқа бөлінеді. .

ҚБ. Ауызша мадақтау.


Үйге берілген 5-тапсырма. «Өзара тексеріс» әдісі арқылы оқушылар дәптерін алмастырып, өзара тексеріп, бір-біріне баға қояды. Әділетсіздік орын алмас үшін ең соңында барлығын өзім тексеретіндігім айтылады.

ҚБ. Ауызша мадақтау.

Киім-кешекке қатысты ырымдар мен тыйымдарды бір-біріне жеткізеді.

  • Бұрын бұл туралы естіп пе едіңіздер?

  • Кімнен естідіңіздер?

  • Осы ырымдарды үнемі сақтап жүресіңдер ме?

Бағалау. Топтар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

ҚБ. Ауызша мадақтау.


Тыңдалым алды. «Миға шабуыл» әдісі:

  • Отбасылық ғұрыптар дегеніміз не?

  • Неге «Отан отбасынан басталады» деп ойлайсыздар?

  • Не үшін «Отбасы – шағын мемлекет» деп айтылған?


ҚБ. Ауызша мадақтау.


Болжау арқылы анықталған тақырып негізінде жаңа сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийі таныстырылады.

Сабақ-тың орта-сы


28 мин


2 мин






4 мин






1 мин




5 мин


Сергіту сәті .


2 мин








2 мин















5 мин



















7 мин

Оқылым : 1-тапсырма.

Әр топ мәтінді «5-5-1» әдісі бойынша мәтінді түсініп оқиды, тақырып қояды.

Бағалау. «Смайликтер» арқылы бағалайды.

ҚБ. «Қол шапалақтау»

2-тапсырма. Оқылым, жазылым.

(Дәптермен жұмыс).

1-топ: Қарамен берілген сөздердің мағынасын көрсетеді, сөйлем құрап, дәптерге жазады.

2-топ: Дұрыс жауап болатын нұсқаларды сәйкестендіреді және кейбір сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құрап дәптерге жазады.

3-топ: «Қара шаңырақ» тіркесіндегі қара сөзінің қандай мағынада қолданылғанын анықтайды, осы сөздің әртүрлі мағынасына сөйлем құрайды.

4-топ: Берілген сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен табады, сөйлем құрап дәптерге жазады.

Бағалау. Топтар бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалайды.

Shape1 Shape2 Shape3


Сергіту сәті

Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дейік.

Тағы жаңа жаттығулар істейік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық енді біздер марқайтып.

Мұғалім түсіндірмесі. Үндестік заңы. Буын үндестігі және оның заңдылықтары туралы мәлімет беремін.

Сөздің бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтылуы үндестік заңы деп аталады. Үндестік заңы буын үндестігі және дыбыс үндестігі болып жіктеледі. Сөз құрамындағы, түбір сөз бен қосымшалардағы дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып үндесуі буын үндестігі деп аталады. Сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша да жуан, жіңішке болса, қосымша жіңішке болады: ана-ға, әке-ге.

Басқа тілден енген сөздерде (мұғалім, кі­тап, кино, қазір) және біріккен сөздер (әуежай, кемпірқосақ) мен қос сөздерде (іші-сырты) жуан, жіңішке дауысты дыбыстар араласып келе береді.


3-тапсырма. Жазылым.

Жұптық жұмыс. (Дәптермен жұмыс).


1-жұп

2-жұп

3-жұп

Бірыңғай жуан дауысты дыбыстан тұратын сөздер

Бірыңғай жіңішке дауысты дыбыстан тұратын сөздер

Аралас буынды сөздер











Бағалау. «Смайликтер» арқылы жұптар бірін-бірі бағалайды.

Тілдік бағдар.

4-тапсырма. Айтылым.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны жалғап, өлеңді мәнерлеп оқиды. Өлеңдегі «Дәстүрді күзету» деген тіркесті талдайды, ой қорытады.


АКТ:

Оқулық


Шапалақ





Оқулық,
















АКТ мүмкіндігі,



















Тапсырма парақтары

Мәтін жазылған тапсырма парақтары




«Смайлик тер»


АКТ

Сурет


,

Сабақ-тың соңы

6 мин

3 мин





Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Кері байланыс: «Пошта жәшігі». Оқушылар мұғалімге сабақтан алған әсерлері жайында хат жазады. Не қиын болды? Не қызық болды?


Үйге тапсырма: 3-тапсырма.58 бет.

Барлық оқушылар: Берілген қосымшалардың жұптарын тауып, көп нүктенің орнына тиістісін қояды және мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіреді.

Кейбір оқушылар: ізденіп, ойтолғау жазады.








Оқулық

Қосымша мәлімет


Саралау – оқушыға мейлінше

қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?


Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс.

«Өзара тексеріс» әдісі арқылы оқушылар тапсырма негізінде ойланып, сыни көзқарас қалыптастыруға дағдыланды. Топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, ынтымақтастық, жауапкершілікті сезінді.

«Миға шабуыл» әдісі

арқылы сөздердің мағыналық түрін саралады, алған білімін қолдана отырып жинақтады, ой қорыта алды.

«5-5-1» әдісі арқылы оқушының таным белсенділігі артты, жүйелі ойлап, ой түйіндеуге үйренді.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы жеке, жұптық, топтық жұмыс жасау дағдылары қалыптаса отырып, өзара сын, құрмет көзқараста-рын қалыптастырды.




«Бағдаршам» әдісі,

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бірін-бірін бағалайды, «Рефлексия пирамидасы» әдістері арқылы оқушылар сабақтан алған білімдері негізінде өз-өздерін реттейді, оқудағы алға ілгерілеу қадамдарын нақтылайды.


Сергіту сәті «Бәріміз бірге»

АКТ-мен жұмыс жүргізу кезінде адам өмірінің қауіпсіздігі басшылыққа алынады.

Жоспарлаудағы рефлексия

Сабақ мақсаттары SMART өлшеміне сай жоспарланды, әр деңгейдегі оқушы мүмкіндігіне қарай қолжетімді, уақытқа есептелген. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру мақсатында«Өзара тексеріс» әдісі , «Миға шабуыл», «Аяқталмаған сөйлем»әдістері қолданылады. Әр оқушының оқу мақсатына жеткенін білу үшін бағалау критерийі мен дескрипторлар ұсынылады. Осы белсенді әдістер мен бағалау критерийлері арқылы сабақ, оқу мақсаттарына қол жеткіземін деп ойлаймын.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Белсенді оқу әдістері; 1. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы берілген мәтіндегі жекелеген сөздердің қосымшаларын үндестік заңына сәйкес тапты, мәтіндегі негізгі ойды айқындады, «дәстүрді күзету» сөзі негізінде сынып болып пікірлесті, ой қорытты.

2. Сараланған жаттығулар.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Топтық, жұптық жұмыстар.

2. ҚБ түрлері. Сабақ барысында әрбір оқушының өзінің және сыныптастарының әрекеттеріне эмоциялық қолдау көрсетуі, өзін-өзі бақылауы және рефлексия жасауы.

Ықшам сабақ ықпалы:

  1. Қысқа мерзімді жоспар жасау барысында оқу бағдарламасы мен ҰМЖ-дан оқу мақсатын алу қиынға соқпады. Сабақ талдау барысында алынған кері байланыстың сабақты тиімді жоспарлауыма, оқулықтан тыс қосымша тапсырмалар дайындауыма ықпалы зор болды.

  2. Оқушыларға отбасы құндылығы туралы ақпарат алуға ықпалы зор болды .






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
2674
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12