400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қарахан мемлекеті"

Материал туралы қысқаша түсінік
іс тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.2A Х – XІІІ ғғ. басындағы Қазақстан

Мектеп: М.Әуезов атындағы №2 ОЖББМ


Күні: 4.02.2020 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Сембаева А.Б.

Сынып: 6 в


Қатысқандар саны:16

Қатыспағандар саны:-

Сабақ тақырыбы:

Қарахан мемлекеті

Зерттеу сұрағы

Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады?


Сабақ мақсаттары


Қарахан мемлекетінің дамыған орта ғасыр кезеңіндегі тарихи орнын анықтап, елдегі жер иелену ерекшеліктерін талдау және ислам дінінің қоғамдық өмірге тигізген ықпалын көрсету.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • Ислам дінінің қоғамдық өмірге ықпалын анықтау;

  • Тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру

Бағалау

критерийлері



  • Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіреді;

  • Қарахан мемлекетінде ислам дінінің енуіне байланысты саясаттағы, шаруашылықтағы, мәдениеттегі өзгерістерді анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Қарахан мемлекетінде жер иелену ерекшеліктері, ислам дінінің енуіне байланысты саяси-қоғамдық, экономикалық-әлеуметтік, мәдени өмірдегі өзгерістер туралы оқиды, әңгімелейді, жазады (оқылым, тыңдалым, жазылым дағдылары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

ислам діні, кесене, жер иелену, тегіндер, уәзірлер, ихта, ихтадар, муқта, інжу, вакфтық жер, музари, барзигар, коммендация

Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:

Қарахан мемлекетінің ислам дінін мемлекеттік дін етуінің себептер/факторлар мыналар: әлеуметтік/........................, экономикалық/, ........................ саяси/мәдени .................... болып табылады.

Бірқатар факторлар келесі факторларға әсер етті, мысалы...

Ең басты өзгерістер / жетістіктер болды…

Бұл өзгерістер ерте орта ғасырларға қарағанда маңыздырақ болды, өйткені…

Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені…

Біздің анықтағанымыз...

Қорытындысында...

Құндылықтарды дарыту

Дамыған орта ғасырлық қоғамдағы болған өзгерістердің бүгінгі күнмен байланысын анықтау арқылы әдет-ғұрып пен діни-нанымға құрметпен қарауға бағыттау.

Пәнаралық байланыстар

Оқылым, жазылым тапсырмаларын орындату арқылы қазақ тілімен байланысты, ислам дінінің әкелген өзгерістерін талдауда дүниежүзі тарихы пәнімен байланысты жүзеге асыру.


АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта мен презентация жаңа сабақ материалын игеруде пайдаланылады.

Бастапқы білім

Оқушылар ерте орта ғасырлық мемлекеттер Түргеш, Қарлұқ қағанаты кезінде арабтардың Қазақстан жеріне келе бастауын және Атлах шайқасының тарихы туралы біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушыларды тарихи атаулар бойынша 3 топқа бөлу: басқару жүйесі, кесенелер, тарихи тұлғалар.

(М) Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты мен бағалау критерийлері, зерттеу сұрағы таныстырылады.


Зерттеу сұрақтары:

  • Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктері қандай?

  • Ислам діні Қарахан мемлекетінің қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени өміріне қандай өзгерістер әкелді?


Алдыңғы білімін еске түсіруге арналған сұрақтар:

Қарахан мемлекеті қашан құрылды? Қай аумақты қамтыды? Ислам дінінің қазақ жеріне келуі қандай оқиғалармен байланысты? Қарахан мемлекетінде ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялаған хан кім? Қашан жариялады? Неліктен?


Слайдтар



Таратпа сурет, мәтіндер


Қазақстан тарихы (көне

заманнан бүгінге дейін). Бес

томдық. 1-том. – Алматы, 2010 ж.



Сабақтың ортасы

5 мин







5 мин






5 мин

















15 мин






























3 мин








Зерттеу және талдау. Топтық жұмыс

1-тапсырма. Құмырсқа стратегиясы.

Сынып қабырғаларына Қарахан мемлекетіндегі жер иелену түрлері туралы мәтіннің бөліктерін іліп қою. Оқушыларға бос орындары бар мәтін беріледі, бір оқушы жазады, қалған оқушылар берілген уақыт ішінде қабырғадағы мәтіндерді оқып, қажетті ақпаратты топқа жеткізеді.

Тақтаға қажетті сөздер шығарылып, топтар өздерін тексереді.


2-тапсырма. Алдыңғы тапсырма нәтижесінде құрылған мәтінмен танысып, тапсырма орындайды:

1-топ. Семантикалық карта

2-топ. Логикалық ретпен орналастыру

3-топ. «Адасқан әріптер»


Топтардың бірін-бірі бағалауы

Бағалау критерийі: Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіреді

Дескрипторлар:

  • Қарахан мемлекетіндегі жер иелену түрлерінің кемінде 3-нің атаулары мен анықтамасын дұрыс сәйкестендіреді;

  • Жер иелену шарттарын логикалық ретпен дұрыс орналастырады;

  • Кемінде 3 жер иелену түрінің атауын анықтап, мәнін түсіндіреді.


Жинақтау сұрағы: Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктері бұл мемлекеттің дамуына қалай әсер етті?


Мұғалімнің кері байланысы


3-тапсырма. Өзгерістерді талдау.

Оқушыларға түрлі ресурс көздері беріледі. Оқушылар өз ақпараты негізінде Қарахан мемлекетінде ислам дінінің енуіне байланысты өзгерістерді талдайды (Зерттеу нәтижесінде жинақтаған дәлелдемелерін стикерге жазып, түсіндіреді)

1. Мәдени өзгерістер

2. Шаруашылық пен тұрмыс

3. Қоғамдық-саяси

(5 мин дайындық, әр топқа 2 мин талқылау)


Shape1

Бағалау критерийі: Қарахан мемлекетінде ислам дінінің енуіне байланысты саясаттағы, шаруашылықтағы, мәдениеттегі өзгерістерді талдайды.

Дескрипторы:

- Қарахан мемлекетінде ислам дінінің енуіне байланысты саясаттағы 1 өзгерісті анықтайды;

- Қарахан мемлекетінде ислам дінінің енуіне байланысты шаруашылықтағы 2 өзгерісті анықтайды;

-Қарахан мемлекетінде ислам дінінің енуіне байланысты мәдениеттегі 3 өзгерісті анықтайды;


Кері байланыс. Мұғалімнің бағалауы


Қорытындылау сұрағы:

Қарахан мемлекетінде ислам дінінің мемлекеттік дін деп жариялануы қоғамдық өмірдің қай саласына көп өзгеріс әкелді?



Слайдтар


Таратпа материалдар

(Карточкалар)





http://e-history.kz/kz






Слайдтар







Таратпа мәтіндер







Сызбалар


Стикер


















Сабақтың соңы

5 мин


Рефлексия:

  • Менің бүгін білгенім...

  • Үйренгенім...

  • Келесі мәселелер бойынша көбірек білгім келеді


Стикер

слайд




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Тілдік қабілеті жоғары оқушылар тілдік қабілеті төмен оқушылармен араластырылып отырғызылады.

Қабілеті жоғары оқушылар ой қорытынды жасайды, тапсырмалар бойынша 3-тен артық дәлелдер келтіре алады

Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың материалды меңгеруі қандай деңгейде екенін анықтау үшін бағалау критерийіне сәйкес топтар өзін-өзі және мұғалім топтарды бағалайды.

Компьютерді, ноутбуктерді тек тапсырма кезінде аз уақыт жұмыс жасап өшіру, интерактивті тақтаны қажет емес уақытта сөндіріп қою.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 ақпан
929
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі