жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Қараңғы қай кезде қажет?"1сынып
Жаратылыстану пәні
|
Сабақ тақырыбы: |
Жарық. Қараңғы қай кезде қажет? |
Мектеп: Ю.гагарин атындағы негізгі мектебі |
||||
|
Күні : |
Мұғалімнің есімі: Көлбаева А.Ж. |
|||||
|
СЫНЫП: 1 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Оқу мақсаты: |
1.5.2.1 жарық пен қараңғылықты салыстыру 1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру |
|||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Жарық пен қараңғылықты салыстыра отырып қараңғы туралы білу. Зерттеу жұмысын жасау арқылы қараңғы кезде ешқандай іс-әрекет жасай алмайтынын түсіну. |
|||||
|
Жетістік критерилері Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
Барлық оқушылар:қараңғылық дегеніміз жарықтың жоқтығы екенін түсіну; Оқушылардың басым бөлігі:қарапайым тәжірибелер жасау. Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады. |
|||||
|
Дескрипторлары |
|
|||||
|
Тілдік құзыреттілік |
Оқушылар: Табиғи және жасанды жарық көздері тақырыбына қатысты сөздер мен терминдерді біледі және қолданады:
|
|||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Бір-бірін құрметтеу, бір-бірінің ойын тыңдау, шешімін құрметтеу |
|||||
|
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану, көркем еңбек |
|||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
|
|||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Алдыңғы білім |
Шаттық шеңбері Сабақ басталмас бұрын оқушыларға көзге арналған жаттығуды жасауды ұсынамын
Жаттығуды үш рет қайталау керек. Топқа бөлу . Күн Сәуле Жарық. Бағалау: Білім алушылардың жауаптарына фишка беріп отырамын Өздерін бағалу. Сабақтың алдында балалар өздерін бағалайды. Стикерлерді жапсырады. «Білемін» -жасыл түс «Түсіндім орындай аламын» - қызыл түс «Басқаларға түсіндіре аламын» - сары түс
Басқаларға түсіндіре аламын
Түсіндім орындай аламын
білемін Алдыңғы білім. Оқушыларға күн мен түннің суреттерін көрсетіп, сол бойынша әңгімелесу ұйымдатырамын. -Суретке назар аударыңдаршы. Не көріп тұрсыңдар ? -Суретте қай мезгіл бейнеленген ? -Екі суретті салыстырып көрейік. Қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар ? -Қай суреттер көп, жарық кез бейнеленген бе, әлде қараңғы уақыт бейнеленген бе ?
-Қалай ойлайсыңдар, сабақтың тақырыбы қандай болмақ? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ |
Шаттық шеңбері Слайд суреттер |
||||
|
Сабақтың мақсатын анықтау. Сабақтың ортасы Сергіту сәті Қызықты тапсырма Аяқталуы Сабақтың соңы |
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Қараңғы қай кезде қажет? Жетістік критерийлерін анықтап алу Жаңа білім. Тақырыпты ашу. «Ой қозғау» Топтық жұмыс. «Жарық пен қараңғы « жұмыс ұйымдастыру. -Балалар, алдарыңдағы сөздерді неше топқа бөлуге болады? -Қандай топтарға бөлдіңдер? - Мүмкін болатын сөздерді « жарық» және « қараңғы» деген топқа сәйкестендіріңдер «Тілші» әдісі . Диалог құру -Жарық пен қараңғы жайлы сөйлесейік.Кімге жарық ұнайды?Неліктен? -Кімге қараңғы кез ұнайды? Неліктен? -Жарық пен қараңғының айырмашылығы неде? -Бұл мезгілдердің қандай уқсастықтары бар? -Қараңғы неден пайда болады? Жарық сәулесі болмағандықтан қараңғы түседі. Жарық болмағанда қараңғы пайда болады.Түнгі уақыт (күн батқаннан таң атқанша) біздің ұйықтауымызға қолайлы мезгіл. /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ Оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдап, бағалаймын. Сергіту сәті Көңілді күн. Зерттеу жұмысы . «Қараңғылық қажет пе?» Сыныпты топқа тапсырма беріледі Бірінші топ параққа кез келген заттың суретін көздерін жұмып салады. Ал екінші топ сол затты көздерін ашып отырып салады. Нәтижелерін салыстыра отырып, оқушылар жұмулы көзбен тапсырманы орындау қиын екендігін түсінеді, қараңғыда ештеңе көрінбейтінін біледі. -Қараңғыда тағы не істеу қиын? -Қараңғылық қай уақытта қажет? -Қандай жерлерде әрдайым қараңғы? Зерттейік. Оқушыларға көрпе, жұп-жұқа мата беріледі. -Енді сендер қараңғы бұрышын жасаңдар. Матаны өздеріңе жауып отырыңдар алдарыңа оқулықтарыңды ашып қойып оқып көріңдер. -Алдарыңдағы заттарға қараңдар . Зерттеуге қорытынды жасау. Қараңғы болу үшін не істедіңдер? - Қараңғыда өздеріңді ынғайлы сезесіңдер ме? - Неге? -Заттарды көріп тұрсыңдар ма? -Қараңғыда заттар неге ұқсайды? -Егер қалташаммен жарықтандырсақ, не болады?” Венн диограммасы -Жарық пен қараңғы туралы не білдік? -Жарық пен қараңғының ұқсастығы неде? -Жарық пен қараңғының айырмашылықы бар ма? Жарық ұқсастығы Қараңғы
Дәптермен жұмыс Рефлексия -Не білдім? -Не қызықты болды? -Қандай қиындықтар кездесті? « Бағдаршам» арқылы өздерін бағалайды.
|
Кеспе кағаздар «Жарық» , «Қараңғы» Сөздер жазылған парақшалар Бейне көрініс. Ақ қағаз , түрлі түсті маркерлер, орамал Зерттеуге : мата , оқулықтар , текшелер Венн диаграммасы, Маркерлер, фломастерлер постер Жұмыс дәптерлері Бағдаршам түстері |
||||
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көмектесуді қалай жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз? Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау. |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? |
|
||||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген