«Келісемін»
«Бекітемін»
«Балдәурен» бөбек жай
«Балдәурен» бөбек жай
балабақшасының әдіскері
балабақшасының меңгерушісі
_________ Д.Дарибаева _________
Б.Битибаева
«2 саны мен
цифры»
(Ашық оқу
қызметі)
«Балапан» ересектер
тобы
Тәрбиеші: Қосжанова
Г.Н.
Күні: 17.10.2017ж.
Білім беру
саласы: Таным, коммуникация,
әлеумет.
Оқу
қызметі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: «2 саны мен
цифры».
Мақсаты:
1. «заттар жұбы» туралы түсінік беру; заттарды жұптастырып, оларға
сипаттама беруді үйрету; жұп заттың санын білдіретін 2 цифрымен
таныстыру; 2 цифрын жазуды үйрету; «сан» және «цифр» терминдерін
ажырата білуге үйрету. Заттарды санау, олардың атаулары мен ретін
анықтау, сандарды жазу дағдысын бекіту;
2. Логикалық ойлау және есте
сақтау қабілетін дамыту;
3. Бір – бірінің сөзін тыңдай
білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ертегі айту, түсіндіру,
ойнату.
Көрнекіліктер: атрибуттар, карточкалар, алма
ағаштары, шыны ыдыстар, доп, етіктер
Шаттық
шеңбер:
Дөңгеленіп тұрайық
Шеңберді біз құрайық
Қол ұстасып бәріміз
Ақ тілекті жолдайық
Әлемде нұр тыныштық
Әрбір бейбіт күн ыстық
Қайырлы таң балабақша
Қайырлы күн достарым
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламын
Сәлем! Сәлем! Сәлем!
Ұйымдастыру
кезеңі:
«Сиқырлы
дорба»(дорбадан зат алғызу сұрағына
жауап беру)
Бүгін аптаның нешінші
күні?
Бірден бес санына дейін тура
сана?
Күз мезгілінің нешінші
айы?
Өткен тақырыпты қайталау.
«1 саны мен цифры»
Бестен бір санына дейін кері
сана?
Балалар енді қараңдаршы біздің
дорбадан алған заттарымыз нешеуден?
Бір,
бірден.
- Бүгін балалар біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Барғыларың
келе ме? Ендеше сиқырлы ұшатын кілемшеге отырып, ғажайып та
қызықты, сиқырлы елге барайық. Ыңғайланып отырып, көздерімізді жұмамыз. Ұштық!
(Жай әуен ойнатылады).
-
Көздерімізді жұмып елестетейік: жоғарыда нұрын
шашқан, жарқыраған күн. Астыда сарқыраған өзен, көлдер, жаймен
соғып тұрған самал желді сезіп тұрсыңдар ма?
Ал енді көзімізді ашайық. Міне ертегілер
еліндегі аюдың
үйшігіне
жеттік. Қараңдаршы қандай әдемі үйшік. Бұл
үйшікті аю
қандай пішіндерден
құрастырған? (
төртбұрыш, үшбұрыш). Аю үйінің ауласында
бау-бақша
бар екен. Күз мезгілі
болғандықтан олар пісіп жатыр.

-
Мына алма ағашына қараңдаршы,
не көріп тұрсыңдар?
-
Алмалар.
-
Түстері қандай? Атап
беріңдерші.
-
Түстері әр түрлі. Жасыл және
қызыл түсті.
-
Жасыл түсті алма
нешеу?
-
Біреу,
-
Қызыл түсті алма
ше?
-
Көп.
-
Күздің салқын желі ағаштардың жапырақтарын
ұшырған екен. Олар мына жолдарда жатыр.
Санайықшы оң
жағында қанша жапырақ жатыр, ал сол
жағында ше?
(санайды, саны бірдей). Айырмашылығы неде? (түсінде). Яғни түсіне
байланысты заттың саны өзгермейді.
Аюдың үйшігінде достарымен (
қасқыр, түлкі, қоян және тышқан) өмір сүріп жатыр екен. Олар тату
әрі еңбекқор болыпты. Аю қысқы азығына ауырмау үшін бөшкеге бал
жинап қояды екен. Балды үйшікке кіргізейін деп далаға шықса, ол
соншалықты асыққанынан өзінің етігінің бір сыңарын таба алмай отыр
екен. Көмектесейік. (балалар тапсырманы орындайды.)
1.«Сыңарын тап ойыны» (аяқ
киімдерді құрастырып, етіктің сыңарын
табу)
Аю етігін киіп алып бөшкені
көтеріп көреді, көтере алмайды. Көмекке қасқырды шақырады. Ал,
қасқыр болса, қысқа жапқан тұздалған қиярларын достарына қалай
теңдей бөліп берерін білмей отыр екен.
Көмектесейік.

2.«1ден 5-ке дейін
санаймыз»
Солдан оңға қарай санау –
тура,
Оңнан солға қарай санау – кері
санау деп аталады.
Сергіту
жаттығу:
1 дегенде тұрайық
2, 3, 4 алақанды соғайық
Оң жаққа бұрылып
Сол жаққа бұрылып
Бір отырып, бір тұрып
Біз жүгіріп алайық
5 дегенде асықпай
Орнымызды табайық.
Қасқыр аюға көмекке барады. Аю мен қасқыр бөшкені көтереді. Бірақ
көтере алмайды. Қасқыр түлкіні көмекке
шақырады.
Ал түлкі болса аюдың берген
есептерін шеше алмай отыр екен.
3.Логикалық
есеп.
1)Алдарыңдағы жолақшада
үстінде 1 алма мен 1 алма тұр. Барлығы неше алма
болды?
2) Сылдырдан
қорқады,
Шошынып жортады.Ол
не?
Қоянның суретін тақтаға
ілу
Тақтада қоян нешеу?(балалар
жолақшаның жоғарғы жағына сол жақтан бастап бір қоянды
қойғызу.)
Тағы бір қоянды
қоямын.
Бір қоянның қасына бір қоянды
қойдым. Неше қоян болды?
Екі
қоян болды.
Екі
санын көрсету. Балалар бұл екі саны.
Балалар біз бір қоянға бір қоянды
қостық. Сөйтіп екі саны шықты. Балалар
екі саны неге ұқсайды?
2 санын көрсете
қойыңдаршы.
Түлкі көмекке барады. Аю,
қасқыр, түлкі үшеуі бөшкені көтереді, көтере алмайды. Түлкі көмекке
қоянды шақырады.
Қоян болса 2 цифрын жаза алмай
қиналып отыр екен.
4. «Нүктелерді
қос».
Аю, қасқыр, түлкі, қоян төртеуі бөшкені көтереді, көтере
алмайды.
Қоян тышқанды көмекке
шақырады. Барлығы бөшкені көтереді, көтере алмайды. Ал тышқан жай
тышқан емес, ақылды тышқан екен.
Тышқан: Аю аға бұл бөшкедегі
балды біз шелектерге салып тасиық дейді. Олар келіседі. Аю
достарына балды екі шелектен салып береді. Олар балды үйшікке
кіргізеді.
Қорытындылау.
Ормандағы
үйшікте
Аю, қасқыр, түлкі
бар
Оларменен тағы
да
Қоянменен тышқан
бар
Екі-екіден
жұптасып
Кезекші боп
тұрады
Қол ұстасып
бірлесе
Ойын-сауық
құрады.
Жарайсыңдар балалар, енді
балабақшаға оралатын кез келді. Сиқырлы ұшқыш кілемшемізге
отырайық. Бақшамызға жеттік. Сендерге саяхат ұнады ма?
Қалай ойлайсыңдар, ертегі кейіпкерлері бөшкені қалай апарды? (
себебі олар керек кезде бір - біріне көмекке келді; біріккеннің
арқасында; достығының арқасында)
Балды неше шелекпен
тасыды?
Жарайсыңдар балалар! Сендер де жарадыңдар, оларға көмектеріңді
тигіздіңдер.