400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қарапайым математика ұғымын қалыптастыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарға көмек болады деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

“4 санымен танысу»

Білім саласы: Таным

Ұйымдастырылған іс әрекет кезеңдері: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Мақсаты: Балаларды 4 санымен таныстыру.Үлкен,кіші, кішкентай заттарды ажыратуға, салыстыруға үйрету.4 санының сандық қатардағы орнын анықтау; балалардың ойлау қабілеттерін арттыру. Сұрақтарға толық жауап беруге, ұйымшылдыққа үйрету.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,сурет арқылы жұмыс жасау.

Қажетті көрнекіліктер: Үлкен-кішкентай заттарды салыстыруға арналған суреттер,сандар,текшелер,дидактикалық ойындар.

-Балалар біз бүгін 4 саннының еліне барамыз.Алдымен көңілімізді көтеріп алайық.

Қайырмды жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта біз,

Жылы сөзді айтамыз.

Сүйеміз барлық әлемді,

Әлемдегі бар елді,

Бақыыттымыз осы біз,

Қасымызда досымыз.

(Балалар қатармен жүреді.Сиқырлы әуен ойналады).

-Ой балалар қараңдар! Біздің айналамызда үлкен тас жатыр. Онда тапсырмалар жазылған екен.Біз соларды орындасақ тас жолымыздан алынады екен. Олай болса мен алғашқы тапсырманы оқиын.Онда жұмбақтардың жауабын табуларыңды сұрапты.

-жұмбақ:

Біздің үйде бір тауық,

Бір жұмыртқа жүр тауып.

Бір сиыр бар қорада

Бәтіш тәтем жүр сауып. (1).

Екі аяқпен жүремін,

Екі көзбен көремін.

Екі қолым бар менің

Еку құлақ білемін. (2 ).

Үйімде бар үш қалам,

Үшеуінде ұштағам.

Үш досымды салдым мен,

Үш балыққа ұқсаған (3).

-Жақсы балалар, сендер жұмбақтарды дұрыс шештіңдер.Тас болса сиқырланып біз көтере алатындай болып жеңілденіп жолымыздан алынды.

-Қәне балалар ,шеңберге тұрып,жан-жағымызды бақылайық.(Ағаштар ,шыршалар тұрады. Балалар айналасына қарап табиғатты тамашалайды).

Ойын: «Допты қақта санды айт!»

Шарты: Балалар допты қағып алған сайын 1,2,3, және 3,2,1 –деп кері санайды. Осы кезде жасырып тұрған затты байқайды.

-Балалар мұнда қарайық, 4 саны жасырынып қлыпты ғой.

Көркем сөз: Төрт дегенің төре екен,теңдесі жоқ тепе-тең.

-Қане, балалар орман ішіндегі ррындарымызға жайғасайық.Қараңдар үш аю келе жатыр. Олар қандай ертегінің кейіпкері? Олар қандай?(Балалардың жауабы).

-Иә,аюлардың біреуі үлкен, екіншісі кіші, үшіншісі кішкентай. Үлкен аюдың қолында хаты бар екен. Қәне, ішін ашып көрейік. Ішінде орындықтың суреті бар. Онда бізге үлкен,кіші және кішкентай орындықтар жасап беріңдер депті.

1. «Жолақшалардан орындық құрастыру».

Шарты: Ақ параққа жолақшаларды қою арқылы орындық жасау.

-Енді Жасаған орындығымызды аударайық , не пайда болды? (4 саны)

-Дұрыс айтасыңдар 4 саны шықты. Енді осы 4 санын ауаға жазып көрейікші.(Балалар ауаға 4 санын жазады).

-Енді кіші аюдың қолындағы хатты оқиық.

2. «4 санын табу». (Балалар төрт санын тауып қоршап сызады).

-Балалар бізге біреу асығып келе жатыр. Бұл Маржан қыз ғой. Маржан қыздың қолындағы себеттің ішінде саңырауқұлақтар бар екен. Енді оларды санап көрейік.

3. Маржан қанша саңырауқұлақ жинаса сонша дөңгелек жолақшалар салу. (Балалар тапсырманы мұқият орындайды).

Сергіту сәті:

Топ-топ ,топ топ басайық,

Сергітуді бастайық.

Жел соққандай теңселіп,

Қозғалайық белсене.

Аю келеді қорбаңдап,

Жан-жағына қарайды.

Оң жағында төрт жидек

Сол жағында төрт жидек.

Бәрін қосып санайды,

Дұрыс санай алмайды.

Қәне көмек жасайық,

Сегіз екенін айтайық.

-Қане балалар енді кіші аюдың тапсырмасын орындайық.

4. «Қолмен сезіп сана».

Шарты: Қаптардың ішінде жасырынған түймелерді санап оның көлемін айту. (Балалар тапсырманы орындайды).

Ойын. «Шатасқан сандар».

Шарты: Шатасқан сандарды орнына қою.

Ойын: «Көршісін тап»

Шарты: Берілген сандардың көршісін табу.

-Балалар тапсырманы толық орындадыңдар. Аюлар да маржан қызда қуанып алғыстарын білдіруде.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
537
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі