№21 «Кәусар
бұлақ»мектепке дейінгі гимназия
АШЫҚ САБАҚ
«Ғарышқа
математикамен бірге»
Өткізген:
Қарақойшина.Г
Ақтөбе
2014
Сабақтың
мақсаты
Балалардың сандар,геометриялық
пішіндер туралы білімдерін бекіту,үлкен-кіші ұғымдарын ажырата білу
дағдыларын қалыптастыру.Ғажайып саяхат арқылы ьалалар қиялдарын
шыңдау.Қисынды есептерді шығара отырып,баланың логикалық ойлау
қабілетін дамыту,тапқырлығын арттыру.
Сабақтың
әдістері
Саяхат,қисынды
есептер,дидактикалық ойындар.
Көрнекіліктер
Зымыран,жұлдызды
қалашық,ғаламшарлар,жұлдызшалар,қисынды есептер.
Сабақтың
барысы
Балалар біздер бүгінгі сабақта
ғарыш әлеміне саяхатқа барамыз яғни ғарышкерлер
боламыз.
Ғарышқа бару үшін бізге не
керек, зымыран.Олай болса біздер барлығымыз бірлесіп зымыран
құрастырайық.
Балалар пішіндерден тақтаға
зымыран суретін құрастырады.
Т:Зымыран құрастыру кезінде
қандай пішіндерді пайдаландық.
Б:Үшбұрыш,төртбұрыш көпбұрыш
деп балалар жауап берді.
Т:Міне балалар зымыранымыз
дайын болды.Енді біздер жұлдызды қалашықта дайарлықтан өтуіміз
керек. Ол үшін бізге жұлдызды қалашық мынадай тапсырмалар
дайындаған екен.Тапсырма аты орныңды тап.Бұнда біздер жұлдызды
қалашықтағы үйлерді дұрыс орналастыра білуіміз керек.Сендердің
алдарыңда үйлер тұр,үйлер артында сандар тығылып тұр,сол сандар
арқылы өз орныңды табуың керек.
Өте жақсы ғарышкерлер,сіздер
берілген тапсырманы жақсы орындадыңдар.Енді дайындалыңдар ғарыш
әлеміне ұшамыз көзімізді жұмайық, 20- 0 дейін кері санаймыз.(Музыка
ойнатылады.)
Ғарышқада келдік.Біздің алдымызда аспан әлемі және
ғаламшарлар.Ғаламшарлардың біздерге дайындаған құпия тапсырмалары
бар.
Тақтаға аспан әлеміндегі
ғаламшарлар бейнеленген сурет ілінеді.
Балалар аспан ғаламшарларда
жануарлар,адамдар жоқ.Ол жақ тып-тыныш.Ғаламшарларда адамдар
көрмейді,кәне қолымызға дүрбімізді алып,аспанға қарайық.Ал кәне
ғаламшарларды көрейік.Балалар мына ғаламшарлардың аттарын
оқиықшы.
1.Күн: кемпірқосақта неше түс
бар( 7)
2.Жер: бағдаршамда неше көз
бар ( 3)
3.Ай :қолғапта неше саксақ бар
(5)
4.Шолпан:адамда неше көз бар
(2)
5.Марс:жұлдыздың неше бұрышы
бар( 5)
6. Сатурн:аспанда неше күн бар
(1)
7.Нептун:бір жылда неше ай бар
(12)
8.Плутон:бір аптада неше күн
бар (7)
9.Уран:адамда неше саусақ бар
(10)
Т:Балалар ғаламшар
тапсырмаларын жақсы орындадыңдар .Енді өзімізге естелік ретінде
ғаламшарлардан жұлдыздар алып кетейік.Ол үшін алдарыңдағы
дайындалған қалташалар ішінен пішіндерді пайдалана отырып жұлдыздар
құрастыру керек.
Құрастыру жұмысы
болады.
Т:Балалар,өте әдемі жұлдыздар
құрастырылды.Жұлдыздар қандай пішіндерден тұрады
екен?
Б:5 үшбұрыш 1 бес
бұрыш.
Өте жақсы.Жұлдыздарымызды
қалташаларымызға салып алайық.Мында қараңдар балалар біздер
жұлдыздарымызды құрастырып жатқанда біздің әтшуімізді кесіп кеткен
ғаламшарға жат планеталықтар келіп қалыпты.Мынау солардың іздері
ғой.Жат планеталықтар құпиясын ашу үшін іздерде бейнеленген
есептерді шығарайық.Бізге қиын тапсырма берген мектепке дайын ба
екен деп.
Т:Балалар сендер есепті жақсы
шығардыңдар.Бірақ тапсырмалар аяқталған жоқ.Олай болса барлығымыз
бірлесіп күш жинап,жаттығу жасайық.
Серігіту сәті : «Апта
күндері»
Сандар туралы
тақпақтар.
Т:Күшімізді жинап келдік
қайтадан іздер құпиясын ашуға кірісейік.
Қисынды
есептер
1.Мен жүгіріп келе
жатып,еменнің тасасынан 2 ұзын құйрық ,4ұзын құлақ көрдім.Олар
кімдер және нешеу (2түлкі 2қоян)
2.Көлік тұрағы артынан
8дөңгелек көрініп тұр.Көлік тұрағы артында неше машина бар деп
ойлайсың. (2машина)
3.2мысықтың аяғы нешеу (
8)
4.Үш сиырдың мүйізі нешеу
(6)
Т:Балалар өте жақсы
орындадыңдар.Қараңдаршы біздің ғаламшарлардан іздер жоқ болып
кетті.
Т:Енді бақшамызға қайтуға
жиналайық.Көзімізді жұмайық 20-0 дейін кері
санайық.
Т:Балалар сендердің
білімдеріңнің арқасында бүгінгі ғарышқа сапарымыз сәтті
аяқталды. Сау
болыңдар!
Балаларды
мадақтау,бағалау.