Күні:26.01.2017
ж
Сабақтың
тақырыбы: Қарапайым мәтіндік
редакторы.Редактор интерфейсі.Мәтінді теру
ережесі.
Сабақтың
мақсаты:Оқушыларды Word Pad мәтіндік
редакторының терзесіне жүргізілетін жұмыс түрлерімен
таныстыру;
Білімділік:WORD PAD мәтіндік редакторында
мәтінмен жұмыс жасауға
дағдыландыру, құжаттарды құруға, сақтауға, ашуға үйрету, пәнге
деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Компьютерде жұмыс істеу
іскерлігін дамыту
Тәрбиелік:Оқушыларды таза, қатесіз
жазуға тәрбиелеу және
ұқыптылыққа, тазалыққа, жылдамдыққа
үйрету;
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ.
Сабақтың
типі: практикум элеметтері бар, көрсете
түсіндіру.
Сабақтың
әдісі: икем мен дағдыны
қалыптастыру.
Сабақтың
формасы: топтық,
жеке
Сабақтың
көрнекілігі: компьютер, интерактивті
тақта
Пәнаралық
байланыс: қазақ
тілі
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі
ІІ. Үй
тапсырмасы
ІІІ.Жаңа
сабақ
IV.Компьютермен жұмыс.Мәтін
жазу.
V. Сабақты бекіту.
VI. Сергіту
сәті
VII.Үйге тапсырма.
Қорытындылау
І.Ұйымдастыру кезеңі. (4
мин)
-оқушылармен амандасу
-тугендеу, кезекшіні анықтау, сабаққа дайындықтарын
тексеру.
- Оқушыларды психологиялық
дайындау . Сергіту сәті / балалар ортаға шығады,
екі топқа бөлініп бір біріне қарама-қарсы тұрады. Қазір балалар әр
елдің салты бойынша бір-бірімізбен
амандасайық.
- қазақтар қол алысады,
италияда құшақтасады, бразилияда бір – бірінің йығын қағады,
никарагуада арқасымен, зимбабеде шынтақпен, австралияда шапалақпен,
секіреді. Мінекей балалар, дене мүшелерімізді қимылдатып, серігіп
алдық!/
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру. (10
мин)
-
Ақпараттық
диктант
-
Растрлық
бейнелерді ... стандарттық программасында өңдейге
болады.
-
Paint
редакторында палитрада ........ түс
бар.
-
Суретке мәтін
енгізу үшін .......... құралын қолданамыз.
4. Суреттің ізі
бар көшірмесін алу үшін ......... пернесін
басамыз.
5. Суреттің
жеке көшірмесін алу үшін .......... пернесін
қолданамыз.
-
Тест жұмысы /
компьютерде орындалады/

ІІІ.Жаңа
сабақ.
,
,,,,
‘ ,,
,,,

,
,, ‘
,,, ‘
,,,,
‘
‘ ,, ‘ ‘ ,,
,,,


,
Мәтіндік редактор – ол мынадай мүмкіндіктер
беретін қолданбалы программа.
1.Мәтіндік құжаттар
құруға
2. Оларды өзгертуге, қателерін түзетуге,
көшіруге, жоюға, қосуға, іздеу, алмастыру
жүргізуге
3. Мәтінді пішімдеуге - мөлшерін түсін абзац
қасиеттерін
өзгертуге
4. Құжаттарды басып
шығаруға\
Компьютерде мәтін – ол символдардың кез -
келген жиыны. сөз бір - бірінен тыныс белгілерімен бос
орынмен(пробелмен) ажыратылып жазылған символдар
тізбегі
Мәтіннің негізгі элементтері: символ, сөз, жол,
абзац, бет, мәтін.
Мәтіндік құжат бос болмайды. Онда міндетті түрде
бір абзац бар және абзацтың қасиеттері сақталады.
Word Pad мәтіндік редакторын іске қосу үшін
келесі әрекеттерді орындаңдар:
Іске
қосу-Программалар-Стандартты- Word Pad
Пуск- Все Программы-
Стандартные - Word Pad
Word Pad мәтіндік редакторының
терезесі
Құрал саймандар Пішімдеу
тақтасы
Т
ақырып жолы тақтасы

Абзац шегінісі маркері

Сызғыш

Жұмыс аймағы
Word Pad-та құжат құру үшін,
төмендегі негізгі сатыларды орындау керек:
1. Қаріп және оның өлшемін таңдау
2. Мәтінді енгізу және редакциялау
3. Мәтінді пішімдеу
4. Құжатты сақтау және ашу
5.Баспаға шығыру.
Мәтін теру ережелері:
-
Бас әріпті немесе символды жоғарғы регисторден
енгізу үшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұру
керек.
-
Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса-
Caps Lock пернесін пайдалану керек.
-
Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер
қолданылады.
-
Дефис бос орынсыз қойылады.
-
Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс
белгілерінен кейін қойылады.
-
Ұзын сызықша алдына да, соңынада бос орынмен
қойылады.
-
Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған
сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайды.
-
Enter пернесін абзацтың соңында басады.Жолдарды
тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады
Мәтін бойынша жылжыту:
Курсорды мәтін бойынша
стрелкалармен, Home (жолдың басына), End (жолдың соңына), Page Up,
Page Down (бір бетке жоғары немесе төмен) пернелерімен жылжытуға
болады. Түзетуге жататындар: мәтін фрагменттерін жою,
қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыру. Мәтінді ерекшелеу үшін
пернетақта мен тышқанды қолданған қолайлы.
IV.Компьютерде тәжірибелік
жұмыс.
-
Оқулықпен жұмыс / с – деңгейі 161
бетте/
-
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып
қой. Сол сөздерді
орысша, ағылшынша аудармаларны тауып, компьютерде
тер.
1. Оқусыз білім
жоқ, білімсіз ..... жоқ. (күн,день,
day)
2. ....- асқар
тауың, ....- шалқар көлің.(әке, отец,father, ана, мать, mother
)
3. Гүл- жер
көркі, ...... ел көркі. (қыз, девочка,
qirl)
4. Дұшпан
күлдіріп айтады, ...... жылатып айтады. (дос- друг- friend
)
5. Балалы.....
– базар. (үй- дом- house)
IV.
Сергіту сәті!
Көздерді оңға – солға, солдан оңға қарай
қозғалту;
Көз қарашығын көкке одан төменге
қарату;
Сағат тілі бойымен көзді
айналдыру;
Тез арада көзді ашып –
жұму;
Көздерді солжақ астыңғы бұрыштан, оңжақ
үстіңгі бұрышқа қарату. Дәл солай бірақ енді керісінше
жасау.
V.Сабақты бекіту. /
bilimland.kz – сайт арқылы оқушылар бекіту тапсырмаларын
орындайды/
1.
Жаттығу№1

2.Жаттығу №2

3.Жаттығу №3

VI. Бағалау. Жұлдызшалар
арқылы бағалау
VII. Үйге
тапсырма. Word Pad мәтіндік
редакторының интерфейсі. Мәтін теру ережелері. Параграф соңындағы
бақылау сұрақтарына жауап беру.