Ашық сабақ: "Қарапайым мысалдарды және есептерді шығару."

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: "Қарапайым мысалдарды және есептерді шығару."

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ балабақша тәрбиешілеріне арналған. мақсаты:есептер мен мысалдар шығару ұғымын қалыптастыру және оларды цифрмен және таңбалармен белгілеуді үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру салалары: Таным
Бөлімі: ҚМҰҚ.
Тақырыбы: Қарапайым мысалдарды және есептерді шығару.
Мақсаты: есептер мен мысалдар шығару ұғымын қалыптастыру және оларды цифрмен
және таңбалармен белгілеуді үйрету.
Міндеттері:қарапайым мысалдар мен есептерді шығару білігін қалыптастыру; зейінді,
логикалық ойлау дағдысын дамыту; дербестікке баулу. Есте сақтау, сөйлеу, назар аудару дағдыларын дамыту. Шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: «есеп», «мысал», «барлығы» сөздерін айтуды;
Игереді: сұраққа қалай жауап беру керектігін, мысалды сандар мен таңбалардың көмегімен жазуды;
Меңгереді: есепке қойылған сұраққа жауап беру білігін.
Қажетті материалдар: №2 жұмыс дәптері, демонстрациялық материал.
Сөздік жұмыс: қарапайым мысал, есептер шығару.

ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалармен шаттық шеңберін орындау.

Күліп созып қолымды

Бір, екі, үш деп соғайын

Қарап тұрған көршіме

Қолымды мен былғайын

Жылы жылы жүзбенен

Жүрегімді сыйлайын

Ыстық алақаныммен

Қолыңды бер қысайын

Амандасып өзіңмен

Құшақтап бір алайын.

Балалар жағдаятқа қызығушылық танытады.
2. Негізгі кезең.

Балалар бұл не? Ия бұл жәй сандықша емес сиқырлы сандықша, ішін ашып көреміз бе? Ішінде сендерге тапсырмалар берілген, орындаймыз ба?

Сұрақтарға жауап бер;

Бағдаршамда неше көз бар?

Аспанда неше күн бар?

Адамда неше көз бар?

Терезеде неше бұрыш бар?

Ал дөңгелекте неше бұрыш бар?

Жарайсыңдар! Екінші тапсырма;

Педагог балаларға логикалық есептер шығаруға шақырады.

Табақта төрт алма

Қолымда бір алма

Барлығын қосқанда

Болады неше алма?


Үйге кірді Данияр

Оған қоса Мадияр

Кейін келді Айдана

Қанша болды бар бала?

Үшінші тапсырма; «Көршісін тап» ойынын ойнауға шақырамын.


№ жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындауды ұсынады.

1-тапсырманы орындауды ұсынады.

Аквариумдағы балықтарды санап, мысал құрастыр.
– Аквариумда неше балық бар?
Суретті қарап, бірінші аквариумда әрбір түстегі балықтар нешеу?

Оның нешеуі сары түсті? Ал нешеуі көк түсті?
– Барлығы нешеу?
Сергіту сәті.

Бір дегенде тұрайық

Екі, үш, төрт алақанды соғайық

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып

Бір отырып, бір тұрып

Біз жүгіріп алайық

Бес дегенде асықпай

Орнымызды табайық.

Ары қарай жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды.

Балалардың тапсырманы орындау барысын қадағалау.

Жақсы балалар осымен сабағымыз аяқталды, бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысқан балаларды мадақтау.




Белес МББК КММ







Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.


О ә мектепалды даярлық тобы.




Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.



Тақырыбы: «Қарапайым мысалдар мен есептерді шығару»













Тәрбиеші: Мамбетказиева Г.Т







2020оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2021
1224
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі