400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Қараторғай 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне,жас мамандарға пайдасы тиеді деп ойлаймын.себебі бұл сабақта көптеген әдіс-тәсілдер пайдаланылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қараторғай (Ж.Аймауытов)

Сабақтың мақсаты:

Құстарды қорғау, аялау. Оқушыларды Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, ұғындыру. Жүсіпбек Аймауытов өмірбаяны, шығармашылығымен таныстыру. Құстардың тіршілігін баяндау.

Оқушыларға құстарды қорғауға, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.

Құстарға деген қызығушылығын арттыру. Экологиялық тәрбие беру.

Үй тапсырмасы:

  1. Мәтін мазмұнын баяндау

  2. «Көктем» тақырыбына сурет салу

  3. Мәтін бойынша сұрақ дайындау

Топқа бөлу:

1-топ: Аққу

2-топ: Қарлығаш

3-топ: Көгершін

Шаттық шеңбері

Жұмбақ

Көктемде құстар қайтқанда,

Ең алдымен келетін.

Өзіміз күтіп алатын,

Ұя жасап беретін,

Бұл қандай құс, балалар?

(Қараторғай)

Тапсырмалар

Құстар туралы не білеміз?

Қараторғай қандай құс?


Құстар – жануарлардың ең көп тараған түрі. Олардың түрлері көп. Үй құстары, жабайы құстар болып бөлінеді. Пайдасы: зиянкестермен күреседі, еті, жұмыртқасы, мамығы. Құстар біздің досымыз. Сирек кездесетін түрлері «Қызыл кітапқа» енгізілген. Құстар – табиғат көркі. Оларды қорғау керек. Қажетсіз атуға, оларды ұстауға болмайды. Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл-күйін көтереді. Құстар көп болса, зиянкес жәндіктер аз болады.

Жыл құстары дегеніміз – салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз, тырна жатады.

Қараторғай – дала құсы, ол бұлбұлдың әнінен үзінді айтып бере алатын шағын құс. Салмағы 75 грамм, дене тұрқы 23 сантиметрдей болады. Мойны қысқа, тұмсығы ұзындау, түсі металдай жарқылдаған қара, сол қара қауырсындарының арасынан ақ дақтарды кездестіруге болады. Қараторғай - жыл құсы, тек оңтүстікте ұялайтындары ғана тұрғылықты болып табылады. Ұялайтын жерлеріне, мәселен Қазақстан аумағына наурыз айының басында келе бастайды. Ұясын ағаш пен жартастардың қуысына, шатырға немесе басқа жерлерге сала береді. Екі рет балапан басып шығарады. Күзде үлкен топ құрып, қыркүйек – қазан айларында қыстайтын жерлеріне қарай қайтады. Қараторғай зиянды насекомдарды, олардың дернәсілдерін көптеп жойып, ауыл шаруашылығына елеулі пайда келтіреді. Қараторғай – өзі кішкене құс, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Бір топ қараторғай бүкіл балапандарымен бірге 22 тонна шегірткені азық етеді. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әншілер әнге қосып шырқаған. Қараторғай маусымдық құстарға жатады. Олар суық түскенде жылы жаққа ұшып, көктемнің басында ең алғаш болып ұшып келетін құс. Қараторғай келсе халық қуанады, көктем келді, енді күн жылынады деп. Ерте келетін қараторғайлар тоңып қалмау үшін оларға ұя жасайды. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды «шегірке жегіш» деп те атайды. Көптеген шегіркелерді құртып, пайда келтіретін құстар. Олар әндердің әуенін керемет дәлдікпен орындайды екен.

Ж.Аймауытов 1889 жылы Павлодар облысында туған. Ол жазушы, драмматург, ақын, аудармашы, жерттеуші, ғалым, қоғам қайраткері, 13-14 жасынан қисса, дастан жаттап, өлең шығара бастаған. Жүсіпбек балаларға арнап ертегілер, әңгімелер жазған. Оның «Қартқожа», «Ақбілек» тағы да басқа көптеген шығармалары бар. Ол Торғай жерінде ашыққан халыққа жәрдем беретін топ құрамында болып, осы кездерде жалған жаламен айыпталып, 1931 жылы өлім жазасына кесілген.


Топтық тапсырмалар

1-топ: Кез-келген құс атына бейнелі сөз (ребус) құрастыру.

2-топ: Мақал сыңарын табу.

3-топ: Өлең жолдарын құрастыру.

Қорытынды

Кері байланыс

Үйге тапсырма:

1-топ: Құстардың суреттерін жинап альбом дайындау.

2-топ: Құстар түрлеріне жұмбақтар жазу.

3-топ: Құстар туралы мақал-мәтелдер жазу.

Бағалау бетшесін үйлестіру.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
768
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі