жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Қаратпа сөз"бастауыш сынып
Б
атыс Қазақстан облысы
Сырым ауданы
Құспанкөл бастауыш мектебінің
3 «б»сынып
мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «Қаратпа сөз»
Сабақтың мақсаты:1.Білімділік:Оқушыларға қаратпа сөз туралы түсінік беру, қаратпа сөйлемге байланысты жаттығулар орындату.
2.Дамытушылық: Оқушылардың білімге деген ынтасын, сауаттылығын арттырып, ана тілін сүюге, ұлтжандылыққа, ойлау және жазу қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік:Оқушыларды мәдениетті сөйлеуге , әділеттілікке, өтірік айтпауға , бір - бірін сыйлауға, ойын ашық айта біліуге, жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту, оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын кеңейту;
Сабақтың көрнекілігі:Суреттер, жұмбақтар,үлестірмелі карточка,
Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс:Әдебиет,Дүниетану
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру бөлімі.
-
Сәлеметсіздер ме, балалар?
-
Сәлеметсіз бе!
-
Үй тапсырмасын тексеру.
-
Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді?
-
95 бетте 5- жаттығу. Ереже жаттау.
-
Бәріміз үй тапсырмасын орындап келдік пе?
-
Иә.
-
Кім оқиды ? (Бес- алты оқушыдан сұрайсын)
-
Өткен сабақты қайталау.
«Ыстық орындық »әдісі
-
Оқушылар, біз алдынғы сабақта қандай тақырыпты өттік ?
-
Жалаң және жайылма сөйлем
-
Ендеше, балалар, жалаң дегеніміз не?
-
Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем деп атаймыз. Мысалы:Қыс басталды.
-
Жарайсың, отыра ғой. Оқушылар,жайылма сөйлем дегеніміз не?
-
Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз. Мысалы: Қыста қар қалың жауды.
-
Өте жақсы. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелеріне қандай мүшелер жатады?
-
Бастауыштан пен баяндауыш.
-
Жарайсың, отыра ғой. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелеріне қандай мүшелер жатады?
-
Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш
-
Жрайсыңдар, балалар, жалаң және жайылма сөйлемдерді пысықтап алдық.
-
Жаңа сабақ.
-
Ал, енді оқушылар бүгін біз жаңа тақырып өтеміз. Мына ребусті шеше отырып қандай тақырып өтетінізді табайық.

-
Қаратпа сөз.
-
Жарайсыңдар, Қаратпа сөз дегеніміз біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер. Ол сөйлемнің басында, ортасында, аяғында келеді. Қаратпа сөз үтір арқылы ажыратылады. Мысалы:

-
Жаңа сабақты бекіту.
-
Оқушылар, олай болса 96 беттегі, 1 жаттығуды ауызша орындайық.Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді салыстырып оқып, мазмұнына, тыныс белгілеріне назар аударайық.

-
Оқушылар, енді 2 жаттығуды орындайық. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқып, қаратпа сөздерді табайық және қаратпа сөзі бар сөйлемдер айтылу мақсатына қарай сөйлемнің қай түрлеріне жатады?

Ал, енді енді оқушылар 5 жаттығуға қарайық.

-
Суретке қарап, әрқайсысының мазмұнына лайық сөйлемдерді төмендегі мәтіннен таңдап алайықта, қарамен жазылған сөйлемді қаратпа сөзі бар сөйлемге айналдырып жаз.

Қарға ірімшік тауып алды. Ол ағашға қонды. Осы кезде түлкі келді. Ол қарғаны мақтай жөнелді. Қарға қарк етті. Ірімшік жерге түсті. Түлкі ірімшікті жеп қойды.
Сергіту сәті:
-
Балалар, шаршадық па?
-
Ия
-
Олай болса бір серігіп алайық
-
«Еден төбе»әдісі
Оқушыларға сұқ саусағымен бірсе төбені, біресе еденді,біресе мұрынды көрсетемін,және «төбе»,»еден»,»мұрын»деп айтып тұрамын.Кейде айтқан сөзім мен қимылымды керісінше жасап,
қатысушыларды жаңылыстыруға тырысамын.Кім қателессе ,орнына отырады.Соңында қалған үш адам жеңімпаз болады.
-
Жаңа сабақты қорыту
-
Оқушылар, біз бүгін сабақта қаратпа сөз туралы өттік, мына ‘‘алма ағашы’’ ойынын ойнап қаншалықты меңгергенімізді қарайық. Мен сендерге алма беремін алманың артында қаратпа сөзге байланысты сұрақтар тест түрінде берілген соны дұрыс жауабын таңдап мына алма ағашына жабыстырайық келістік пе?
Сөйлемдерден қаратпа сөздің тыныс белгісі дұрыс қойылғанын анықтаңыз.
A) Алмас, екеуіміз баққа барайық.
B) Алмас екеуіміз баққа барайық.
C) Алмас екеуіміз, баққа барайық.
D) Алмас екеуіміз баққа, барайық.
E) Алмас екеуіміз! баққа барайық.
Дұрыс жауап: А
Сөйлемдегі қаратпа сөзді анықтаңыз.
Арман, сен ауылға барасың ба?
А) Сен.
В) Арман.
С) Барасың ба.
D) Ауылға.
Е) Сен барасың ба.
Дұрыс жауап: В
Қаратпа сөздің анықтамасын көрсетіңіз.
А) Аяқталмаған ойды білдіреді.
В) Заттың атын білдіреді.
С) Біреудің назарын өзіне қарату мақсатында айтылатын сөздер.
D) Айтушының көңіл-күйін, әртүрлі эмоциясын білдіретін сөздер.
Е) Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының түрлі көзқарасын білдіретін сөздер.
Дұрыс жауап: С
Сөйлемдегі қаратпа сөзді анықтаңыз.
Жарас, сен ауылда демаласың ба?
А) Жарас.
В) Сен.
С) Демаласың.
D) Ба.
Е) Ауылда.
Дұрыс жауап: А
Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді сөйлемді анықтаңыз.
А) Балам-ай теледидардың алдында ұйықтап қалыпсың ғой.
В) Балам-ай, теледидардың алдында ұйықтап қалыпсың ғой.
С) Балам-ай, теледидардың алдында, ұйықтап қалыпсың ғой.
D) Балам-ай теледидардың алдында ұйықтап, қалыпсың ғой.
Е) Балам-ай теледидардың, алдында ұйықтап қалыпсың ғой.
Дұрыс жауап: В
Сөйлемдегі қаратпа сөзді анықтаңыз.
Апа, қазір кино басталады, теледидарды қосайыншы.
А) Қазір.
В) Басталады.
С) Теледидарды.
D) Қосайыншы.
Е) Апа.
Дұрыс жауап: Е
Сөйлемдегі қаратпа сөзді анықтаңыз.
Балалар, музыканың дауысын жай қойыңдар.
А) Музыканың.
В) Дауысын.
С) Қойыңдар.
D) Балалар.
Е) Жай.
Дұрыс жауап: D
Қаратпа сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.
А) Алмас, екеуіміз баққа барайық.
В) Ауылдың табиғаты қандай тамаша!
С) Сен өзенге барасың ба?
D) Бүгін тауға шығамыз ба?
Е) Орманға жидек теруге барамыз.
Дұрыс жауап: А
Қаратпа сөз бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Балалар музыка тыңдап отыр.
B) Балалар, музыканың дауысын жай қойыңдар.
C) Балалардың ойнаған музыкасы тамаша.
D) Балалар музыка тыңдауды жақсы көреді.
E) Балаларды музыкамен тәрбиелеу керек.
Дұрыс жауап: В
Қаратпа сөздің сөйлемдегі орнын анықтаңыз.
A) Сөйлемнің тек басында тұрады.
B) Сөйлемнің тек соңында тұрады.
C) Сөйлемнің басында, ортасында және соңында тұрады.
D) Сөйлемнің тек ортасында тұрады.
E) Жеке сөйлем болып тұрады.
Дұрыс жауап: С
Сөйлемнің ортасындағы қаратпа сөзді анықтаңыз.
A) Біріншіден теледидар балалар денсаулығына зиян келтіреді.
B) Балалар үлкендерді сыйлаңдар.
C) Келіңдер қыздар көмектесіңдер.
D) Асқар қалаға қашан келдің?
E) Балалар ертең театрға барамыз.
Дұрыс жауап: С
Сөйлемнің соңындағы қаратпа сөзді анықтаңыз.
A) Сен теледидарды көп қарайсың ба?
B) Бауырларым келдіңдер ме?!
C) Көріскенше қош болыңдар, бауырлар.
D) Қай жылы ата тудыңыз?
E) Ертең балалар театрға барамыз.
Дұрыс жауап: С
Біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздерді көрсетіңіз.
A) Одағай сөздер.
B) Жалпылауыш сөз.
C) Қыстырма сөздер.
D) Айтқындауыш.
E) Қаратпа сөздер.
Дұрыс жауап: E
Қаратпа сөз бар сөйлемде қойылатын тыныс белгісін анықтаңыз.
A) Нүкте.
B) Сұрау белгісі.
C) Сызықша.
D) Үтір.
E) Тырнақша.
Дұрыс жауап: D

-
Өте жақсы, олай болса, балалар, үйге 6-жаттығу. Диалог түрінде оқисыңдар. Қаратпа сөзі бар сөйлем айтылу мақсатына қарай қандай сөйлем? Екінші сөйлемді қаратпа сөзі бар сөйлемге айналдыр және Сұраққа жауап беріп жазбаша орындап келеміз.
ҮІІ.Кері байланыс


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген