жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ашық сабақ «Қарттар - асыл қазынам».
ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ «БОЛАШАҚ» КОЛЛЕДЖІ
«Келісілді» «Бекітілді»
Директордың ғылыми әдістемелік Директордың оқу әдістемелік
жұмысы жөніндегі орынбасары жұмысы жөніндегі орынбасары
Ж. К. Сүйеуова С.М. Жанбырбаев
Ашық сабақ

Тақырыбы: «Қарттар - асыл қазынам».
Оқытушы: Джакабаева Дина Давлетияровна
Әлеуметтік медицина кафедра отырсында қаралды
Хаттама № « » 2021ж
Кафедра меңгерушісі Қоңырбаева К.Т.
Ақтөбе 2021ж
Сабақтың тақырыбы: «Қарттар асыл қазынам».
Сабақтың мақсаты: Қарттар үйіне бару себепті, медбикелердің терапиядағы егде жастарға қамқорлықты үйрету;
Сабақтың көрнекілігі: Презентация, видео-роликтер, бақылау сұрақтары, компьютер және электрондық жүйелер.
Білімділік: Сабактын мазмұнын ашу, білім алушыларға тақырыпты толық түсіндіре отырып, жаңа түсінік қалыптастыру;
Дамытушылық: білім алушыларды жылдам ойлауға, кез - келген кедергіден өтіп пікірін еркін білдіре білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Студенттерді үлкенді сыйлауға, құрмет көрсетуге, дөрекі сөздер айтпауға тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбиесі;
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, кітапты, лекция материалдарын пайдалану, салыстыру, жүйелеу.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Студенттермен қариялармен танысу.
Ә) Қажеттілігіне сәйкес қарияларға қамқорлық көрсету.
Б) Студенттердің назарын қариялардың маңыздылығын түсіндіру..
Жаңа сабақ
Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме.
Қай жерде де ата-анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар.
Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек.
Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол-үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.
Мейіргер ісінің гериатрия пәніне сәйкес, барлық қарт адамдардың организмінде көптеген биологиялық өзгерістер болады. Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.
Егде және қарт жастағы адамдарға тән түрлі аурулар және шұғыл жағдайлардын клиникалық көріну ерекшелігінің байқалуы 40-50 жастан басталады. Бұл өзгерістерді мынадай топтарға біріктіруге болады:
-
Инволюциялық (кері дамуға байланысты) әртүрлі мүшелер мен жүйелерде байқалатын функциональді және морфологиялық өзгерістер. Мысалы, жасы ұлғайған сайын өкпенің тіршілік сыйымдылығының көрсеткіші, бронх өткізгіштігі, бүйректегі шумақтар сүзгіштігінің көлемі төмендейді, май тіндерінің салмағы ұлғайып, бұлшық ет салмағы азаяды (көк етті қосқанда).
-
Егде және қарт жастағы науқастың бойында тексеру кезінде аурудың кем дегенде бес түрі анықталады. Осыған байланысты аурудың клиникалық көрінісі «майланады», әр түрлі симптомдардың диагностикалық бағасы төмендейді. Бір жағынан қосымша аурулар бір-бірін күшейтеді. Мысалы, жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) бар науқастағы анемия жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық көрінісін тудырады.
-
Көбінесе аурулар созылмалы ағымда болады.
-
Аурудың клиникалық ағымы әдеттегідей болмайды. Көбінесе аурудың неғұрлым баяу және жасырынды бүркемелі ағымы анықталады.
-
«Кәрілік» аурулардың болуы (остеопороз, қуық үсті безінің қатерсіз ісігі, Альцгеймер ауруы және т.б.).
-
Қорғаныс реакцияларының, бірінші кезекте иммунды реакцияның өзгеруі.
Науқастың күтімі - бұл жан-жақты қызмет көрсету, науқастың сауығуына жасалатын жағдайлар, көмек көрсету түрлері және дәрігерлердің нұсқауларын орындау. Көптеген науқасқа көрсетілетін көмек түрлері, ережелері бұрынғы заманнан белгілі. Ертеде дәрігерлер науқас алдында әлсіз болған кезде науқасты күтім жасап, қамқорлап емдеген. Сондықтан күтімнің әсері өте зор деп есептеледі. Медицина мекемелеріндегі күтім медицина қызметкерлерінің міндеттеріне жатады. Күтім тек қана білімді емес, біліктілікті де талап етеді. Ең маңыздысы науқасқа ауруын есіне салмай, мүмкіндігінше ұмыттыру, жағымсыз әсерден сақтандыру.
Ем алудың барлық кезеңінде де жағымды тұрмыстық және психологиялық жағдайлар тудыру қажет. Науқас психологиясын жете білсеңіз оған көрсетілетін күтім әсері де ықпалды болады.
Күтім: жалпы және негізгі болып екі түрге бөлінеді. Жалпы күтім дегеніміз - бөлімшенің гигиеналық қалпы, науқастың жеке гигиенасы, тамақтануы және дәрігер нұсқауларын дер кезінде және толық орындау болып табылады. Негізгі күтім дегеніміз дәрігер берген нұсқауларды қатаң түрде орындау (егер сырқат төсектен тұрмаса, көмекті сол жерде көрсету). Егер науқастың хәлі аса ауыр болса, әсіресе оның ішкі құрылысы мен ағзаларының қызметтері бұзылса немесе төмендесе, онда оны арнауйы палатаға (қарқынды емдеу) орналастыру керек. Науқастың бөлмесі таза, желдетілген, жарық және басқалардан оқшауланған болуы тиіс. Бөлме күніне 2 рет жинастырылады. Бөлменгің температурасы 18-20°С, ылғалдылығы - 60 % болуы шарт. Күн шуағы молырақ түссе, науқастың көтеріңкі көңіл күйіне оның әсері мол. Ең маңыздысы - жеке бас тазалығын сақтау тәртібін қатаң орындау. Аптасына бір рет дәрігердің рұқсаты бойынша науқасты шомылдыру. Қолдарын, бетін әрбір тамақтандыру алдында жуу. Шашын жылы сумен сабандап жуу, тырнақтарын алу. Күніне 2 рет тістерін тазалаулары қажет. Ауыр хәлдегі науқастардың ауыз қуысын 0,5 % гидрокарбонат натрийіне (ас содасына) батырылған мақтамен сүрту.
Науқасты төсегіне барынша ыңғайлы да жайлы етіп жатқызу керек. Науқас бірқалыпты ұзақ жатқан жағдайда оның тері күтімі маңызды. Өйткені, ауыр науқастанған адамдардың арықтап жүдеулеріне байланысты, бұлшық еттері азайып, терілері сүйектеріне жақындайды, сөйтіп сүйек батқандықтан ойылады, яғни саржамбас болады. Терінің ерте зақымданатын жерлері науқастың жамбасы, жауырыны, ұршық сүйектерінің басы, шынтағы және өкшесі. Әрбір 2 сағат сайын науқасты бірнеше минут қырынан жатқызып отыру керек. Науқастың төсегінде, іш киімінде денесінде бататын қыртыс болмауы тиіс. Ол үшін күніне оның төсегін 2-3 рет қағып, қайта салған дұрыс. Медбике науқас терісінің тазалығы мен терінің түрі өзгеріп, жараның алғашқы белгілері білінсе, онда сол араны салқын сумен сабындап жуып, құрғатады, содан кейін спиртпен сүртеді. Жамбас сүйегінің астына дөңгелек резеңке, өкшеге және шынтақ астына мақтаны дәкеге орап дөңгелек жастықша етіп қою керек. Егер теріде жараның алғашқы белгілері біліне бастаса, яғни тері қызара бастаса, онда сол қызарған тұсты күніне 1-2 рет 5-10% перманганат калийерітіндісімен немесе 10% камфора спиртімен сүрту керек. Ауруханада жатқан науқас адамдардың төсек орындары мен іш киімдерін жетісіне 1 рет ауыстырып тұрады.
Егер науқас адам төсегінен тұра алмайтын болса, мына әдістермен ауыстырылады.
-
Әуелі жастыкты алады.
-
Содан кейін наукасты бір қырымен, бетін керуеттің шетіне қаратып жатқызады.
-
Науқастың артқы жағындағы босаған ақ жайманы жіңішкелеу етіп орап алып тастайды да, оның орнына таза жайманы осы әдіспен салады.
Хәлдері ауыр науқастардың көйлектерін шешіндіріп, киіндіру оңай емес, сондықтан көйлектің алды ашық болғаны жөн. Сонда ауру адамдарды киіндіру де, шешіндіру де жеңілдейді. Алды ашық көйлекті шешу әдісі: әуелі науқастың екі иығынан көйлекті төмен ысырып түсіреді де жеңінен бір қолын шығарады, содан кейін артқы жағын босатып екінші қолын шығарады.
Ауыр хәлдегі науқастарды тамақтандыру.
Палатаны таза ауамен желдетіңіз, содан кейін науқасты тамақтандыруға әзірлеңіз. Тамақтануға ыңғайлы етіп отырғызуға көмектесіп, қолын жуады. Тамақты палатаға жылы күйінде әкеліп, керуеттің жанындағы столға қояды, сырқатты тамақтандырған кезде аз мөлшерден әлсін-әлсін қасықтап асықпай береді. Хәлі ауыр сырқатты бірнеше кезекте тамақтандырады. Науқастың дене қызуын күніне 2 рет, яғни азанда сағат 6-8, кешкісін сағат 16-18 де (5-10 минут) өлшейді. Дене қызуын өлшер алдында термометрді қояды. Термометрді қойғанда оның сынап тұрған жіңішке жағы науқастың қолтығына толық еніп, қысып тұруы керек. Дені сау адам денесінің қызуы 37 °С-ден аспауы тиіс. Медбике жағдайы ауыр науқасты күткен кезде науқастың жанында жиі болып, оның хәлін байқап, тексеріп отырады. Сонымен қатар науқастың тамыр соғысын тексеріп, оның соғу жиілігін, күшін, артериялық қан қысымын өлшейді және тыныс алуын тексереді.
Қорытынды
Есте болуы тиіс! Ауыр хәлде жатқан науқас адамға оған жақсы қарап, жақсы күтсе, сырқаттың ауруы асқынбай өз мерзімінде жазылары сөзсіз. Психикалық науқастарды жүйкесіне қатты әсер бермей сөйлетіп, жақсы қарым-қатынас таба біліп, шыдамды бола білу керек.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Түрлі аурулар және шұғыл жағдайлардын клиникалық көрінуінің ерекшеліктері.
2. Қарттық дімкәстік және оны жеңілдету тәсілдері (өзіне өзі күтім көрсетудің бұзылуы, әлеуметтік онашалану, ЖИА, семіздік, қант диабеті, артериалды гипертензия, ұйқының, тәбеттің, көз көрудің, естудің бұзылуы).
3. Түрлі дімкәстік пен аурулар кезінде гериатриялық пациенттерге күтім жасау және ұйымдастыру (тамақтандыру, жуындыру, киімін кигізу, бос уақытты ұйымдастыру).
4. Емдік емшараларды орындау, гериатриялық пациенттерді өзіне өзі күтім жасауды үйрету.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген