400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Қарым-қатынас әліппесі 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:Чехов орта мектебі Мерзімі:

Мұғалім:Шаханова Гульжан Балтабековна

Сынып: 1 Оқушылар саны: 5

Тақырып: Қарым-қатынас әліппесі Сабақ №19

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: бәрін жақсы көру, ақкөңілділік, татулық


Сабақ мақсаты: оқушыларға қарым-қатынас әліппесі туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.


Міндеттері:

  1. Оқушыларға қарым-қатынас ұғымын түсіндіре отырып, бәрін жақсы көру қасиетінің мәнін ашу;

  2. Оқушыларды қарым-қатынастағы әдептілікке үйрете отырып,бәрін жақсы көру, ақкөңілділік қасиеттерін дамыту;

  3. Оқушыларды бәрін жақсы көруге, ақкөңілділікке, татулыққа тәрбиелеу;


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)


Оқулық, дәптер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті

Мұхит аралығына саяхат.

Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз.

Бүгін су астына саяхат жасаймыз. Көз алдыңызға мұхит жағасын елестетіңіз. Толқынның бір-бірімен алысқан шолпылына, шағаланың даусына құлақ түріңіз. Жалаң аяғыңыздың астындағы құмды сезініңіз. Мұхиттың ортасында қара нүктеге сіздің көзіңіз түсті. Ол нүктенің жақындап келгенде кит екенін білдіңіз. Ол сізді мұхит астына саяхат жасауға алып кетуге келді. Ақырын киттің арқасына отырып, мұхиттың астына саяхатқа кеттіңіз. Киттің арқасында отырып, өзіңізді жайлы және қауіпсіздікте сезіну, су түбіне саяхат жасау қандай тамаша! Айналаңызға назар аударыңыз: кемпірқосақ секілді бір-бірінен өткен әдемі, түрлі түсті балықтар көздің жауын алады. Мұхиттың түбіне терең жүзе отырып, айналаңыз қалай өзгергенін байқайсыз, әдемі су өсімдіктері су түбінде қалқиды. Қараңыз, қандай үлкен балықтар, ал енді келесі жаққа қараңыз, қандай үлкен сегізаяқ, ол сізге күлімсіреп қарайды, жүзі жылы. Су астында қандай қызықты әлем! Сездіңіз бе, мында қандай тыныштық?! Өзіңізді толық тыныштықта сезініңіз.

Ал қазір жоғарыға өзіміздің әлемге кетуге дайындалыңыз. Айналаңызды есте сақтардай тағы қарап шығыңыз. Айналаңыздағы су асты әдемі және бойыңыздағы тыныштықты сезініңіз. Бұл тыныштық сізге таза ауадай әсер етеді. Кит сізді келген жолыңызбен су бетіне шығарады. Киттен түсіп, сізге жақсы саяхат жасатқаны үшін оны сипап алғысыңызды айтып, ол алыстап кеткенше көзбен шығарып саласыз. Өзіңіз сыныпқа қайтып оралып, орындығыңызға отырасыз. Су түбінен алып келген тыныштықты жүрегіңізде, бойыңызда сақтап, көзімізді ашамыз.

- Тыныштық сәтінен алған әсерлеріңіз қандай?


5Т: Тәртіп;

Талап;

Тыныштық;

Тазалық;

Татулық

2.Үй тапсырмасын тексеру

№18. Жақсы көретін бір затыңның суретін салу

Сабақ барысын талдау:

3. Дәйексөз

Жақсылықтан жақсылық туады.

Мақал


3.1. Дәйексөзді оқыту: дауыстап оқу, хормен оқу

3.2.Дәйексөзді дәптерге жазғызу

3.3. Дәйексөздің мәнін ашу

- Дәйексөз не туралы?


4.Оқиғаларды әңгімелеу. Әңгімелеу


Мейірімнің күші

Нұрхат Шакузадаұлы


Көшеде кішкентай баланың күлкісіне бір адам мейірлене қарады. Сол сәтте досының балалы болғаны есіне түсіп, оның үйіне барады. Бұған қуанған досы туысын туған күнімен құттықтап, ақша салып жіберді. Ақшасын алған досы поштадан шыға берісте қайыр тілеп отырған адамды көреді. Оған ақшасының біразін тастап кетеді. Күні бойы нәр татпаған адам асығып дүкенге бара жатады. Жолда бір иттін аяғын басып, жарақаттап алады. Оған жаны ашып, өзімен бірге ала кетеді.

Түнге қарай көрші пәтерде өрт шығады. Оны ең бірінші болып сезген ит болады. Артынша иттің иесі оянып, қалған жұртты оятады. Осылайша адамдар бақытсыздықтан құтылады.

Бақытсыздықтан құтқарған – адамдардың бір-біріне төккен мейірімі мен оны сезіне білген жүректері еді.

Сұрақтар:

- Әңгіме не туралы?

- Бұл әңгімеде қандай қасиеттерді кездестіруге болады?

- Сендердің өмірлеріңде мұндай оқиғалар кездесті ме?


5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. (жағдаятты шешу, сахналық қойылым)

5.1. Сыныпты жұпқа бөлу.

5.2. Тапсырманы түсіндіру.

1-жұп. Айгүл мен Айнаш сыныптас. Оларға топтық жұмыс тапсырылды. Олардың жұмыстары ойдағыдай, жақсы шықты. Топтың атынан біреу сөйлеу керек болған. Олардың арасында кім сөйлеуі керектігі жөнінде келіспеушілік пайда болды.

2-жұп. Сыныпта топпен жұмыс кезінде топтың жауабын Арман топтың атынан емес, өз атынан айтты. Арманға оқушылар бұл жұмыс парағын бұзғандық екенін ескерткені сол еді, ол ескертуді күнә тағу деп қабылдап, ренжіп қалды.

5.3. Тапсырманы оқушылардың талқылау.

5.4. Тапсырманы мұғалімнің қорытындылауы.









6. Топпен ән айту. Кімді сыйлаймын?

Сөзі: Серік Тұрғынбеков

Әні: Әсет Бейсеуов

Ағарған сақалы,

Сыйлаймын атамды.

Көңіл ешқашан,

Болмасын қапалы.

Қайырмасы: Осындай жандарға,

Асықсам таңданба.

Сыйластық болмаса,

Өмірде мән бар ма?!

Ардақты саналы,

Сыйлаймын ананы.

Мейірім шашады,

Меруерт жанары.

Қайырмасы.





7. Үй тапсырмасы

№19 37 бет. Жұмыс дәптерінен «Әдепті баланың қасиетін тізіп жазу»

№20 «Ақылды соқыр» әңгімесін оқу




8. Сабақтың соңы (музыка қойылады)

Жүректен жүрекке

Ал енді, біз алдымыздағы жүрекшелерге өзіміздің бір-бірімізге деген жақсы тілектерімізді жазып, сандықшамызды толықтырайық.

Балалар, бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарың үшін рахмет!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 желтоқсан
1204
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі